Желтоқсан айы көңiлiмiзге мұң салған,
Тарих бетiнде сен жайлы суық жыр қалған.
Қазақтарымды аямай атып өлтiрген,
Қатал билiктiң қылышында қанды iз қалған.
Жаңылма жағым жарасын iзде елiмнiң.
Жаңылма жұртым жазатын соны ем iзде.
Бiр Алла дем бер, адалдығымнан айырма,
Құлшынысымды көтершi қатал өмiрге!
Қайсарлығымен жасытатұғұн бөрiнi,
Түсiңкi неге бауырларымның көңiлi,
Қателiк жасап, қырып тастаған қазақты.
Күнәға толы Назарбаевтың өмiрi.
Жауап бер сұлтан, жазықсыз жанның жаны үшiн.
Жауап бер сұлтан, қарындасымның қаны үшiн.
Үмiтiн елдiң, бейнесiн болашағымның,
Бұлыңғыр етiп басқаға бұрдың бағытын.
Ұлы қазақпын, үш жүзiм рух тiрегiм,
Бауырларымның кiнәсi жоғын бiлемiн.
Жауап бер сұлтан, досымнан неге айырдың,
Әдiл еместi қабылдамайды жүрегiм.
Оқ аттың елге береке қашқан тақ үшiн,
Белгiлi бiзге саясатың мен бағытың.
Жауап бер сұлтан сен үшiн жесiр атанып,
Әпкелерiмнiң ашылмай кеткен бағы үшiн.
Таңдамай аттың қыз, бала, жас пен қарiсiн.
Адал едi ғой бауырларымның ары шын,
Жауап бер сұлтан, ақ жаулық таққан ананың,
Көкiрегiндегi өксiкке толы зары үшiн.
Жымқырдыңдағы халықтың адал табысын,
Бұзақылар деп таптадың елдiң намысын.
Жауап бер сұлтан,жауап беруге тиiссiң,
Жас сәбилердiң бақытсыз атқан таңы үшiн.
Жауап бер сұлтан халықтың көрген мұңы үшін,
Жауап бер сұлтан қырылған халық құны үшін.
Жауап бер сұлтан бұрмалап, бүгіп жасырған,
Жазылмай қалған тарихтың кейбір сыры үшін.
Ыстығыменен ызғарына шыдап даланың,
Жетi ай тұрды ғой қақ ортасында қаланың.
Әдiлдiк iздеп өлгенi өлiп, кеттi ғой,
Тiрi қалғаны ауырын артып жазаның.
Таппады халық заңсыздықтардың амалын,
Тазы боп шалды түлкi болған соң заманым.
Қылмыс деп бiлме қажығандықтан жол таппай,
Заңсыздықтарға заңсыз қайтарған жауабын.
Қолдар ем мен де саясатыңды жүрекпен,
Бас тiккен болсаң қазақтарымның қамы үшiн.
Қайтемiн бiрақ сасыған саясатыңды,
Қазағымды аттың жеке басыңның бағы үшiн.
Жанын аларсың жасыта алмассың қазақты,
Намысын, арын биік қоятын жанынан,
Нұры ұшып жүздің, жүректе мәңгі сыз қалды,
Маңғыстауымның желтоқсанда атқан таңынан.
Сөйлемей қалай, ұмтылмай қалай тұрамын,
Қырылып жатса киелі жердің қыраны.
Бас алғыш болсаң ала бер енді басымды,
Мен Адай бала Жаңаөзеннің ұланы...
Медетбек АБДУЛЛАЕВ