Мен сеніп қалдым. Тіркеліп қойғам. Ойнадым кеше )) қалжың ғой. Өзім ондай азарт ойындарды ұната бермеймін. Басқалары оған мән бермеуі керек. Ақша деген оңайлықпен келмейді. Еңбектену керек. Дайын асқа тік қасық жасайм деп оңай олжаны иемденгісі келетіндер көп. Сүйтемін деп былыққа белшеден батып кетпеңдер.
Олар осыменен ақша табады. Адамдардың аузын айға қаратып арам ақшаға қарық болады дүниеқоңыздар. Адамның көзі ашық, көкірегі ояу болса айлакерлердің бұндай қулық-сұмдықтарына алданбайды. Сол үшін надандықтан аулақ болайық!