"Алгебра" сөзі не мағына береді?

+1 дауыс
10.6k қаралым

"Алебра" ұғымы қандай мағына береді?

• Санаты: Математика | 10.6k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Алгебра (араб.: الجبر‎ әл-джәбр) — математиканың алгебралық теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғасыр) 1-, 2-дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген “Әл-джәбр уә-л-муқабәлә” атты еңбегінен бастау алады. Ал, Омар һайям (1038/1048 — 1123/1124) 3-дәрежелі теңдеулерді зерттеуді жүйелеп, өзінің “Алгебрасын” жазған. Орта ғасырлық Шығыс ғұламалары гректер мен үнділіктер математикасын түрлендіріп, қайта өңдеп Еуропаға табыс еткен. Амалдарды белгілейтін таңбалар енгізу нәтижесінде Алгебра одан әрі дамыды.

Толығырақ осы жерде.

 

0 дауыс

миды ашыту деген мағынаны білдіреді!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Ахахах))) Тауып жаздың!

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы