+1 дауыс
1.2k көрілді

Мен ақыл көркіне сай бір қызды унатып қалдым оган 1 рет емес бірнеше рет соз салдым ол брак дос боп қалуымды өтінді халқым көмектесіңіздерші енді не істесем болат?  Тек тастагым келмит одан басқа қызға көңілім бурмайды(((

6 жауап

+1 дауыс
Егер шын ұнатсаң сыпайы түрде сезіміңді білдіре бер. Дос болуға келіспе өз сезіміңді жеткізе біл. Сен дос болуға келіссең ол басқа жігіт тауып алуы мүмкін. Өзің де байқайтын шығарсың егер ол сені ұнатады бірақ айта алмағандықтан дос болайық десе ізінен қалмай сөз сала беріңіз. Бәрібір келіседі, келіспей қайда барады. Ал егер шынында да сені ұнатпайтын болса көңілі басқа жігітте болса дос болуға келіс немесе басқа қыз тауып алып ол қызбен мүлде хабарласпаңыз.
ulukbek рахмет))) брак бірден сөз салған дұрыс деп ойлайсызба оз ойыңыз? жәнеде сыпайы турде ол ушін ең бірінші не жасауым керек қызға унауым үшін деп ойлайсыз? калай бұл менін ең 1-ши махаббатым будан бурын ешкімге ғашық болып көрмеппін )))
ulukbek жауабын кутудемін?
Бірден сөз айтып асығыстық жасағаннан гөрі әуелі қызды жақсылап түсініп алғанша жақсы араласыңыз.
Одан соң белгілі егер сіз хабарласпаңыз ол қыз сізді іздей бастайды.
Сол кезде ол қызға мен сенімен дос едім бірақ саған қалай ғашық болғанымды да білмеймін.
Сен менің жүрегімді баурап алдың сенен басқа қызды көрмеймін деп менің қызым болшы деңіз))
Болды ойланайын десе сіздікі дей беріңіз!!!
Белгісіз
ulukbek---РАХМЕТ БҰЛ ЖАҚСЫЛЫҒЫҢЫЗ БІР АЛЛАДАН КАЙТСЫН)))
Рахмет
Бұл жәй ғана пікір!!!
Бастысы осы айтылғандарды ескеріп, таразылап жүзеге асыру .
Белгісіз
Қызды оңаша паркке ма шақырып біраз қыдырып жүрген соң өз сезіміңізді білдіре беріңіз!!!
Айтпақшы кездесуге сникерс жеп бар))
Белгісіз
ulukbek  -- сіз агентке кіресізба кірсеңіз логиніңізді беріп жберсеңіз?
+1 дауыс

Сіз оның артынан қалмай жүре бермеңіз. Әйтпесе ол сізден жалығып кетеді. Сіз ол қызға алдымен көп көңіл бөліп, өзіңізге бауыр бастырып алыңыз. Содан кейін мүлде хабарласпай немесе сөйлеспей кетіңіз. Ол қыз сізді іздей бастайды. Сонда барып сөз салыңыз. Темірді қызған кезінде ұрыңыз.

Оқасы жоқ.
leeraeseok-----сізді тағыда мазалап түрған мен нурсейт егерде бос уақытыңыз болса менің мына сұрағыма жауап беруіңізді өтініп сұраймын: "Мен оған ұнау үшін не істеуім керек сонда іс жүзінде агентте отырып алып сайрауды барлығы бледі мен оз ісіммен көрсеткім келет ол үшін не істегенңм жөн"
Ол туралы мәлімет жинаңыз.
Қалай мені баурап алғанын өзімде білмей қалдым күндіз күлкіден тунде ұйқыдан, қалдық. шыны керек Ол менің көз алдымнан бір кеткен емес аліде ойлаудамын мен бай болмасамда, журегім махаббатқа бай, махаббат дерті жаман болады екен озі. leeraeseok -- сіз агентке кіресізба кірсеңіз логиніңізді беріп жберсеңіз?
мен әлеуметтік желілерде  отырмаймын. Бірдеңе айтқыңыз келсе жеке хатқа жазыңыз.
ия жарайды онда!!!!!! https://surak.baribar.kz --- сайты жақсы сайт екен журекте журген сұрақтарды қоюға болат)))
ия жақсы.
0 дауыс
Сүймегенге сүйкелме дегенді ұмытпа. Ол сені сүймесе босқа тыраштанасың.
0 дауыс

Құтты болсын, тек мынандай сұрақты қойған адамды жақсы көрсе мен ол сұлудың ақылына күманданар едім.

0 дауыс
. Тіпті, ол қыз сізден түбегейлі бас тартса да, табандылық танытыңыз. Кез келген қыздың назарын шынайы сезім мен "жақсы көңіл бөлудің" арқасында өзіңізге аударып алуға болады. «Жақсы көңіл бөлу» деген сөздің ақша мен романтикаға қатысы жоқ. Әдеттегі гүл, жүректен шыққан өлең жолдары, романтикалық жолдауларды қолданып көріңіз, алайда оған жасаған сыйлығыңыз неғұрлым ерекше болған сайын ол сізді жылдам жақсы көреді. 2. Екеуіңіздің араңызда өзіңізді басшы етіп сайлаңыз. Қызының айтқанымен ғана жүретін, мінезсіз жігіттерді ешбір қыз жақсы көрмейді. Бірақ, кейде оған да басшы болуға мүмкіндік беріп тұрыңыз. Сіз секілді батыл жігітті бағындыра білген қыз өзін жақсы сезінетіні анық. 3. Берген уәделеріңізді орындаңыз. Қыздар "Уәдеме берікпін» деген ұстаныммен өмір сүретін жігіттерді жақсы көреді. Кез келген қыз жігітінің өзіне тірек болуын, бастысы сенімді болуын қалайды. 4. Оның алдында мықты болып көрінгіңіз келсе де, өтірік айтпаңыз. Сізге білдірмегенмен көп қыз өтірік айтып тұрған жігітті бірден сезеді. Бір рет әшкереленген өтіріктің арқасында көп уақытқа дейін жақсы дәрежеңізден айрылып қалуыңыз мүмкін. Қыз бала үшін сенімге негізделген қарым-қатынастың маңызы зор. 5. Жарасымды киім кию әдебін де ұмытпаңыз. Қыздар өздерін жақсы күтетіндіктен, өзгелердің кемшіліктерін бірден байқайды. Ал жақсы киінгеніңіз өзіңізге де жақсы. Киіміңіздің қай брендтен екендігі маңызды емес, бастысы таза, үтіктелген болсын. 6. Алғашқы кездесуге шақыратын жеріңіз ерекше болу керек. Әдетте жігіттер алғашқы кездеуде жақсы романтикалық фильм көруге шақырады. Сіз керісінше Мұхтар Әуезов театрында күн сайын болып жататын махаббат туралы жақсы қойылымдардың біріне шақырыңыз. Осылайша оған деген ықыласыңыздың басқа қыздарға деген ықыласыңыздан ерекше екенін білдіресіз. Бұдан өзге қалай қаратуға болады деп ойлайсыз?
достияр-----КӨП-КӨП РАХМЕЕЕЕЕТ!!!
0 дауыс

Қызға сезіміңді білдіріп, сөз айта бер. Ешқандай қыз бірден келісім бермейді.

...