Қызық сұрақтар сұрақ қойды | 13.5k қаралды
13.5k қаралды
Қазақстанда 130ұлт өкілдері тұрады. Тағы қандай көпұлтты мемлекеттерді білесіз ?

7 жауап

Белгісіз жауап берді
Әрбір ұлттың өз тарихы тілі, діні, ділі мәдениеті тарихы, салт-дәстүрі, отаны болады. Ұлттың бір бөлігі өз елінен басқа жерде тұруы мүмкін. Оны диаспора деп атайды. Грек тілінен аударғанда шашылған деген мағынаны білдіреді. Халықтардың шығу тегін таралып орналасуын мәдениеті мен тұрмыс жағдайын энтография ғылымы зерттейді. Ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасқан ортақ тілі, мәдениеті тұрмыс-тіршілігі мекен ортасы бар адамдар тобын этнос деп атайды. Грек тілінен аударғанда халық деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде жер шарында 4мыңға жуық этнос бар. Егер халқының ұлттың құрамына қарай бір ұлтты (Жапония, Польша, Грекия, Португалия) және көп ұлтты (Үндістан, Ресей, Канада, Оңтүстік Африка т.б) болып бөлінеді. Әлемде көп ұлтты елдер басым. Ондай халықтың көбі (500ден астам) Үндістанда тұрады. Олар 100-ден астам тілде сөйлейді. Қытайда 60-тай ұлт өмір сүреді. (барлық Еуропада сонша ел бар) Ресейде 180нен астам ұлт бар. Дүние жүзіндегі ең көп ұлтты мемлекеттердің бірі АҚШ. Тек бір Нью-Йорктің өзінде 177 ұлттың өкілдері тұрады. Қартаю коэффициенті 10%-ға тең Қазақстан халқы дүние жүзі халқынан салыстырмалы түрде ересектеу. Жер бетіндегі халқы ең кәрі мемлекет Монако. Ондағы кәрі адамдар 40%-дан жоғары. Ірі елдердің ішінде халқы ең қартаңы Швеция (25%). Ал ең жасы Кувейт. Оның тұрғындарының 2%-ын ғана 60-жастан асқандар құрайды. Дүние жүзінде 200-ден аса тәуелсіз ел бар. Жерінің ауданы жағынан ең үлкен 7ел бар. Олардың әрқайсысының ауданы 3млн км²-дан асады. Олардың жерлерін қосса жер шарындағы құрлықтың тең жартысын құрайды. Кейбір елдер бүкіл материкті (Австралия) немесе оның тең жартысын (Канада) алып жатыр. Сонымен қатар жері өте шағын елдер бар. Мысалы Ватиканның ауданы 1км² ол Рим қаласының кішкене бөлігін қамтиды. Халқының саны ең көп 10ел бар. Олардың әрқайсысында 100млн-нан астам халық тұрады. Бұл елдердің халқы жер шары халқының жартысынан астамын құрайды. Сонымен қатар халқы бірнеше мыңнан аспайтын ұсақ елдер де бар. Мысаоы Еуропадағы Сан-Марино елінде 25мыңдай ғана адам тұрады. Елдерді географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай да топтастырады. Оған байланысты материктің ішкі бөлігіндегі, теңіз жағалауындағы, түбектердегі, бұғаздардағы, мұхиттағы, аралдағы, архипелагтағы елдер болып бөлінеді. Дүние жүзінде теңізге тікелей шыға алмайтын 40-тан астам ел бар. Дүние жүзінде шаруашылығы дамыған 60-тан астам ел бар. Олардың 8-і өте жоғары қарқынмен дамыған ел болып саналады. Бұл елдер тобын "Үлкен Сегіздік" елдері деп атайды.
Белгісіз жауап берді
Ондай аз. Бар болғанның өзінде қоныстанған ұлтының саны біздікіне жетпейді.
жауап берді

Көп қой, мысалы Ресейде 180-нен астам ұлт тұрады. Ал АҚШ-та ұлт өкілдері көптігінен "ұлт" ұғымы жоғалып "американдық" ұлт болып кеткен

жауап берді

Көркем қыз! Қазір барлық елдердің барлығы да көпұлтты, көпконфессиялы. "Орыс көп па, орман көп па?" деген мақал бар. Бірақ, Ресей халқының 30 пайызы ғана орыстар.

жауап берді
Берілген сөйлемдерді 1-ші жаққа қойып , сөйлем құрастыр . Республика, мемлекет, үлес, жүрек, тіл,ел, адам,орындар, нəтиже ,көше.
жауап берді
Қазақстан көпұлтты мемлекетке жатпайды. Əлемдегі ең көпұлтты мемлекет Үндістан.Көпұлтты мемлекеттен көп.Үндістан Индонезия АҚ
жауап берді
Екі ұлтты мемлекеттер керек ед???

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,504 сұрақ
301,253 жауап
153,259 пікір
64,490 қолданушы