+2 дауыс
1.3k көрілді
«Ар­шин мал-алан» деген опера қойылды қаламызда. Кино да бар сияқты ме ді ?! Осындай атауы бар. Мағынасы не бұл мал аланның? Қай елдің операсы?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

«Аршин мал алан» әзірбайжан композиторы Узеир Гаджибековтың ең танымал және соңғы опереттасы. Ол Петербургте жүрген кезінде осы опереттаны жазу ойына келген. Бұл шығарманы ол өзі жазған, тек өлеңін Физули деген ақын жазған. Туынды 1913 жылдары Петербургте жазылған. Оперетта Шуша қаласында өтеді. Әзірбайжан әншісі Рашид Бейбутовтың қызы Рашида «Аршин мал алан»-ның жарыққа шығуын былай суреттейді: 

"...Менің атам Маджид-бей Бейбуталының ғажап дауысы болды, халық әндерін керемет орындайтын және 30- жылдары кәсіби әнші болды. Ал, оған дейін қораптарға салынған жібек маталарды жинауға әкесіне көмектесті. Ол Шуша қаласымен жүріп, тауарды көрсетіп сол жердің жергілікті сәнқойларын: «Аршин мал алан, аршин мал алан…» деп шақыратын. Сол қыдырма саудагердің бейнесі болашақ композитор Узеир Гаджибековтың балалық есіне(кейін осы сюжетті «Аршин мал алан» деген опереттасына қолданатынындай) соншалықты сақталыпты..."

— (Рашиданың АиФ газетіне берген сұхбаты)

+1 дауыс

Атақты әзірбайжан әншісі Полат Бюль-Бюльоглы ойнайтын сондай бір кино бар сияқты еді.

...