+1 дауыс
4.3k көрілді

Плутон, сатуран, юпитерді кім ашқан және нешінші жылы?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Плутон

Уранның қозғалысын байқап, ғалымдар жаңа дененің орбитасы мен көрінетін орбитасының айырмашылығын көріп, Нептунның ар жағында тағы бір ғаламшар бар екенің түсінді. 1930 жылының ақпан айының 18 жұлдызында жас астроном Клайд Томбо Американың Ловвелов обсерваториясында зерртеу жасап, Плутонды ашқан.

Ғаламшардың атауы көне гректердің "өлім әміршісі" Аидтың атына сәкес, латын тілінде Аидты "Плутон" деп атаған.

Сатуран

Сатурн - Күн жүйесіндегі көзге Жерден көрінетін бес ғаламшарлардың бірі. Шарықтау шегінде Сатурнның жарығы бірінші жұлдыздық шама асады.

Сатурнды алғаш рет бақылаған Галилео Галилей ғаламшарды біркелкі аспан денесі емес, бір-біріне жанасатын үш дене деп, бұлар Сатурнның екі ірі серіктері деп болжам жасады. Екі жылдан кейін жасаған бақылауында серіктердің орнында болмауы оны таңдандырды.

1659 жылы Гюйгенс өзінің одан қатты телескобымен қарап, серіктердің дене емес - жұқа және жалпақ сақина екенін және ғаламшарға тимей тұрғанын көрді. Және Гюйгенс Сатурнның ең үлкен серігі - Титан ашты. 1675 жылдан бастап ғаламшарды зерттеуді Кассини бастады. Оның байқағаны, сақина аралары ашық екі сақинадан, ал ортасындаға анық көрінетін қуыс, яғни Кассини қуысы тұрады, және тағы бірнеше ірі серіктерді ашады.

1979 жылы "Пионер-11" құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан ұшып өтеді, оның артынан 1980 және 1981 жылдары "Вояджер-1" және "Вояджер-2" өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, сақиналардың анық (детальды) құрылысын алды және құрамын анықтады.

1990 жылдары Сатурнды, оның серіктерін және сақиналарын Хаббл телескобы зерттеді. Ұзақ бақылаулар "Пионер-11" және "Вояджер" құрылғыларының ғаламшарлардың қасынан бір өтіп кетіп, толық зерттелмей қалған көптеген жаңа мәліметтер әкелді. 1997 жылы Сатурнға Кассини-Гюйгенс құрылғысы ұшып, жеті жылдан кейін 2004 жылдың 1 шілдесінде Сатурн жүйесіне жетіп, ғаламшардың орбитасына енді. Кем дегенде 4 жылға созылатын бұл миссияның негізгі тапсырмалары болып сақиналардың құрылысы мен динамикасын зерттеу және атмосферасы мен магнитосферасының динамикасын зерттеу болып табылады. Одан басқа, арнайы "Гюйгенс" зонды құрылғыдан ажырап, Қоңырқайдың серігі Титанға қонды.

+1 дауыс
ПЛУТОН 1930 жылы 18 ақпанда Клайд Томбо Американың Ловелл обсерваториясында Күн жүйесінің тағы бір жаңа планетасын тапқан еді. Бұл Планета ПЛУТОН деген атқа ие болды. Ірі телескоптар көмегімен алынған фотосуреттерде ол кішкентай ғана әлсіз жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның диаметрі 3000 километрге жуық. Ол Күннен шамамен 6 млрд километр қашықтықта баяу қозғала отырып,оны 248 жылда бір айналып шығады. Плутон-Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі болып есептеліп келген еді. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесінде алынған планеталар Әлемі жөніндегі дәлелді мәліметтер негізінде Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен(Прага,тамыз,2006ж.)Плутон ,,ергежейлі планета'' аталып,оған ресми астероидтық 134340 нөмірі берілді. САТУРН Күн жүйесіндегі ерекше бір түзіліс-Сатурн планетасы(қазақша аты-,,Қоңырқай"). Оны айнала қоршаған жалпақ сақинаның қалыңдығы бірнеше километрге созылып жатыр. Сақина планетаның экватор жазығында орналасқан,ал бұл жазықтықтың планета орбитасының жазықтығына көлбеулігі 27 гдадус. Сондықтан Сатурн 30 жыл ішінде Күнді бір рет айналып шыққанда,бізге бұл сақина бірде әжептәуір ашылып көрінсе,бірде тура қырынан көрінеді. Қырынан келгенде оны жіңішке сызық түрінде үлкен телескоптың көмегімен ғана көруге болады. ЮПИТЕР Ал енді алып планеталардың ішіндеге ең жақсы зерттелгены-ЮПИТЕР(қазақша аты-,,Есекқырған"). Ол диаметрі бойынша Жерден 11 есе,ал массасы жағынан 300 есе үлкең. Оның Күнді айналу периоды 12 жылға жуық. Юпитердің айналу осі оның орбита жазықтығына перпендикуляр болғандықтан,онда ешқандай жыл мезгілдері болмайды. Ондағы тәллік-9 сағат 50 минут. Ол басқа планеталар сияқты өз осі төңірегінде өте тез айналады.

Ұқсас сұрақтар

...