+1 дауыс
613 көрілді
Ілгері боксқа қатты қызығатын едім. Мұхаммед Әлидің қызы Лейланың суреті ілулі тұратын бөлмемде. Темір Тайсонның да әр жекпе-жегін отбасымызбен тамашалайтынбыз. Құлақ тістегіш Тайсон деп те шықты ғой. Бокс тарихында Тайсоннан басқа құлақ тістеп алатын боксшылар болған ба?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаһанның ең ұлы және ең «біртүрлі» боксшыларының бірі Майк Тайсон қарсыласының құлағын тістеп алуымен ғана атақты емес. Бокс жанкүйелері оның атақты соққыларын, спортшының басқа да рекордтарын біледі. Қарапайым ғана бозбала Майк Тайсон 1986 жылы 20 жасында әлем чемпионы атанды, сөйтіп чемпиондық белбеу алуда өзіндік жас рекордын орнатты. Ұзаққа созуға қажеті жоқ десе керек, ол 21 жасында аса ауыр салмақта чемпион атанды. Кейіннен оны 17 жасында WBA нұсқасының чемпиондық атағын алған Уилфред Бенитез басып озғанымен, Тайсонның мақтанатын басқа да ерліктері бар. Мысалы, 1982 жылы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы шайқасында оның қарсыласы 8 секундта нокдаунға кеткен. Кейіннен осындай жылдамдығы Тайсонға тағы бір рекорд орнатуға мүмкіндік берді: 1988 жылы ол Майкл Спинксті нокаутқа жіберген 91 секундтың ішінде 20 миллион доллар табыс тапты! Айта кететін тағы бір қызық бар. Тайсоннан жеңілетінін алдын-ала білген оның қарсыластары да өз жеңілістерінен пайда табуға тырысқан. Мысалы, 2000 жылы Майклдың Манчестерде Джулиус Френсиспен өткізген жекпе-жегінде, ағылшынның «Daily Mirror» газеті атақты боксшының қарсыласының табанына жарнама орналастыру үшін де ақша төлеген көрінеді. Газет басшылығы Джулис нокдаунға кеткен кезде, оның аяқ киімінің табаны фотографтар мен операторлардың объективтеріне міндетті түрде түседі деп есептеген. Френсистің бірінші раундта екі рет, екінші раунда үш рет құлағанын, ал кездесудің барысын дүние жүзі тамашалағанын ескерсек, жарнамаға кеткен шығын өзін-өзін ақтады деуге болады!
0 дауыс

менің ойымша , Тайсонан басқа ешкім жоқ )

0 дауыс
Иә,иә Тайсон болар.Бұйырса, атақты боксшы болсам.Тайсоннан озармын деп ойлаймын.
0 дауыс
Мықты боксшы ғой Тайсон деген,жеңілмейтін ешкім жоқ бұл өмірде.
0 дауыс
Тайсоннан басқа құлақ тістегіш боксшыны естімеппін.Құалқ тістегіш Тайсон ғана секілді
0 дауыс
Билеп жүріп бокстасатын Принц Насем де күшті
...