+1 дауыс
14.1k көрілді

Гүлдің  құрылысы нелерден  тұрады ?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра) 
Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері. 
Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады. Меңдуана, қоңыраугүлде тостағанша бір-бірімен тұтасып, жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады. 
Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.остағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады (көкнәрда). 

+1 дауыс
гүл: күлте жапырақшасынан, аналықтан(аналық ауызы, аналық мойыны, түйін), аталық(тозаңқап,жіпше), тостоған жапырақшасынан,гүлтабаннан және гүлсағақтан тұрады.
0 дауыс

Бұның бәрі "Ботаника" оқулығында бар ғой.

0 дауыс
Спермий,тозаң түтігі.ұрық қалта.аналық жасуша. Орталық жасуша. тұқым бүршігі. тозаң түйіршігі гүлдің қай жерлерінде орналасады
0 дауыс
Дұрыс айтады бұнын бәрі ботаника кітабында
...