0 дауыс
1.6k көрілді

1 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Бір аңыз бар тұғын Шаханов ағамыз айтқан. Бір хан өз елін биік деңгейге көтергісі келеді. Ол үшін не істеу керек? Басқару билігін түгелдей ақылды адамдарға берген жөн. Ал ақылды адамдар кімдер? Әрине, мол тәжірибе жинақтаған, орынсыз қызбалықтан ада, ақыл тоқтатқан адамдар, яғни қарттар. Сондай ойға келген соң ол «бүкіл басқару жүйесіне тек қана шалдар алынсын» деген жарлық шығарады. Барлық жерде тек қарттар дәріптеліп, жас қауым мүлде назардан тыс қалады. Бірақ хандық алға жылжудың орнына кері кете бастайды. Беделі құлдыраған хандығының абыройын жеңіс рухы арқылы көтермек болған әлгі хан өз елінен әлденеше есе кіші өлкеге шабуыл жасайды. Бірақ тас-талқан боп жеңіліп, теке сақал уәзірлерімен бірге өзі де тұтқынға түседі. Жеңген өлкенің басшысы ханға: «Бір жұмбақ айтамын, соны шешсең, босатамын, әйтпесе басың алынады. Жұмбағым мынау, қарапайым ғана: «Он екіден үшті алса не қалады?» – дейді. Хан ойланбай, ізденбей: «9 қалады», – деп жауап береді. «Бітті енді мойыныңды қылышқа әзірлей бер!» Сол кезде есік алдында тұрған өрімдей бір жас жігіт: «Ханымызды тірі қалдырсаңыз, осы жұмбақтың шешімін мен айтайын», – дейді. Өлке басшысы келсімін береді. Жігіт былай дейді: «Он екіден үшті алсақ ештеңе қалмайды. Өйткені бір жылда он екі ай бар ғой. Соның үш айы көктем. Егер көктем өз қуатымен дамымаса, көктемеде жеміс ағаштары гүлдемесе, қалған тоғыз айдан үлкен нәтиже күту әбестік. Сондықтан он екіден үшті бөліп алуға мүлде болмайды. Ал алған адам мына біздің ханымыз сияқты сорлайды». Осы кезде хан жігітке көз тоқтата қарап, өзінің атқошсысын тани кетеді. «Е, мен ел басқаруға қабілетті, ақылды, батыл, қайсар жас өскіндерді ат қорада ұстап келген екенмін ғой» деп бас бармағын тістейді.
йә қызық әңгіме екен!
...