+1 дауыс

 

Бертін келе шыққан даярлық сыныбының сауат ашу мен бірінші сыныптың әліппе оқулықтарынан мынадай өзгерістер байқадым,сізде көрген шығарсыз,бәлкім.Кітап мұқабасында әріптер ретімен жазылғанымен,жеке тақырып болып өтілгенде Аа,Тт,Пп дәл осы ретпен оқытылады.Бұрын біз оқығанда бұлай емес еді ғой,әлде мен қателестім бе?!Енді сұрақ:мұндай ретпен оқытудағы мақсаты не?неліктен өзгертілген?Анда басқа,мұнда басқа!Оқушылар миы айналып,шатасып кетуі мүмкін ғой!Мардымды жауапқа алдын-ала алғыс!

06.02.2014 621 қаралым

2 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ол дұрыс негізі. Балаға сөз үйрету үшін осы әдіс тиімді. Егер Аа әріпінен кейін Әә арпі болса екі әріптің қосындысынан ешқандай сөз шықпайды. Сондықтан Аа әрпінен соң дауыссыз дыбыстар Тт, Пп, Рр әріптері үйретіледі. Себебі: дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс қосылса сөз пайда болады. Және ең алғаш үйретілетін сөздер: ата, апа.
06.02.2014
Өте түсінікті әрі нақты жауап. Осыған байланысты мақала жазбақшы едім және қалай дәлелдеп түсіндірерімді ойланып жүрген едім,міне жауап!Алғыс білдіремін!
0 дауыс

Иә шынымен бұл тиімді оқыту әдісі. тез сөз жаттап үйренуіне де буындарға бөлуді де жақсы үйренеді.

07.02.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы