Ұнатар ем баураса қылығымен,
Мен де сүйем ол сүйсе шыныменен.
Шынайы махаббат пен сезiм мүлдем,
Өлшенбейдi нарықтың құныменен.
Тәрбиелi,анадан әдеп көрген,
Үлкен,кiшi барлығын құрметтеген.
Көп тыңдап,аз сөйлеген жарасады,
Ең қымбаты-пәктiгi қыз бiткеннiң.
Ұзын етiп өсiрген бұрымдарын,
Көп жақпайтын химия жұғындарын,
Ұнатпайтын iшiмдiк,шылым дәмiн.
Ұнатамын қазақтың сұлуларын.
Адал жүрiп, ойлайтын ақыретiн,
Үлкендердiң сөзiне бас иетiн.
Ерiн жерге қаратпай сыйлай бiлсе,
Сол - әйелдiң ең күштi қасиетi.