Әділ қазылар да дұрыс әділдік етіп жатқан жоқ. Кеше ғана Юлия жерлесіміз тамаша өнер көрсетіп, барлығын мүлтіксіз орындап еді. Уақыты да басқаларына қарағанда әлдеқайда алда тұрды. Соның өзінде қазылар дұрыс қазылық етпей канадалықтар мен америкалықтарды алға сүйреумен болды. Соған ішім күйіп жүр. Бүгін де биатлоннан қыздарымыз үздік үштік маңына жуымады. 4 қызымыз қатысып, келесіге 2 қызымыз зорға-зорға өтті. Бар үмітіміз - Денис Тен. Қазағымыздың үкілеген үмітін абыроймен арқалап елге келсе соған да шүкір дейтін едік.