–1 дауыс

Бұл сұрақты нақты түсіну үшін апам айтқан мына хикаяны баяндап берейін. Бұл оқиғаның болғанына көп уақыт өтпепті. Ауылдағы бір келіншек моншаға түсіпті. Содан кейін ыңғайсыз қылықтар істей бастапты. Шәйін төгіп тастайды, баласының бетінен ұрады,орынсыз күледі екен. Кейін оны бір емшіге апарғанда анасы түрлі құбылыстарды байқапты. Оны мешітте емдегенде перделер ашылып жабылып, басындағы жастығын біреу жұлып алады екен қараса ешкім жоқ т.с.с. қылықтар. Сол мешіттен кейін ол емделіп шығыпты. Бір қызығы сол мешіттің жанында мола бар екен. Бұл жағдайды апам баласы қырқынан шықпай моншаға түскеннен дейді. Ал мен бұл жағдайды қанша ойлансам да шегіне жетпей қойдым. Жалпы есінен айырылу қандай жағдайда болады? Құран бойынша түсіндіріп беріңіздерші.

06.02.2014 2.1k қаралым

3 жауап

+2 дауыс
Шайтандар жалпы әйелдерді қолайлайды. Себебі әйелдер ер адамдарға қарағанда әлсіз болады. Шайтандар қатты азғындап кеткен әйелдердің кейде ер адамдардың денесіне кіріп алады. Ол кезде денеге адам емес шайтан иелік етеді. Оны тек діни білімі бар адамдар құран сүрелерін оқу арқылы ғана шығарады. Жын-шайтандар туралы олардың түрлері т.б ақпаратты мына жерден оқи аласың. http://www.islamdini.kz/articles/view/773
06.02.2014
0 дауыс

Бұл жерже діннің, жын-шайтанның ешбір қатысы жоқ. Медицина тілімен түсіндіру қажет.

07.02.2014
Оны мешітте емдегенде перделер ашылып жабылып, басындағы жастығын біреу жұлып алады екен қараса ешкім жоқ т.с.с. қылықтар.
Кәдімгі аурулар болса перделер ашылып жабылуы мүмкін деп ойлайсың ба?
0 дауыс
Ал мен айтар едім,бұл жерде діннің де,медицинаның да қатысы жоқ,бұл метафизика,эзотерика бойынша түсіндіріледі.
26.08.2014
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы