+1 дауыс
8.1k көрілді

Жаиз деген не мағына береді?

Сұрақ мынадан туындап тұр!

Сұрақ: Бір ауылда жаназа шыққан үйге кірген әр адам Фатиха оқиды. Әр адамның Фатиха оқып өлген адамға бағыштауы бидғат па?

Жауап: Әдетке қатысты болғандықтан жаиз болады.

 

Сұрақ: Өлген адамның үйіндегілері көңіл айтушыларды қабылдау үшін үш күн бойы міндетті түрде үйде болуы керек пе?

Жауап: Үйде болуы жаиз. Бірақ болмағаны жақсырақ. Ибн Абидинде «Үйінде жаназа шыққан адамның көңіл айтушыларды қабылдау үшін үйінде отыруы мәкрух болады, мазардан шығарда көңіл айту мәкрух емес» делінген.

 

Сұрақ: Көңіл айтып келгендерге дастархан жаю жаиз ба?

Жауап: Үйге келгендерге дастархан жаю әдет болып табылады, сондықтан жаиз.

 

Сұрақ: Көңіл айту үшін ұзақтан келген қонақтарға ас беру жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Өлген адамның үйіне тамақ әкелінеді. Ашып немесе бұзылып кетпеуі үшін көңіл айтып келгендерге беру жаиз ба?

Жауап: Кедейлерге беру сауап болады. Сауабы өлген адамның рухына бағышталады.

 

Сұрақ: Хат арқылы көңіл айтуға болады ма?

Жауап: Иә, болады.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаиз сөзі сөйлемде қолданылған орнына байланысты әр-түрлі мағынаға келеді:

1- Жаиз сөзі – көбінесе рұқсат берілген, күнә емес деген мағыналарға келеді. Бірақ бұл жаиз делінген нәрсені жасамау абзал болады.

2- Жасалуы өте жақсы дегенді білдіреді.

3- Жасалуы тәнзиһан мәкрух дегенді білдіреді.

4- Жасалуы тахриман мәкрух дегенді білдіреді.

5- Жасалуы мубах деген сөз.

6- Жасалуы уәжіп дегенді білдіреді.

7- Жасалуы күнә деген сөз.толығырақ

0 дауыс

Жаиз емес дегеніміз не?

“Жаиз емес” дегеніміз:

1- Мәкрух,

2- Харам,

3- Фасид,

4- Күпір,

5- Сахих емес,

6- Маңызы жоқ,

7- Бидғат деген мағыналарға келеді.

 

Бірнеше мысал келтірейік:

1- «Намаз оқу үшін мешіттің суреті бар жайнамазды жерге төсеу жаиз емес» дегені мәкрух дегенді білдіреді. Жалпылама мәкрух дегенде тахриман мәкрух түсініледі.

2- «Спирттік ішімдіктердің бір тамшысын ішу де жаиз емес» дегені харам дегенді білдіреді.

3- «Жүріп намаз оқу жаиз емес» дегеніміз фасид яғни намаз бұзылады деген сөз.

4- «Аллаһ аспанда деу жаиз емес» дегені күпір болады, яғни бұлай деген адам кәпір болады дегенді білдіреді. «Қалжыңдап болса да мойнына крест тағу жаиз емес» деген де осылай. Яғни крест таққан адам кәпір болады. Сол секілді «мұсылман қыздың кәпір еркекке күйеуге шығуы жаиз емес» дегені күйеуге шықса кәпір болады дегенді білдіреді.

5- «Ғұсыл аларда тіс шұқырларындағы ас қалдықтарының астына су тимесе ғұсыл жаиз болмайды» дегені де ғұсыл сахих болмайды, яғни өтпейді дегенді білдіреді.

6- «Мүжтаһид емес адамдардың аяти кәримадан және хадис шәрифтерден өз түсінігі бойынша амал етуі жаиз емес» дегені де еш маңызы, қадірі жоқ дегенді білдіреді.

7- «Сақалын бір тұтамнан қысқа қылу жаиз емес» дегені бидғат болады деген сөз. Ал бидғат харам болып табылады. Өйткені сүннетті өзгерткен болады.

Ұқсас сұрақтар

...