+2 дауыс
118k көрілді
Жер-су аттары туралы аңыз-әңгімелер,ертегілер тауып бересіздер ме?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Кемпіртас туралы аңыз 

Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы құрылған екен. Оған дейін аталған өңір мемлекет қорғауында болмапты Сол уақыт кезеңінде кешегі тың игерушілер мына фотода көрініп тұрғандай Кемпіртастың «тілін» жұлып алған екен. Біреулер өздерінің «батырлығын» дәлелдеу үшін техниканың көмегімен Кемпіртастың «тілін» трос байлай отырып вандалдық әрекетке барған. Жалпы, Кемпіртас туралы аңыздың бірнеше нұсқасы бар, бірінде тіпті Баба-Яга қылып қояды. Қазақ жеріндегі қайдағы Баба-Яга, кейде не болса соған сене беретініміз бар-ау! Тіпті Иван Купаланы Қазақстаннан тауып жүргендер кездеседі. Негізі Кемпіртасты әр қырынан қарасаңыз бірде жас қызға, енді бірде егде тартқан әйелге, тағы бірде әжеге ұқсайтыны шын. Фантазияңыз білсін! Бірақ аңыздардың ішінде Кемпіртас туралы мына аңыз өзіме ұнады. "Кірпігіңде тұрса да әлі жас байланып, Дінің қатты екенін растайды анық. Көкжиектен бір сәтте көз аудармай, Әй, кейуана, кеттің-ау тасқа айналып. Жанарымнан сорғалап алқызыл таң, Жан дүнием менің де сан бұзылған. Жайыңды ұғам, тас кемпір, себебі мен Сен секілді айырылғам жалғыз ұлдан. Жау жоқ бірақ көк семсер сермесердей, Тек уақыт тұр төбемнен төнген селдей. Кемпіртас-ау, қайғыңды бөлісуге Тасқа айналап кетейін мен де сендей»,-деп керекулік бір ақын жырлағандай Кемпіртас соғыстан оралмаған жалғыз баласын зарыға күте тасқа айналған ананың бейнесі екен! 

Амандық Әмірхамзин

"Атқырылған" көлі туралы аңыз 

Белгісіз бір заманда Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауылында Сержан атты бай тұрыпты. Кезінде ауылдағы билік өз қолында болған бай өзі тойса да, көзі тоймайтын дүниеқоңыз, сараң адам болған екен. Бар билік қолында болғандықтан халықты қанап, қыстап, ойына келгенін істеген. Өзінің қара басын ғана ойлаған. Ауылдағы ең шұрайлы жер де, өзен-көлдер де соның қарамағында болған. Иелігіндегі суды, жерді халық пайдалана алмайтын. Себебі бай: «Менің дүниеме қол сұқсаң, ақысын төле»,—деп пәле салады екен. Күндердің күнінде ауылдың басына қара бұлт төнеді. Ауылда құрғақшылық болады. Ауыл шаруашылығының егістігі тұтас шықпай, құрғақшылықпен қатар, ашаршылық азабы қатар төнеді. Дәл сол тұста қарапайым халық көмекті байдан сұрап, өзен арнасын егістікке бұруын өтініш етіп келеді. Онда бай егістікке жіберілген судың есесіне халықтан өздерінің қорадағы күн көріс малдарын алатынын айтады. Әрине, амалы жоқ халық ауылбасы Сержанның ұсынысына көнеді. Осылай малдарынан айырылып қалған халық егістігін аман алып қалады. Дегенмен қарапайым халықтың мұң-зарына құлақ түрмей өз құлқынын ғана ойлаған байға да зауал келеді. Отар-отар малдары бірінен соң бірі індетке шалдығып, қырыла бастайды. Арамдықпен жиған малдан түгі қалмаған бай кедейлер қатарына амалсыз қосылады. Кезінде менің көлім деп әмірлік жүргізген байды мұқатқысы келгендер көлді «Атқырылған» деп ауыл арасында атап жүреді екен. Кейін де сол атау көлдің аты болып қала береді.

+3 дауыс

Көкшетау таулары үстіндегі аспан көкпеңбек нұрлы, ауасы тұнық мөлдір болғандықтан да «Көкше тау» деп аталады. Осы таулардың арасында ертеректе бір бай әрі би қоныстанған екен. Ол бай бимен бірге бір еркін де тәккаппар ақбас бура мекен еткен. Ол бураның әсемдік түрі, биік тұрпаты, қалың жүннің ақтығы көрген адамды қызықтырмай қоймайды. Талайлардың қолына түсіп үлгеріпте шыққан Бура, сытылып қашып құтылып кете беретін болған. Бура жалғыз жүріп, жалғыз тұрып, ешкімге басын имей үйреніп кетеді. Ол суды тек тазалығы мен мөлдірлігі үшін Күміскөл атап кеткен бір ғана көлден ішеді. Күн сайын келіп, тал түсте су ішуге келіп, келетін соқпағы да біреу болатын.
Бура қасиетті еді. Жау қосындарының жақындағанын күні бұрын сезіп, боздаған жылаған дауысымен халыққа төнген қауіп жайлы хабар беретін. Бура ханның ауру сырқатын ерте біліп, ерекше тынышсызданып, күңірене боздап, беймаза болатын. Үрейлі күндердің алдында ақ бура толассыз, тоқтаусыз ақыратын.Ақырғанын естігендер, төңіректегі адамдар мен далалардың халқы асығыс жиналып, жау шапқнышылығын қайтару үшін жасақтар құрып, бірігетін. Ақ бураға құдайдай табынып, пәле жаладан қорғау үшін Тәңір жіберген әулие жануар деп санап жүрді.

Жылдар өтіп, адамдар арасынан залым пайда болып, өзі сияқты басбұзар, сұмдардан құралған топ құрып, кедейлерді тонап, аң құс, адамдар деп қарамай қырғынға ұшыратты. Олар жануарлар мен адамдарға, жабайы аңдар мен құстарды қырып жойды. Адамдарға таяп жақындап келгенде бура ақырып хабар жеткізетін. Қарақшылардың жолдары болмай, Аңдар қаскөй жауыздардан құтылды. Бура, ерекше қасиетін біле тұра, Аңдар ғана құтылджы. Хабар беретін кезін біліп алып,өлтірмекші болды. Күндердің күнініде қалың орманды ақ омыраумен келе жатып, аңшылардың қолына түседі.Бір қарақшы ұзын жебесімен бураны атып, бураның кеудесін көздеп, садағымен атып жібереді. Жебенің оғы киелі жануардың көкірегін өтіп, өркешін тесіп шығады.Аузынан қан кетіп, тұяқтарымен тапап тасмамақшы болып, өзін зәбірлеуші, тапап тасмақшы болып, ақыра боздап, атын қамшап қашып кетеді. Жарақат алған бура, кері бұрылып, өзі туып өскен, көлдің жағасына келді. Жан тәсілім етер алдында басын қағба жаққа қаратып, көзін жұмалы. Сол қалпында қос өркешті ақ бура көзін жұмады. Бура қос өркешті ақ тауға айналып, тұрып қалады. Биіктігі 690м. Өркешінен әлі күнге дейін жануарды көктеп төкен, сорайып щшығып тұр. Ақ бура мекен еткен жер. ауыл, мейірін қандыра сусындаған күміс көлде Бурабай деп аталды

+3 дауыс
Шайтанкөл – аңыздар мекені 2 5243 Осыдан аттай 105 жыл бұрын Қарқаралы тауларының қарағай-қайыңды қолаттары тасқа шағылған болат шапқының шыңылымен жаңғырығып, орман-тоғайды мекендеген құс атаулы дүрлігіп, елігі елеңдеп, бұланы мөңірей қашқан бір оқиғаға куә болды. Қарқаралының архиерейі Михаил жергілікті жұртшылықтың өтінішімен Қарқаралының бір сілемі – Бұғылы тауының басына біткен Шайтанкөл көлінің маңын жын-періден аластау мақсатында мөлдіреп жатқан айдынның батыс жағалауындағы қойтасты тесіп, крест орнатты. Көлдің атауынан үріккен діндарлар «Бұл жер енді «Қасиетті көл» атансын» деп, ерекше рәсім атқарған екен. Бірақ қазақ ежелден «Шайтанкөл» атап кеткен, тау басына біткен жұмбақ көлдің атауы өзгермеді! Керісінше, Сәбит Мұқанов, Сырбай Мәуленов, Серік Ақсұңқарұлылар жырға қосып, шыңға біткен шараяқтағы шағын көл аңыз бен сұлу жырға арқау болып келеді... Бір қызығы, ел-жұрт ерте бастан аңыз-әңгімелер ар­қылы көркем келбетін қалыптастырған Шайтанкөл жаратылыстану ғылымдарының нысанасына әлі ілігер емес. Теңіз деңгейінен 1200 метр биікте шарасына шү­пілдей толып жатқан аспанкөл туралы жергілікті өл­кетанушы этнографтар сөз етпесе, географтар, су құ­рамын зерттейтін сала мамандары тың ізденістер жа­самай келеді. Тіпті жергілікті санитарлық-эпи­де­мио­логиялық стансы мамандары еш өзен құймайтын, ағып шықпайтын тұйық бассейн суының құрамын анық­тамаған екен. Шайтанкөлдің құпиялы қасиеті туралы осыдан бі­рер жыл бұрын ел газеті «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында тұң­ғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров біраз сыр шертті. То­қаң елге келген сапарының бірінде тау басындағы көл­ге түсіп, түнеп жатып қайтқан екен. Қалаға орала са­ла, батырдың денесін бөрткен басып кетіпті. Емхана, дәріханалардың табалдырығын тоздырған батырға ем табылмай, бір күні өзі түс көріп, түсіне енген ақ киімді ақсақал: «Балам, амандық сұраспадың ғой?» деп кейістік білдіріпті. Ақыры Тоқаң Қарқаралыға қайыра кеп, Шайтанкөлге шомылып, тәнін жуып, мазасын алған белгісіз жарадан құтылыпты-мыс. Шайтанкөлдің жағасына қадалған крест туралы алғаш жазған белгілі өлкетанушы Юрий Попов болса, уақыт өте су түбіне лақтырылған кресті алғаш көрген осы Тоқ­тар Әубәкіровтің ұлы екен. Шынтуайтында, көл түбінде жатқан кресті көрдім деушілер аз. Тек осыдан бес жыл бұрын архиерей Михаилдың Шайтанкөлді алас­тағанына 100 жыл толған тұста Қарағанды өңірі ка­зактарының атаманы, Қазақстан Республикасының Орыс-славяндар мен казактар қауымдастығының мү­шесі Семен Раков бастаған топ көл түбіндегі зілтемірді қа­йыра алып шығуға ынта білдірген. Алайда бас­тамашыл топ қаражат таба алмады ма, әлде өзге гео­сая­си себептерге тоқталды ма – крест су түбінен шы­ға­рылған жоқ. Қарқаралылық Ахметбек Әрінов атты ақсақал өзінің кітабында осынау көлді мекен еткен қос шайтан туралы әңгімелейді. «Өте ерте заманда орман-тоғай­лы осынау өңірге Жиренсақал әулие келіп, ел ара­лайды екен. Әулие биік таулардың бірінің шыңын мекен еткен-міс. Күндердің күнінде ол Шайтанкөлге барған. Көлге жақындап барғанда қараса, су ішінде дене тұрқы адамға келетін сары түсті қос мақұлық шомылып жүрген көрінеді. Түсініксіз тілде өзара сөйлескен әлгі екеуінің бірі екіншісін «Әбілет, Әбілет!» деп атаса, екіншісі оған «Жәбілет!» дейді екен. Әулие бұлардың ерлі-зайыпты шай­тандар екенін біліп, олардың көбейіп кетуінен қауіптеніп, дұға оқып, айғай салғанда қос шайтан зым-зия жоғалып кеткен екен. Содан кейін әулие көл басына жиі кеп, түнеп жүргенде де шайтандарды кездестірмепті-міс. Көлдің «Шайтан­көл» аталуы содан», – дейді ақ­сақал. Ел айтатын көптеген аңыздардың бәрі осы көлдің атауына келіп тіреледі. Шын­туайтына келгенде, ойыс-ойпатты сайда емес, жақпар тасы қатпарын қалыңдатқан тау басына біткен суды көрген қазекем «Бұл адамның ісі емес, шайтанның ісі болар!» деп топшылауынан туған шығар көл атауы. Қалай болғанда да, көл атауы үрей тудырады екен деп, сыңсыған орман ортасында, құз-қиялы тау басына біткен сұлу көлге барушылар азайған емес. Қарқаралы өңіріне келгендер Шайтанкөл басына барып, түнемей кетуді ар санайтыны да бар. Ал осы шаруалардың ту сыртында туризм мен жаратылыстану саласының мамандары бастамаған талай іс тұр. Бәлкім, осы бағыттағы шаруалар жолға түсірілсе, Шайтанкөл туралы географиялық картадан да, энциклопедиялардан да оқып-біліп, туған жер табиғатын аялауға ынтығар жас көбейер дейміз... Дерек-дәйек Шайтанкөл – Қарқаралы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым қашықта, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 60, ені 40 метр. Тереңдігі жайлы анықтама жоқ. Ағынсыз. Айдыны қар суымен, жауын-шашынмен толығып отырады. Қарағай-қайыңды орман басқан қат­парлы жартастар сынықтары ара­сында жатыр. Мұнда мыңжылдық папоротник (мыңжапырақ), сазға біткен қияқ секілді аса сирек кездесетін емдік өсімдіктер өседі. Жан-жануарлар әлемі де бай. Бұлан, қабан, елік, тиіндердің ерекше түрлері кездеседі.
...