+1 дауыс

Құрсау      деген       не ?      

09.02.2014 11.0k қаралым

2 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Құрсау (құрсаулау) - деген бір заттың бүлінген, сынған жерлерін жан жағынан мықтап, шандып бекітіп жөндеу. Бұрын қазақ даласында базар, дүкендер қалалы жерлерде болғандықтан күнделікті тұтыну құралдары тапшы, қат дүние болған. Сол кездерде кесе, шайнек, тостаған сияқты форфорлардан жасалған заттарды, ер-тұрмандарды т.с.с. тұрмыстық дүниелерді сынғанда құрсаулап, жамап пайдаланған. Қазір заманның дамыуына байланысты бұл ұсталық түрі ұмытыла бастады ғой.

09.02.2014
0 дауыс

Құрсау дегеніміз корсет. Корсетті денені қозғалтпай бір қалыпта ұстап тұру үшін киеді. Корсет киетіндер негізі модница әйелдер мен омыртқа ауруларымен ауыратын адамдар. Құрсаулап тастады деген сөз - қозғалтпай бекітіп тастады деген мағынада.

image

09.02.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы