Мадридтің «Реалы» «Галактикос» атанған кезде құрамында екі бірдей әлемдік дәрежедегі шебер бірге ойнады. Роберто Карлос пен Дэвид Бэкхем. Оң аяққа ыңғайлы нүкте ағылшындікі, сол аяққа келсе бразилиялықтікі. Карлос көбіне қашықтық таңдап бас қатырып жатпайтын, оның соққысын қақпашыға тура барған күнде де тосу қиын. Осы екі мықты бар кезде стандарттар үнемі «корольдік» клубтың қаһарлы қаруы саналатын. Бүгінде Роналду бар, Бэйл бар, Алонсо мен Модричте допты қақпаға түзу бағыттай алады. Бірақ, нәтижелері салыстыруға келмейді.
http://aladop.kz/?p=17517