+3 дауыс
352 көрілді

Достар, осыдан бірнеше сағат бұрын сайтта Жанаргүл777 деген қолданушы пайда болды. Осыдан 1-2 жыл бұрынғы сұрақтарды ашып, мына мағанада
(Міне мына сайттан оқып қарашы, түсінікті жазылған: http://aksha-zhasau.narod.ru/index/internette_a_sha_zhasau/0-3  Ал онлайн покер ойнайтындарға. Онда онлайн покер жәйлі де жазылған. Бір Петропавлдық күні кеше покерден интернет арқылы 450 мын доллар ұтқан дейді. Араңызда жақсы карты ойнайтындар болса құлақ салындар. Сайтта покер ойнау үшін 10 АҚШ долларын тегін алуға болады.
| Жанаргүл777 | 7 сағат бұрын | пікір қосты | )
хабарлама тоғытып жатыр. Пікірі бір мақсатты көздеген жарнама сияқты. Сайт тәртібінде бұлай жарнама жасау дұрыс емес. "Тегін ірімшік тек тышқанқақпанда ғана болады" - деген мақалды ұмытпаңыздар, әркім өзі біледі десек те алдауға түсіп арандап қалмаңыздар.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Құмар ойындар ойнататын сайттардың бір ғана мақсаты бар: аңқаулардың ақшаларын қағып алу.

+1 дауыс
Рахмет ағасы. Покер деген азарт ойындардың ең жаманы ғой.
0 дауыс
Мен сеніп қалдым. Тіркеліп қойғам. Ойнадым кеше )) қалжың ғой. Өзім ондай азарт ойындарды ұната бермеймін. Басқалары оған мән бермеуі керек. Ақша деген оңайлықпен келмейді. Еңбектену керек. Дайын асқа тік қасық жасайм деп оңай олжаны иемденгісі келетіндер көп. Сүйтемін деп былыққа белшеден батып кетпеңдер.
0 дауыс

Рахмет ағасы.Менде ондай покер ойындарын ойнамаймын,білмеймінде.Жако аға сіз сияқты адамдар көп бола берсін.

+2 дауыс
Олар осыменен ақша табады. Адамдардың аузын айға қаратып арам ақшаға қарық болады дүниеқоңыздар. Адамның көзі ашық, көкірегі ояу болса айлакерлердің бұндай қулық-сұмдықтарына алданбайды. Сол үшін надандықтан аулақ болайық!
...