Баланы балабақшаға міндетті түрде беру керек. Себептері:
1.Ата-әжесінің тәрбиесінде болған бала ынжық, жылауық не тұйық болады. Мектепке барғанда да қиналады.
2.Балабақшада бала тәрбие мен білім алады, өнер үйренеді.
3.Балабақша көпшілдікке, өзара араласып-құраласуға, сөйлесу мәдениетіне қалыптастырады.
4.Бала тәрбиеші, күтуші және медбикенің бақылауында болады. Үйде күйіп, жарақат алып қалу мүмкіндігі зор.
5.Бала мектепке барғанда құрдас сыныптастарымен тез қайта табысып, оқу барысында түк те қиналмай, тез игеріп кетеді.
6.Балабақшада бала денсаулығына қажетті тағамдар беріледі.