+1 дауыс
68.2k көрілді
"Құстар - біздің досымыз" тақырыбына шығарма керек еді, қайдан алуға болады?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Құстар – табиғаттың көркі! (шығарма)

Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.

Құстар қос мекенділерге жатады. Яғни жер де, көк те құстың мекені болып саналады. Көк - құстың еркін мекені. Ал жерде көктегі сияқты емін - еркін сайраңдай алмайды. Себебі жерде оларға төнетін қауіп көп. Құстарды көбіне жердің бетінде жүргенде бірден ұстап алу қиын. Себебі құстар көп жағдайда адамдардан үркіп тұрады. Солай үйреткен де. Кейбір адамдар құсты ебін тауып ұстап алса, оларды ойыншыққа айналдырып, алғымына жіп байлап, қанатын кесіп қорлағысы келеді де тұрады. Құстарды үркек қылып қойған өзіміз. Олар неге адамдарды көрсе үрке қарайды? Олар өте сезімтал. Қай жер өзіне құт - мекен бола алатынын ерте бұрын - ақ сезген. Сөйтіп, олар көкте қанаттарын оңды - солды сермеп ұша алады. Өйткені оларға көктен төнетін ешқандай қауіп жоқ.

Орнитология - құстардың дамуы, физиологиясын, жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым саласы. Олар зерттеген құстарын мынадай топтарға бөлген. Мысалы, жүгіретін құстар, ұшатын құстар, ашық далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, қыстап шығатын құстар, сұңқартәріздес, тырнатәріздес, жапалақтәріздестер, торғайтәріздестер деп бөлген.

Биолог мамандар құстарға төнген мынандай қауіптер дерегін келтіреді. Яғни, қоршаған ортаның ластануынан, құстардың көптеген түрі жоғалу үстінде. Себебі олардың мекен ететін ағаш жапырақтарына дейін қысқа болып тұр. Ал адамдардың серуені кезінде, құстардың ұяларын бұзып, құстарды үркітіп, мекен - жайларын ауыстыруға әкеліп тірейді. Құстарды адамдардың досы екенін жете сезінбейді. Ал құстардың адамдардың шаруашылық әрекетіне пайда келтіретін тұстарын көптеп келтіруге болады. Мысалы бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді екен. Қараторғайлардың бір тобы бүкіл балапандарымен 22 тонна шегірткені азық етеді екен. Ал шегірткеге келсек, олар біздің ең басты қас жауымыз. Олар біздің мал жейтін көк шөбімізді, жасыл өсімдіктерімізді баудай жайқалып тұрған егістігімізді отап - жеп көп зиян келтіреді.

Үйіміздің маңында жүретін кіп-кішкентай торғайдың бір өзі жылына 4 миллионға жуық жәндік жейді екен. Сондықтан құстарды қорғау және егістікті бау - бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек. Бұл жұмыстарды бүкіл еліміздегі мектеп оқушылары қолға алып, жүзеге асырып отырса нұр үстіне нұр болар еді. Сонда құстар біздің жерден алатын азық - түлік өнімдерімізді құрттардың құртуынан, жәндіктердің жеуінен құтқарады екен. Біздің қорек ететін азығымыз құстардың арқасында молайып отырғанын білеміз. Құстар болмағанда жерден өсіп - өнетін азығымыз құрт - құмырсқаға жем болар ма еді. Тамағымыздың тоқ, көйлегіміздің көп болуына құстардың пайдасы зор екен. Құстарды адамдар ерте заманнан – ақ дос санаған. Себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнгенде құтқарушысы, жақсылық жасап дәулет сыйлаушысы Бақыт құсы ылғи да кездесіп отырған. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсеткен көрінеді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында былай деген екен: «Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар - жылан сол күн тәріздес жұмыртқаны жеп қояды екен. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың ауасын, қайрымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақ елінің мақсатты көрінісі».

Осындай халық аңызының арқасында «Бәйтерек» кешені біздің көз қуанышымызға айналды. Мұнда да құс бейнесі, құс тағдыры суреттелген. Ендеше құстарды біздің келешегіміздің кепілі деп айтуға толық негіз бар екенін осы жерден білеміз.

Өте керемет!
+1 дауыс
“Құстар біздің досымыз”
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы
№1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байхазан қызы Алмагүл

Тақырыбы: “Құстар біздің досымыз”
Мақсаты: Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағұлмат беру,барлық  тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау қарсы алу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.
Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын , көлін- табиғатты сүюге, ақ – құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер,шар, гүл, көктем көрінісі.
Барысы: Көрнекіліктер ілініп, музыка ойналып тұрады, қонақтар жайғасады, оқушылар сәлемдеседі.

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

“Құстар біздің досымыз”  атты  тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке табиғаттың қысықы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600- ге  жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500 дей  түрі  кездеседі  екен . Ал  жергілікті  жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек,  қарғалар  кездеседі. Жыл құстарын   атайтын  болсақ  аққу,  қарлығаш, үйрек, шағала сияқты  көптеген құстарды  білеміз.

Біздің  халық  ежелден  аң- құстарға  әуес,  оларға  деген сүйіспеншілігін  шексіз  дәріптеп, ең  жақсы  адамдарды  құсқа  теңегені  белгілі.  Мысалы  саңылақ ұлдарын  сұңқарға  теңесе, төгіле  ән  шырқайтын  әншісін  бұлбұлға , ел  үшін  , отан  үшін   жанын қиятын  батырларын  қыранға,  елден  асқан  сұлуын  аққуға  теңегені  белгілі.  Осы  сөздің  дәлелі  ретінде  Астана  жас қаламыздағы Бәйтерек туралы  түсіндіре  кетемін.

-Балалар  сендер  білесіңдер ме  биылғы  жыл  қай  құсқа  берілді?

-Қарлығаш.

-Бейбітшілік   құсы  қай  құс?

-Көгершін.

Олай  болса  біз  «Қарлығаш»  пен  «Көгершін»  болып  екі топқа  бөлінейік.

Сайысымызды  бастамас   бұрын   әділ-қазылар  алқасын  сайлап  алайық.

Сайысымыздың   бағдарламасы:  ( 8  бөлімнен  тұрады)

Таныстыру.
 Эмблема  қорғау.
Топ  басшыларының  сайысы.
 Құстарға   арналған  өлең  оқу.
 Кім  көп  құстарды  біледі?
Жарнамалық  үзіліс.

Мақал –мәтел  , жұмбақ  жарысы.
Өнер  сайысы.
 Құстардың  балапанын, дыбысын  табу.
Әр бөлімге  берілген  ұпайды  екі  топтың  қоржынына  салып  отырыңыздар.

Олай  болса  сайысымызды  бастайық.

1.Көгершін – достықтың  символы. Әділеттің,  бейбітшіліктің  құсы. Бақыт құсы, әлемді  шарлап  хат  тасушы  құс  болған. Бірлікті , татулықты  білдіретін  құс.

1.Қарлығаш-  киелі  құс.  Ол  адамның  досы.  Қарлығаш  ұясын  асханаларға,  үйлердің  кіре   беріс   жеріне, киіз  үйдің  шаңырағына  салады.  Ол  кішкентай  сәбиді  аидаһардан  қорғап   қалған.

2. Бейбітшілік  құсы  көгершін

Жер   бетінде  беибіт  еңбек,  көгерсін

Аспан  тұнық , шат  көңілді   болайық

Ақ  ниетті, адал  жандар  көбейсін – деген мақсатта біз  көгершінді                    алып  отырмыз.

2. Мен  адамның  досымын,

Мекенінде  тұрамын.

Шыбын келсе  кәсібім, ұстап  жеймін, қырамын.

Тазалаймын  үй  ішін, шыбын деген  кеселден.

Ел  аузына  мақтаулы, санитармын  төселген.

Сондықтан да  біз бүгін,қарлығашпыз ақ тамақ.

Мұғалім:         Көктем – күннің  қанаты

Көктем – гүлді  дала аты.

Көктем біздің  сағынған

Самал  ескен таң аты.

3. Топ  басшыларының  сайысы:

«Көгершін  тобы.»

а). Көктем  айларын ата.

б). Құстар  балапандарын  қайда  өсіреді?

в). Ең  алғаш  шығатын гүл.

г). Қандай  құс  жұмыртқасын  басқа  ұяға  салады?

д). Киелі  құс.

ж). Қандай  құстың  құйрығы  айыр?

«Қарлығаш  тобы»

а). Адамдар  көктемде  қалай  киінеді?

б). Түнде  ұшатын құсты  ата.

в). Орман  дәргері?

г). Өз атын  өзі шақыратын құс.

д). Сөйлейтін  құс?

ж). Көгершін  қандай  құс?

4.  «Көгершін  тобы»

Құстарға  арналған  тақпақ  оқиды:

«Өлең  сөздің  патшасы,  сөз сарасы,

Қиыннан  қиыстырар  ер  данасы» деп  Абай  атамыз  жырлағандай  өлең  жолдарына   кезек  берейік.

 

 

Исмаиыл:  Жаршысымын:көктемнің

Көкек  дейді мені жұрт

Өз ойын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені  күт.

     Айнұр:  Өткен жылы көктемде,бала едім тым кіші,

Кім білсін кетті ме,өкпелеп жыл құсы

Өтті тез он екі ай,енді мен үлкенмін

Келсе ұшып көп торғай,өзім ақ күтемін.

Жанбота:  Мен еркін бақытты бұлбұлмын

Бұлағын тасытқан ән жырдың,

Тамаша тымылжып шырқайтын

Шаттығын тауса алмай әр күні.

Жадыра:   Құс  сұлуы  аққумын

Табиғат  көркін силаған

Мылтығын  кезеп  еш  мерген

Атуға  көз  қимаған.

Сұлулықты  паш  етіп , жырлаған  талай  ақындар

Нәзік   үнді,  көл  көркі,

Құс  патшасы  мен  боламын.

4.  «Қарлығаш  тобы»

Венера:   Үкі    едім  түнде  ұшып  қалықтаған,

Құртуға  зиянкесті  жалықпаған

Жүнімнен  үлпілдеген  киелі деп

Бұрыннан – ақ  адамдар  тағып  алған.

Рауан:      Ала  қанат сауысқан

Құртты  көрсе  жабысқан

Бір  томардан,  томарға

Секең – секең  ауысқан.

Жанар:     Құртты  іздеп  інінен

Қарағайды  үңгіген

Тоқылдақ  құс   дәргері

Қашаннан  ол  әбігер.

Біржан:     Үй  салдым  құстың  алдынан

Болсыншы   ол  өмір  панасы

Өзімдей  сәби   балдырған

Өссінші  құстың  баласы.

5. Кім  көп   құс  біледі?

Екі  топ өздері  білетін  құстың  аттарын  параққа  жазады, қай  топ  көп  құстарды  біледі  әділқазыларға  тапсырылады.

Жарнамалық  үзіліс:

2 «б»  сынып  оқушысы  Сайлау  Аяулымның  орындауында  «Астана»  әні.

6.Мақал   мәтел , жұмбақ  сайысы:

«Білекті   бірді  жығады,  білімді  мыңды  жығады»  дегендей   халқымыздың  асыл  қазынасы  мақал-мәтелге  кезек  берейік.

Ер жаңылып  қолға  түсер,
Құс  жаңылып  торға  түсер.

Самұрық  құс  самғады,
Көктен өтіп , айға  жетіп

Жеңілдеді  салмағы.

Жылқыда  өт  жоқ, құста сүт  жоқ.
Қаз  келсе,  жаз  келер.
Сәуір  болмай,  тәуір  болмас.
Сайрайды  бір  талмайды,
Әнші  құс  бұл  таңдайлы.

(бұлбұл)

Қараңғыда  ұшады  құбылады,
Жарық  көрсе  қашады, тығылады.

(жарқанат)

Балапанын   басатын  басқа  құс,
Бар осындай  қасқа құс.

(көкек)

Орманда  жоғары
Ағашқа  қонады,

Тұмсығын балға  қып

Тоқ-тоқ  соғады.

(тоқылдақ)

Күндіз  соқыр  недеген
Түнде  сондай  көреген.

(үкі)

Шарлап  келіп  даланы
Үйіме  үй  салады.

(қарлығаш)

7. Өнер сайысы.

Көгершін тобының  басшысы Жансұлу:  «Құстар  қайтып  барады»

әні.

Қарлығаш  тобының  басшысы  Айсұлу: «Жауды   жаңбыр»

әні.

8.Тақтаға  ілінген  құстардың  балапандарын  табады,үнін  дыбыстайды.

Жарнамалық  үзіліс:  Қыздар  тобы. «Аққу» биі.

9.Қортынды: Балалар,  соншама  алыс жерден, қиында  қатерлі   жолдарды  артқа  қалдырып,зорға жеткен    құстарға қалай  көмек    көрсетуіміз  керек?

Иә балалар   біз  ата-аналарымызбен  бірлесе  отырып  жасаған  ұяны,   жемсауды  үзілісте  мектеп  маңындағы  ағаштарға  ілеміз.

Бұл  біздің  құстарға  жасаған  кішкентай  көмегіміз  болсын.

Қане   балалар  бүгінгі  сабағымыз  сендерге  ұнады  ма?

Егер  ұнаса  қолдарыңдағы  қиықшаны  күлімдеген  күнге,ал  ұнамаса бұлттың  қалташасына саласыңдар.

 

 

 

Музыка.  Оянып  бар  табиғат  ұйқысынан

Жадырап  құтылғандай  құс қамынан

Көктемді  шуға  бөлеп , әнге ораған

Тыңдаймыз  алуан  сыр жыл  құсынан.

Қымбатты  балалар  көктемнің  жаршысы, адамзаттың  досы  жыл құсын  жақсы  қарсы  алайық,  оларға  қамқор  болайық. Әр  қашан   аспанымыз  ашық  болсын  деген  ниетпен

 

«Ақ  көгершін»  әнімен  аяқтауды  жөн  көрдік.
+2 дауыс

Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз. Немесе:құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естідім. Мысалы, қарлығаштар төмен ұшса, онда жаңбыр жауады дегенді білдіреді. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды да күтіп, бағуымыз керек.

0 дауыс
Құстар біздің досымыз!
...