+4 дауыс
489 көрілді

Құрметті сайттың қолданушылары! Барлық жасалып жатқан іс әрекет, сайтты алға қарай дамыту мақсатында жасалып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Енді бүгіннен бастап почталарыңызға сұрақ қойғаннан кейін, жауап алынса жауаптың мәтіні емес, тек жауаптың сілтемесі ғана баратын болады. Ақпаратты оқу үшін сілтеме бойынша өтіп көруді міндеттеп қойдық. Бұл тек жауапқа қатысты емес, пікір алынса, жеке хат жіберілінсе, сіз таңдаған санатта сұрақ қойылса тек сілтемесі барады. Бұлай жасауға бірнеше себеп болып отыр. 

1. Сайттың танымалдығын және сайтқа кірушілер санын арттыру мақсатында. Яғни қолданушыны ақпарат алынған жағдайда қайта сайтқа кіруіне жағдай жасау.

2. Көп қолданушылар почтаға барған хатқа пікірді, жауапты сол жерде жазып жатады. Ол дұрыс емес. Қайта сілтеме бойынша өтіп жауап беру керектігін барлығына түсіндіріп отыра алмаймыз. Сондықтан қазіргі таңда почталарыңызға тек хабарлама хат ғана барып тұратындай етіп қойдық.

Қатты сөкпейсіздер. Уақыт өте келе осы мүмкіншілікке үйреніп кетерсіздер деген ойдамын.

Құрметпен сайт әкімшілігі!

11 жауап

+1 дауыс

Мен үшін өзгеріссіз екен (бұрыннан да бірден сілтемені басатын едім)

+2 дауыс
Еш өзгерісі жоқ. Екеуі де бірдей. Бұл өзгеріске қолданушылар оң көзбен қарайды. Сондықтан СЖ-ның одан әрі танымал болуына көп септігін тигізеді деп ойлаймын.
0 дауыс

Ешқандай қиындығы жоқ.Админге қосыламын қолданушылардың саны күннен-күнге артуда...

+4 дауыс

Сайттың Қазнеттегі танымалдылығы әлі де өте төмен. Қолданушылардың санын ғана емес, аудиториясын да көбейту керек. Яғни, тек оқушылар мен төменгі курс студенттерімен тоқтап қалмаған дұрыс.

иа, мысалы Ответы.майл.ру-да көбіне үлкен кісілер жауап береді.
СЖ, Ответы.мейл.ру сияқты жақында Гугл мен Яндекстің орындарын басуы қажет. Себебі, бұл сайттарда автоматты емес, тірі жауаптар.
+1 дауыс

Мағанда бәрібір екен, маған мүлдем поштама хабарлама келмейді.

+1 дауыс

Қаттысөгеміз, не сұмдық мынау???? Басқалары басқа НАҚ сұрақ жауаптан күтпеп едім, көңілім инверсияболды сайтқа деген, мынадай сұмдықты көтере алмаймын, жүрегім тоқтап қала жаздады десең иа, әлде деп қойдым ба

0 дауыс

Мен почтам арқылы көретін едім..Енді жақсы болды мен үшін қиын емес Ербол аға..Сондай қылғаныңыз барлық қолданушыларғада жақсы болды..Енді не дейміз сайт дами берсін биіктерден көрінсін..

Неее,мынаны мен жазған жоқ едім ғооой.
Белгісіз
0 дауыс

Ыңғайсыздау екен. Бұрын кім не жауап бергені көрініп тұратын еді. Енді қазір әр ссылкаға бөлек вкладка ашамыз.

0 дауыс

Қызық)) мен сайтқа жаңа келдім ештеңесі жоқ сияқты ғой. Бұрын қандай еді сонда?

0 дауыс

Маған ешқандай хабарлама келмейді

0 дауыс
Сайтты ашып отырғанда почтаны қолданбаймын, тек жаңартуларды қараймын.
...