+1 дауыс

 

Осы жайында естіген едік,енді сол туралы толық ақпарат керек болып тұр.Шикі піспеген малдың еттерін жейтін қай ел, халық?

10.02.2014 1.0k қаралым

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Кенияның оңтүстігінде тұратын африкалық жартылай көшпенді тұрмыс салтын ұстанатын Масаи тайпасында кептіріліп, қақталған етті шикідей пайдаланатын дәстүрлі тағамдары осы уақытқа дейін сақталған. Негізі етті бұлай пайдалану тек қана бұл тайпада ғана емес әлемнің бірқатар елдерінде бар. Мысалы орыс,украин халықтарының "сало"-деген тағамдары пісірілмейді, тек тұзға қақталады. Сол сияқты біздің халқымызда да әбден арнайы ұнға көміліп сүрленіп, тұзға пісіп сары өріктей болған жылқы қазысын ұзақ жорықтарда шикілей пайдаланатын жағдайлар болған, себебі ол тағам ыстықта шыдамды, ұзақ сақталатын, бұзылмайтын болған.

11.02.2014
0 дауыс

Якутия, Заполярье, Исландия, Гренландия сияқты жыл он екі ай қыс болатын аймақтарда тұратындар бұғы, тюлень, балық еттерін мұздатып, қатқан етті ағаш жонғандай жонып жейді. Оны строганина деп атайды. 

11.02.2014
Рахмет!Іздеген сұрағыма жауап ұқсас,дегенімен ірі қара мал,жануардың етін жейтін кедей де жабайы халықтың бірі емес пе ?!-деп отырмын,таппай отырмыз.)
0 дауыс

Мен жас кезімде сабақтан қатты қарным ашып келіп матоваркадағы голубцыды піскен екен деп тез жеп қойғам, сөйтсем пісіруге енді дайындап қойғандары екен ғо))) бір штугын ғана жедім дәмін сезбедім шикі еттің, неге қышырлап шайналмады десем

11.02.2014
Әрине,сіз байқамай жегенсіз ғой онда!Ал,мұндағы сұрағымда арнайы жейтін көрінеді..
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы