+2 дауыс
5.9k көрілді

Менің әпкемнің екі баласы бар,біреуі 1.5 жаста,ал екіншісі 4 жаста. Осы үлкені үйде ересектердің арасында өсіп келе жатқандықтан,ересектерше,үлкендердің сөзін сөйлейтін болған. Мысалы: Бісміләә, қарағым, айналайын, шырағым деген секілді сөздер). Ата-анасы әрине, жұмыстан келгенде де қарайды, дегенмен көбіне ата-әжесі және т.б. қасында жетіліп келеді.Енді сұрақ:1.5жастағыны ясли садикке(б.бақша),ал 4жастағы жиенімді қазірден балабақша берген жөн бе? Әлде ата-әженің қарауында тәрбиеленген дұрыс па? Тиімді, зиянды тұстарын айтып өтсеңіздер,рахмет.

Сұрақ соңғы кездердегі сұрақтардың ішіндегі үздіктерінің бірі.
Сізбен толықтай келісемін. Өте өзекті, ойландыратын сұрақ.
рахмет жаудырып отырмын сізге!қажет болғасын қойып отырған жайымыз бар.)

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Баланы балабақшаға міндетті түрде беру керек. Себептері:

1.Ата-әжесінің тәрбиесінде болған бала ынжық, жылауық не тұйық болады. Мектепке барғанда да қиналады.

2.Балабақшада бала тәрбие мен білім алады, өнер үйренеді.

3.Балабақша көпшілдікке, өзара араласып-құраласуға, сөйлесу мәдениетіне қалыптастырады.

4.Бала тәрбиеші, күтуші және медбикенің бақылауында болады. Үйде күйіп, жарақат алып қалу мүмкіндігі зор.

5.Бала мектепке барғанда құрдас сыныптастарымен тез қайта табысып, оқу барысында түк те қиналмай, тез игеріп кетеді.

6.Балабақшада бала денсаулығына қажетті тағамдар беріледі.

+2 дауыс

Менің ойымша,балабақшаға берген жақсы.Тәртіп түзеледі,көпшілікке үйренеді,көп еркелікті қойып есі кіре бастайды,мектепке бармай тұрып-ақ түстерді айырып,сандарды үйренеді,орыс тілі,қазақ тілі сабақтары өтеді,балада режим қалыптасады.Зиян жақтарын білмедім.Қазір көп балабақшада камералар орнатылған,сондықтан бәрі тәртіппен болады.

Жауабыңызға рахмет!Дұрыс пікір. Ал ата-әже тәрбиесі жайында не айта аласыз,пікірлеріңіз қажет.
Әрине,ата-әженің тәрбиесі де дұрыс.Бірақ қазіргі балаларға менің ойымша балабақша баруы керек.
+1 дауыс

Бала тәрбиесінде ата мен әженің орнын ешқандай балабақша толтыра алмайды. Мына жерден оқып көріңізші.http://jakup.ucoz.ru/blog/ata_men_zheni_bala_t_rbiesinde_orny/2013-12-24-58

Жауабыңызға мың алғыс!Ата-әже тәрбиесі жайында ой салдыңыз.Сіздердің пікілеріңізге қарап,бір дұрыс қорытынды шығармақпыз.
0 дауыс
Ата мен апа қазақтың қазынасы .Қолда барда алтынның қадірі жоқ.Жан жылуыналған бала әрине жаман болмайды.Ел болам десең бесігіңді түзе.
...