+3 дауыс
785 көрілді

Жазда ағам осы материалды алып келіп еді, үйдің сыртын қаптаймыз деп. Бірақ әкімшілік рұқсат бермеді. Алюкобонд қауіпті материал, тиым салынған қолдануға деп. Сосын дождик істей салуға тура келді. Алюкобонд неге қауіпті материал ? Қолдануга шынымен тиым салынған ба?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстанда осы үй сыртын алюкобондпен қаптауға расымен тыйым салынған 3-4 жылдан бері қарай. Жанғыш материал болғандықтан алюкобондты төтенше жағдайлар министрлігінің сұрауы бойынша еліміздепайдалануға  түбегейлі қарсылық білдірген. 

Негізінен немістерден тағайындалған осы алюкобонд жанғыш материал боп табылмайды. Алайда көшірме жасайтын Қытай технологиясымен шығатын бұл дүниеден пайда болған өрт оқиғаларының белең алуы себепті қолдануға қатаң салынған.

+1 дауыс

Мемлекеттік қабылдаудан өтетін, мемлекеттік тапсырыспен салынған ғимараттарда алюкобонд тез тұтанғыш зат есебінде өрт қауіпсіздігіне байланысты тиым салынған, ал әкімшіліктің сіздің жеке үйіңізді қандай құрылыс материалымен салуыңызға араласатын еш құқы жоқ. Ол үшін арнайы аудандық немесе қалалық құрылыс-сәулет мекемелері бар.

+2 дауыс

Астанадағы сырты алюкобондпен қапталған Казтранском ғимараты ("Зажигалка") өртенгелі бері алюкобондпен ғимараттарды қаптауға тиым салынды.

...