Гүлдің құрылысы нелерден тұрады ?
Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра) Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері. Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады. Меңдуана, қоңыраугүлде тостағанша бір-бірімен тұтасып, жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады. Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.остағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады (көкнәрда).
Бұның бәрі "Ботаника" оқулығында бар ғой.
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы