+2 дауыс
438 көрілді
Осы сериалды көпшілігі айтып жүр ғой, өз басым көрмедім. Жұрттың айтуына қарағанда рейтингі жоғары болып тұр екен, ал сапасы қандай? Сериалсүйер қауым қандай баға береді? Несімен ұнады? Шынымен жоғары рейтингке лайықты туынды ма?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Маған да ұнады осы сериал. Басында басты рөлдегі Биғайша (Белла) мінезі ұнамап еді, тәкаппар, қаланың қызы, кейін мінезі жұмсарады. Белланың үй жинамақ болып ұйықтай беретіні қызық.
+2 дауыс

Көркем қыз! Қазақстандық сериалдардың ішінде ең сәтті шыққаны - "Тракторшының махаббаты". Бірінші рет интернеттен 16 сериясын екі бөліп, бір күліп бір жылап отырып көрдім. Актерлер жақсы ойнайды, сөйлегендері шынайы, жасандылық жоқтың қасы. Ауыл өмірі, ферма тіршілігі, әйелдердің өсек айтқандары, ауылдағы жұмыссыздық - барлығы да шын.

0 дауыс

Мен сериалсүйер қауымнан емеспін, бірақ осындай сериалдар көп болса сериалсүйер қауымнан болуым мүмкін.

+1 дауыс

Басында менде көрейін деп, бірінші сериясын бастап көре бастағанымда, басты рөлде ойнайтын қыздың қылықтары мүлде ұнамады, сол сериясын әрең көріп бітірдім, көпшілігі мақтап жатыр, мүмкін кейін қайтадан көрермін.

Ұқсас сұрақтар

...