+5 дауыс
357 көрілді

Әлі бірде-бір медаль алған жоқпыз,десекте бәрі алда ғой!

Тек айтайын дегенім Алексей Полтаранинде мәрі сызығын 16-шы болып аяқтады,соған ішім күйіп отыр,үміт күткен спортшымыз еді!

9 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Еліміз қысқы спорт түрлерінен әлсіз, мойындауымыз керек. Сонда да, "Үмітсіз шайтан" деген, ақырын күтейік.

+4 дауыс

Өкінішті.Бірақта алда спортшылар сенсация жасап қалар,күтейік.


16. Алексей Полторанин (Қазақстан) +36.1
 
32. Евгений Величко (Қазақстан) +2:50.2
 
49. Сергей Черепанов (Қазақстан) +5:24.3
 
56. Марк Старостин (Қазақстан) +7:21.2
 

+3 дауыс

Кім біледі мәнерлеп сырғанаудан бірдеңе болмаса...

+6 дауыс

Қазақстан былай тұрсын Ресей әлі медаль алған жоқ. Ендігі үміт Денис Тэн. Ол күміс алуы мүмкін. Полтаранин әлі жарысты аяқтаған жоқ, тағы да бақ сынайды 15 км бойынша.

Я Денис алтын тағуыда мүмкін!
+2 дауыс

Ай,қайдам ау үміт жанбай жатып сөнді ғой менде! Тек ДИНЕС ТЕН алтын болмасада қола алып береді деген үмітпен күтіп жүрмін! Бірден айтайын,Қазақстан қысқы ойындардан шорқақтау кішкене шыңдалу керек бізге қысқы ойындардан!

+2 дауыс
Әділ қазылар да дұрыс әділдік етіп жатқан жоқ. Кеше ғана Юлия жерлесіміз тамаша өнер көрсетіп, барлығын мүлтіксіз орындап еді. Уақыты да басқаларына қарағанда әлдеқайда алда тұрды. Соның өзінде қазылар дұрыс қазылық етпей канадалықтар мен америкалықтарды алға сүйреумен болды. Соған ішім күйіп жүр. Бүгін де биатлоннан қыздарымыз үздік үштік маңына жуымады. 4 қызымыз қатысып, келесіге 2 қызымыз зорға-зорға өтті. Бар үмітіміз - Денис Тен. Қазағымыздың үкілеген үмітін абыроймен арқалап елге келсе соған да шүкір дейтін едік.
0 дауыс

Мәнерлеп сырғанаудан бізге нан жоқ. Қытай, Ресей, АҚШ, Германия алады.

+1 дауыс

Жігіттер, қазақтың намысын қазақ қана қорғайды, өздеріңнен тамаша спортшы шықпай көрген күніміз осы. Құр сөзден көрі спортқа бет бұрыңдар.

ыыы,дұрыс айтасыз!!
0 дауыс

Біздің спортшыларға сенейік,үміттендірейік,алға ұмтылайық.Сосын олимпиададан 1-ші орын иеленейік.Жеңіледі деп айта бермеңіздер әйтпесе жеңіліп қалмайық

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
+7 дауыс
9 жауап
...