+2 дауыс
18.4k көрілді

Бала би туралы мәлімет керек? Анау жер емес, өзі туралы!

Сөз зергері – Бала би

Бала кезімнен Бала би туралы әкемнен көпестіп өстім. Әсіресе, отбасымызбен жиналып, үстіне сары май салынған, сүткепісірілген күріш тағамымен түстеніп отырғанда Бала би атамызбен байланысты бұләфсана әрдайым еске түсетін-ді. Бұл тағамды Сыр өңірінде «Сыр күріш» депайтады. Енді, бұл тағаммен байланысты қандай әфсана деп отырған боларсыз?

Ертерек тесыр өңірінде өмір сүрген белгілі би-датқалар Досболмен Бала би бір үйде түстеніп отырады. Үй иелері түстікке сүтке күріш бұқтырып, үстіне сары май салыпәкеледі. Әрине, сары май тағамның басты дәмдеуіші. Ауқаттанып отырған Бала бисонда сары майды өз жағына қарай жақындатуды ойластырып:

- Досеке кішкентайымыздан бірге өскен егіз едік.Атам өлді - келмедің, шешем өлді - келмедің, - деп сары май бетінен өзіне қарайекі жол тартып қойыпты.

Сонда жолдасының қулығын сезе қойған Досбол би:

- Мен сені ұмытайын деп жүр деймісің. Ееее, олкез ел ішінде аласапыран заман еді ғой - деп сары май мен күрішті араластырыпжіберіпті.

Бала би шешен 1811 жылы киелі Шиелі топырағындағы Бәйгеқұм, Жөлек маңайында туылған. Шын есімі Бименбет Есенәліұлы. Он үш жасында жетім қалып, әкесінің інісі Арғынбайдың тәрбиесінде болып, қасына еріп жүреді. Ағасы жас Бименбеттің зеректігін байқап, ел ішіндегі жиын,той, ас, басқа да басқосуларға ертіп апарып, болашағынан зор үміт күтеді.Осылайша жастайынан ел мен жер дауына араласып, халық арасында Бала би атанады.

Әкемнің ағасы Әйтеке көкемнен естіген, есімде ерекше қалған тағы бір елаузындағы әңгімені айта отырайын. Қоңырат жұртында Байзақ атты датқа болыпты. Байзақтыңжүйрік тұлпары бар екенін естіп, қатты қызыққан Қоқан ханы, сол тұлпарды түрліамал-айламен қолына түсіре түсіре алпапты. Түркістан билеушісі түрлісебеп-сылтау іздеп, Байзақ датқаны қамауға алып, оның үстіне алба-жұлбасышыққанкиімдер кигіздіріп қояды. Қарауындағы барлық датқаларды жинап алып, Байзақдатқаны алдарынан өткізіпті. Жиналғандатқалардан Байзақтың үстіндегі жұлымы шыққан киімді жарасады ма деген сұрағынакөпшілігі, «иә, жақсы жарасады» деп бір ауыздан билеушінің сөзін сөйлейді.Сонда сөз реті Балабиге тигенде, ол «Уа, мырзам, күндердің күнінде басыңнанбағың тайып, дәулетің мен атағың аяқасты болғанда, бұл киімдер сізге дежарасады. Өмірде бастан бақтың таюы бір-ақ сәтте, ұлықтан кішік болу,ел-жұрттың өзіңнен теріс айналып кетуі әп-сәтте»- деп жауап беріпті. Қызылсөздің қадірін білген халықтың ұрпағы емеспіз бе. Сөз астарын дұрыс түсінебілген бек, өзінің негізсіз іс-әрекетін тоқтатыпты. Тәубесіне келіп, Байзақдатқаны босатып, кешірім сұрап,сый-сияпатымен шығарып салыпты.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бала би шешен 1811  жылы киелі Шиелі топырағындағы Бәйгеқұм, Жөлек маңайында туылған. Шын есімі Бименбет Есенәліұлы. Он үш жасында жетім қалып, әкесінің інісі Арғынбайдың тәрбиесінде болып, қасына еріп жүреді. Ағасы жас Бименбеттің зеректігін байқап,  ел ішіндегі жиын,той, ас, басқа да басқосуларға ертіп апарып, болашағынан зор үміт күтеді. Осылайша жастайынан ел мен жер дауына араласып, халық арасында Бала би атанады.

Бала бидің атында бұл күндері туған жері Шиелі өңірінде мектеп, көше мен ауыл атауы бар.

...