Әр қаланың өзінің жарнамалар мен хабарландыру сайттары болады. Мысалы Қызылордада www.soroka.kz сайты. Хабарландыруыңызды сондай сайттарға орналастырыңыз.
Бұл жерде сіздің өндіретін тауарыңызға, оның тарату көлемі және оның тұтыныс аясына байланысты деп ойлаймын. Байқауымда тауарыңыз тек қазақтар ғана тұтынатын ұлттық мәнге ие сияқты, әрі әліәзір кішігірім шағын көлемде сияқты. Олай болса оны www.satu.kz, www.slando.kz сияқты ірі сайттарға қоймай ақ, жергітікті теледидарда жүгіртпе жол, жергілікті газеттерге жарнама беру арқылы жылжытқан жөн сияқты. Сұранысқа ие тауар жылдам жүреді, кейін бизнесіңіз дамыған ( Алла соған жеткізсін) кезде жеке сайт арқылы сатсаңыз әрине пайдалы болады.