+2 дауыс
791 көрілді
Ұялы телефон яғни сымсыз телефондардың адам дауысын дыбыс толқындары арқылы жеткізуін қалай түсінуге болады? Яғни адам сөйлескенде ол дауысты қарапайым телефон дыбыс толқындарын бір қаладан бір қалаға, немесе бір мемлекеттен екінші мемлекетке санаулы секундтарда жылдам жеткізуінің қандай сыры бар. Үй телефондары айтпаса да түсінікті сымдар арқылы сенің дауысың тебеліс арқылы жеткізіледі. Ал сымсыз телефондардың сыры неде? Кім түсіндіріп бере алады. Нақты қазақша ақпарат берген адамға ЖЖ басамын.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мысалы сіз сымсыз телефоныңызбен бір номерді теріп немесе сізге басқа бір абонент қоңырау шалса онда сіздің аппаратыңыз радиоарна бойынша жақын арадағы базалық станцияның (БС) антеннасының бірімен байланыса бастайды. Мысалы, Алмас Маратқа қоңырау шалды делік, Алмастың операторы "Актив", Мараттікі "Билайн" болсын, сигнал алдымен  Алмастың телефонынан жақын арадағы "Актив" операторының БС-на барады, содан кейін ол жақын арадағы "Билайнның" БС-н іздеп тауып алады. әРБІР базалық станцияның 1-ден 12-ге дейінгі таратып - қабылдайтын антенналары бар. Ол антенналар барлық бағыттағы абоненттердің байланысып тұруы қамтамасыз етілу үшін әртүрлі жаққа бағытталған.Кәсіби жаргонда оларды "сектор" деп те атайды. Сіз де ғимараттардың үстінде мынандай сұр түсті блоктарды көрген боларсыз.

Ұялы байланыс жүйесі ұяшықтардың жиынтығы түрінде  құрылады, олар қызмет көрсетілетін аймақты , мысалы қала аумағын қаланың шет аумақтарымен бірге жауып тұрады. Ұяшықтар әдетте сұлбасы тең бұрышты дұрыс алтыбұрыштан тұрады, олар былай қарағанда араның ұясына ұқсайды.  

Әрбір ұяшықтың ортасында барлық радиотелефондық аппараттарға өз ұяшығы шегінде қызмет көрсететін базалық станция орналасқан.Егер абонент бір ұяшықтан басқа бір ұяшыққа орын ауыстырса абонентке БС-лардың қызмет көрсетуі біреуінен басқа бір БС-ға ауысады.

Шын мәнінде БС мына суреттегіндей тіп-тік алты бұрышты болмауы мүмкін, олар  жергілікті жердің релеьефіне (тау, қыраттылығына) , ғимараттардың орналасуына, өсімдіктердің өсуіне байланысты қисық бұрышты болуы мүмкін. Сондай-ақ ұяшықтардың қызмет көрсету шекаралары дәл болмайды, себебі радиотелефондық аппараттардың бір орыннан басқа жерге қозғалғандағы қызмет көрсетуі радиотолқындардың таралуы мен абоненттің қозғалу бағытына да байланысты.Барлық ұялы байланыс желілері белгілібір стандарт бойынша жұмыс істейді. Қазіргі  актив, билайн, теле2-міз бұлар ең кең таралған GSM стандарты. Бұл стандарттан басқа CDMA (Code Division Multiple Access), D-AMPS (Digital Advanced Mobile Phone Service), NMT-450i (Nordic Mobile Telephone) cтандарттары бар.

 

Madi саған рахмет!
Көптен көкейімде жүрген сұрақ еді.
Белгісіз
Оқасы жоқ. Өзім осы мамандықты бітіргеннен кейін жауап бергім келді. :)
...