+1 дауыс
570 көрілді
Елімізге Ресей, Украйна жұмыртқалары әкелінеді ғой. Жақында қытай жұмыртқасын да әкеледі деп естідім. Қысық көзді көршілердің жұмыртқалары қандай екен?
олар жумыртканы колдан жасуды шыгарыпты деп естиппединдер мен тан калдым жумыртканы колдан калай жасайды екен деп билетиним осы

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
14 наурыз 18:00

Қытайдың жеңсік асы – несепке піскен жұмыртқа

Шығыстағы сығыр көршіміздің ештемені талғамай жұта беретінін бәрі де біледі. Соған қарамастан ханзулардың бұл ұлттық салт-дәстүрі, бізге келіп кетері жоқ деп оларды ақтаушылар да табылады. Дегенмен, базарыңыздағы тауар мен дүкеніңіздегі азық-түліктің басым бөлігін қамтамасыз етіп отырған қытайлар экспорттай бастаған мына жұмыртқаларды жеп отырғанда олар өз ұстанымдарынан бас тартар деп ойлаймыз.

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында жұмыртқаны он жасар ұлдардың несебіне қайнатып пісіреді.

«Несепті жергілікті мектептерден жиып аламыз. Әсіресе жасы онға толмаған ұлдардыкі болса тіпті жақсы. Оқушылар шелекке шаптырады, осылайша біз күн сайын жаңа сиген несептерді жинап аламыз»  депті бас аспазшы Мин Лю.

Mignews-тің жазуына қарағанда жұмыртқа алдымен сол күйінде қайнатылады. Бір қайнаған соң сыртқы қабығы аршылып алынып тағы да 24 сағат пісіріледі. Қытайдың өз ішінде бұл жеңсік асқа сұраныс өте жоғары екен.

Несепке піскен жұмыртқаны экспорттаумен айналысатын мекеменің менеджері соңғы кезде шетелден де сұраныс көп түсе бастағанын айтыпты. Мұндай азық-түлікке тапсырыс берушілер Орта Азиядан да шығып жатыр дейді ол.

ЖҰМЫРТҚА ДА ҚОЛДАН ЖАСАЛАДЫ

«Естімеген елде көп». Қазіргі күні еліміздің нарығында қолдан дайындалған жұмыртқалар  сатылып жатыр-мыс.  Иә, кәдімгі тауықтың жұмыртқасын қолдан жасайтын болыпты. Мұндай әңгіме жиі айтылып жүргендіктен оның анық-қанығын  білу үшін  жақында   біз арнайы зерттеу жүргізіп көрген едік.

 

Жалпы соңғы уақытта базарға барып, азық-түлік сатып  алуға қорқатын болғанымыз жасырын емес. Себебі, гендік модификацияланған тауарлар нарығымызды жаулап барады. Мәселен, күнделікті өмірімізде құрт жемейтін қытайлық жеміс, көкөністерді пайдаланамыз. Тіпті нанымыз да неше түрлі химиялық қоспалармен әзірленеді. Әрине, басқа тағамдар былай тұрсын,  жұмыртқа қолдан жасалады деп ешкім ойламаса керек. Бірақ бәрі мүмкін екен. Кейбір шетелдік сайттардың жазуынша,   қолдан дайындалған жұмыртқаны кәдімгі жұмыртқадан  екі белгісіне қарап ажыратуға болады. Біріншіден, мұндай жұмыртқаның  сырты жылтырлау келеді, екіншіден,  жарылған кезде оның ақуызы мен сарыуызының салмағы бірдей болады, себебі олар бірдей химиялық заттан әзірленген. Осы белгілерге сүйеніп, біз Астанадағы біраз сауда орындарын аралап шықтық. Өзіміз көз жеткізе алмаған соң сатушылардың өздерімен тілдестік.  Ең алдымен «Green» сауда  орнына барып «Сіздерде сондай жұмыртқалар кездесті ме?»,– деп сұрағанымызда: «Жоқ, кездеспеді, мұндай жаңалықты бірінші рет естіп тұрмыз», – деп жауап қайырды. Иә, шындығында да бұл қазақстандықтар үшін қызық жаңалық болған сияқты. Себебі, бұдан кейін де бірнеше сауда орындарына барғанымызда, сатушылар дәл осылай жауап берді. Содан  кейін   санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерге қоңырау шалдық. Алматы қалалық СЭС-тің Тағам гигиенасы мамандары да мұндай оқиғадан хабарсыз екен. «Соңғы 2-3 жыл көлемінде ондай жұмыртқалар туралы ешқандай мәлімет тіркелген жоқ. Кондитерлік тағамдарды қолдан жасауы мүмкін, бірақ жұмыртқа туралы білмедік», – деп жауап қайырды олар. Астананың санэпидемиолог мамандары да қолдан жасалған жұмыртқалардан хабарсыз    болып шықты. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дейді қазақ. Оның үстіне мұндай жұмыртқалардың  көрші Қытайда  шығарылып жатқанын ескерсек, Қазақстанға да әлдеқашан жетуі мүмкін ғой. Біз жасанды жұмыртқалар қандай қоспалардан жасалады, егер алда-жалда расымен де нарығымызға түсіп қалса,  адамдарға зиянын тигізуі мүмкін бе деген мәселені де зерттеп, мамандардың пікірін тыңдап көрдік.  Мәліметке сүйенсек, жасанды жұмыртқа бензой қышқылы, ашудас, гипсті ұнтақ, лимон қышқылы, парафин, іркілдек (желатин), көмірқышқыл калий, бояғыш пигмент сынды заттардың қосындысынан әзірленеді екен. «Әрине, кез келген химиялық зат адамның денсаулығына зиянды. Әсіресе, оларды бөлек қолданғанда. Біле-білсеңіз, судың өзі адамға зиянды. Жүкті әйелдерге төрт айдан кейін көп су ішуге болмайды.  Мәселен, лимон  қышқылы асқазанды ірітіп жібереді. Оны көбіне қазір  қыздарымыз арықтау үшін, спортшыларымыз салмақ тастау үшін қолданады. Бензой қышқылы аллергия тудырады, бөртпе, демікпе ауруын асқындырады, сосын бұл өте қауіпті қышқыл.  Ашудас негізінен өндірісте, медицинада, техникада қолданылады. Адам көп пайдаланса ауру табуы мүмкін», – дейді белгілі химик Индира Малаева. Бірнеше жыл тамақ өндірісі саласында қызмет еткен Бекжан Махметтегінің сөзіне қарасақ, Алла Тағала жаратқан табиғи дүниені адам қолымен жасап шығару мүмкін емес. «Гендік өзгеріс дегенге жаман үйір болып алдық. Ол экономикалық жағынан тиімді болғанымен, адам өмірі үшін өте қауіпті. Қолдан өзгертілген  өнімнің сапасы, дәмі бәрібір басқаша болады. Жұмыртқа туралы естіген жоқпын. Бірақ айта кетейін, мұндай дүниелерді қазір Қытай көп жасайды. Олар жасаған тағамның құрамындағы қоспалардың шегі  болмайды. Мәселен, өнімге Батыс Еуропада  2 пайыз, Ресейде 0,9 пайыз қоспа қосса, Қытайда ондай шектеу жоқ.   Егер Қытайда жасанды жұмыртқа шығарылса, біздің елге де баяғыда жеткен болуы керек. Сондықтан азаматтарымыз абай болып жүргені жөн», – дейді Б.Махметтегі.  Қалай айтсақ та, Қазақстан нарығында  гендік модификацияланған тағамдардың үлес салмағы артып келеді. Сондықтан да жасырын сатылғанымен, ертең өзгеріске ұшыраған жұмыртақаларды жұрт жаппай қолдануы да мүмкін. Бірақ мамандар айтқандай, тек оның халық денсаулығына зияны тиіп жүрмесе болғаны.
+2 дауыс
Қытай қолдан жұмыртқа жасағанына біраз боп қалған сияқты,Ресейдің ОРТ телеарнасынан өз құлағыммен естігенмін,соның жолын ешкім кесе алмай отырған көрінеді.Олар жұмыртқаның сары уызын малдың сүйек буындарындағы сарысудан,ал қабығын гипстен жасайтын көрінеді,теледидардан естігенім солай.
...