+3 дауыс
1.1k көрілді
Қазақстандағы ең бай 10 адам туралы ақпара тауып бересіздер ме? Сол адамдардың тізімі керек еді?

2 жауап

+2 дауыс

1 Тимур Асқарұлы Құлыбаев 45 жаста. Көп салалы диверсификалық бизнес.
1966ж 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ. Алматыдағы Республикалық физика математикалық мектебін, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Самұрық Қазына АҚ басқарма төрағасы.
Әкесі Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы, Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, құрылыс минимтрі болған. Құлыбаевтың Алмэкс холдингі және өзге де компаниялар арқылы, жарнама түрде инвестициялық, алтын өндіру, құрылыс т.б. үлесі бар. Жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге Қазақстан Халық банкін басқарып отыр.
Америкалық FORBES журналы Құлыбаевтың байлығын $1,3 млрд.деп бағалап, 2011 ж оны қазақстандық миллиардерлер арасынан 3 орынға қойды. 
Хоббиі; гольф, тау шаңғысы, футбол.
Үйленген, жұбайы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева 1967 ж.т. Ұлы Алтай 1990, Қыздары Дениза 2004ж.т, Алишия 2010ж.т
2 Болат Жәмитұлы Өтемұратов 53 жаста. Банктер, инвестициялық бизнес, телеком, БАҚ.
1957 ж қараша айында Гурьев қласында туылған. Қазақ. 1981ж Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1982ж Алматыдағы Юбилейный гастрономының директоры болған. Үйленген, 2 ұлы бар.
Елдің және саяси ортасында ауқымды байланыстары бар табысты бизнесмендердің бірі. Әр жылдарда Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Президенттің іс басқарушысы.2007ж бері Үлкен теннис федерациясының президенті.Өтемұратовты әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне кірді. Өтемұратовтың байлығын 1млрд деп бағалап, қазақстандық миллиардерлер арасынан 8 орынға қойды. Верный Капитал АҚ қатысы бар деп есептеледі. Бұл компания телекоммуникация және тау кен металлургия саласындағы акциялар пакетіне ие. Өмемұратов тізімінде Метрокомбанк, KASSA NOVA, NOVA Лизинг танымал медиа ресурстары бар.
3 Патох Каюмұлы Шодиев 58 жаста.
1953ж Өзбекстанның Жызақ облысынан. Өзбек.
Әкесі Шадиев Каюм Шадиұлы. Еңбек жолы Сырдарьинская правда газетінде корректор болған. Мәскеу Халықаралық қатынастар институтын бітірген. Бельгия азаматы. ENRC корпорациясының 14,59 акциясына ие. Еуразиялық Банк жарғылық капиталының үштен біріне ие.ENRCның бизнесі Қазақстанда болғанымен орталығы, шетелдерде активтері бар. Конгода мыс пен кобальт өндіреді, Бразилияда темір рудасының үш кен орнын игеруде Сауда бөлімшелері Швейцарияда, Штаб пәтері Лондонда. Патох Белгілі меценат. Байлығы 3,7 млрд бағаланған, бельгиялық миллиардерлер арасынан бірінші орында. 
Үйленген. Жұбайы Гүлнара Турсунқызы Шодиева 1952ж, Қыздары Муниса 1976ж, Нафиса 1983ж, Ұлы Сабир 1981.

4 Александр Антонович Машкевич 57 жаста.EURASIAN NATIONAL RESOURECES CORPORATOIN (ENRC)
1954ж 23 ақпанда Бішкекте туылған. Еврей. Израиль азаматы. Қырғыз педагогикалық интитутында деканы. 1981ж өз мамандығы бойынша ең жас филология ғылымының кандидаты. Еуразиялық Банк директорлар кеңесінің төрағасы. Байлығы 3,7 млрд деп бағаланған, израильдік миллиардерлер арасынан 6 орында. жүк тасымалымен, Қытаймен шекарадағы Достық терминалы арқылы айналысады. Қазақстан алюминиі АҚ соларға тиесілі. Павлодардағы машина жасау зауыты Ресейге өнеркәсіп крандарын сатады. Соколов Сарыбай кен байыту комбинаты ENRC тобына кіреді. Еврей конгресінің президенті 1999ж, Еуразия еврей конгерсінін президенті 1999 жылдан бері, Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығының президенті 1999жылдан, спорт федерациясының президенті 1999 жылдан. 
Үйленген. Жұбайы Лариса Васильевна Машкевич 1954ж. Қыздары Анна және Алла 1977ж

5 Владимир Сергеевич Ким 50 жаста KAZAKHMYS КОРПОРАЦИЯСЫ.
1960ж 29 қазанда Мақтарал ауданы, Мырзакент ауылында туған. Құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Кеңес Одағында Алматы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық атқару кеңесі төрағасының орынбасары. Cuprum holding B.V арқылы Қазақмыс корпорациясы акциясын бақылап отыр. Қазыр корпорацияда көптеген кеніштер, байыту фабрикалары, көмір, жеке электр стансалары енеді. Алтын өндіру бойынша 3 орында тұр. Кимнің байлығы 4,7 млрд деп бағаланған, қазақстандық миллиардерлер арасынан 1 орында
Үйленген. Үш баласы бар.

6 Лакшми Миттал 61 жаста ARCELORMITTAL
1950ж 15 маусымда туған бизнесмен. Әлемдегі ірі металлургия империясының қожайыны. Жұмысын Индонезиядан бастаған. Қарағанды металлургия комбинаты оның Қазақстандағы басты активі. Одан басқа, мұнай өндірісі бар. ҚазМұнайГазбен және ресейлік Лукойл Оверсизбен бірігіп құрған бірнеше мұнай кеніштерін игеруде. 2011ж Telegraph журналы оның КазСтройСервис компаниясының 35 пайызының жартысын сатып алатынын айтқан. Байлығы 31,1 млрд деп бағаланған. Әлемдік миллиардерлер арасынан 6 орында Украиналаық Криврожсталь комбинаты және Ресейлік Северсталь компаниялары Кузбасстағы активтерін сатып алған. Үйленген. 1 ұл, 1 қызы бар, Ұлы Адитья, Қызы Ваниша.

7 Алижан Рахманұлы Ибрагимов 58 EURASIAN NATIONAL RESOURECES CORPORATION
1953Ж 5 маусымда Ферғана облысында келген. Ұйғыр. Қырғызстанның кейін Тоқмақ қаласына қоныс аударған. Қазақстан азаматы. Еуразиялық Банкі АҚ президенті, және корпорациясының президенті. Байлығы 3,7 млрд деп бағаланған, қазақстандықтардың арасынан 2 орында. Корпорациясында 656 мың адам істейді.Корпорациясының жылдық сататын өнімі 6,6 млрд асады. Үйленген. Жұбайы Мукадасхан Насиржанқызы Ибрагимова. Ұлдары Достан, Даврон, Шухрат, Фурхат.

8 Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов 53ж ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ
1958ж 14 мамырда келген.1979ж Мәскеу қаржы институтын, 1981ж Алматы халық шаруашылық институтын бітірген. Мемлекеттік банкінде Алматы облыстық кеңсесінде бастаған. Қазақстан банктер қауымдастығының президенті.2008ж Оңтүстіккореялық Kookmin Bankке акцияларын сатқан соң, байлығы 1 млрд деп бағаланған. Қазақстандықтардың арасынан 4 орында. Жарғылық капиталі өзінің иелігінде. Байсейітовтың тобы Атамекен холдингін бақылайды. Байсейітовтың үлесінде Қазақстандық нарығында конструкторлық бюромен ЯК ұшақтарын сатумен айналысады. Үйленген. Лена Әділханқызы Байсейітова.

9 Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин 46ж КАЗКОММЕРЦБАНК
1965ж 29 қарашада туылған. Әкесі жазушы Сәлкен Сұбханбердин, Анасы зерттеуші Үшкілтай Сұбханбердина. Үйленген. ұлы,5 қызы бар. ҚазМУды және Мәскеуде мемлекеттік университетін экономика факультетін бітірген. Казкомның директорлар кеңесінің төрағасы, негізгі акционері. Жанама түрде 33,12 пайызын бақылайды. Тәуелсіз Тарлан сыйлығы меценаттар клубының мүшесі.Баскетбол федерациясының президенті. Байлығы 1 млрд деп бағаланған, қазақстандықтардың арасынан 5 орында

10 Нұрлан Еркебұланұлы Смағұлов 46ж ASTANA GROUP
1965ж 2 маусымда туылған.ҚазМУдың биология факультетін аяқтаған. 1992ж Астана моторс компаниясын құрып, автомобиль сатумен айналысады, кейін Астық индустриясын құрады. жылына 220 мың тонна ұн өндіреді. MEGA сауда сауық кешендері Смағұловтың иелігінде. Алматыдағы Алматы қонақ үйін басқарады. Премьер министрінің кеңесшісі болған. Азық түлік келісімшарт корпорациясын басқарған. Тарлан клубының мүшесі. Үйленген. Жұбайы Мәдина Амангелдіқызы Смағұлова. Қыздары Ақжан, Еркежан, ұлы Еркебұлан.

Осы мәліметтерді қарап көрші.Міне,міне.

Өтемұратов сотталып жатқан жоқ па? Екінші орында Динара Кулибаева болу керек.
0 дауыс

Осы  жерден  біле  аласыз міне

Ұқсас сұрақтар

...