0 дауыс
689 көрілді

Мен бір қызды қатты-қатты ұнатып қалдым (ол үшін даже  үйленуге дейін барам ) ол үшін ең бірінші не істегенім дұрыс нақты толық жауап бере алатын адам болса?

Осындай сұрақтар көбейіп кеткен жоқ па?
m.virus2013-----МАХАББАТ МҰҢЫ АЛІДЕ БІТЕР ЕМЕС)))
Басың қатты айналып қалған сияқты ғой))))
Белгісіз

3 жауап

+1 дауыс

Бірінші әдіс - "Қос көгершін" әдісі. Бұл әдістің принципі қызға барынша жақсы сөздер мен ықыласыңызды танытуға келіп тіреледі. Яғни, реті келген тұста ер-жігіт мақтау айтып, қыздың керемет екендігін есіне салудан тайсалмауы тиіс. Көпшілік жерде бір жүргенде міндетті түрде қасынан табылып, бар құрмет пен қошеметін көрсетуі керек. Осылайша, әрдайым қыздың қасынан табылып, жылы сөздерді аямай, бар еркеліктерін орындау арқылы қыздардың бір тобының көңілінен шығуыңыз мүмкін.

Екінші әдіс - "Қашқын". Көңіліңіз ауған қызға бірнеше күн бойы хабарласып, көңіліңіздің бар екендігін еппен білдіріңіз. Киноға, кафеге, паркке шақырып, барынша көңілін аулауға тырысыңыз. Осылайша, қыздың көңілі бері қарады-ау дегенде 2-3 күн хабарласпай, ұшты-күйлі жоқ болып кету керек. Сізге бауыр басып қалған қыз, әлбетте, жан-жүрегімен сізді іздейтін болады. Күтетін болады. Бірнеше күн өткен соң телефон шалып, халін сұрағаныңызда, ол ару ескі досын кездестіргендей қуанатыны анық.

Үшінші әдіс - "Тасадан келу". Кейде ұнатқан қызыңыз тым тәкаппарлық танытып, сізді елмеуі мүмкін. Бұндай жағдайда осы үшінші әдіске жүгінген дұрыс деп ойлаймыз. Қыздың жақын достарымен жақсы араласып, өзіңізді жақсы жағынан барынша көрсетуге тырысыңыз. Ару сіздің керемет адам екендігіңізге көзі жетіп, білген соң, өзі сізге қадам жасап, ыңғай білдіре бастайды. Тек сол сәтті қал жіберіп ала көрмеңіз. 

Арудың табиғатын зерттей келе, осы әдістердің біріне тоқталып, бағыңызды сынап көруге кеңес береміз.

dias dias dias-----КӨП-КӨП РАХМЕТ  АЛЛАНЫҢ НҰРЫ ЖАУСЫН!!!
0 дауыс

7070 номеріне смс жібер КЫЗ деп сосын саган жауап келед!!! 

0 дауыс
Эх, махаббат, махаббат! Адамдардың көзін байлаған сезім! Сізге айтар ақылым: сол жергілікті жердегі психологтардың көмегіне жүгін. Дұрыс бағыт-бағдар берер. Бірақ, өз жүрегіңізді тыңдаңыз. Сәл ақылыңа ерік беріп ойлан!
...