+3 дауыс
2.5k көрілді
Ия! Жоқ. деген жауап емес нақтырақ айтсаңыздар. Зияны бар ма, жоқ па екенін!

5 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Рас, қазір жастар құлақтарынан «наушник» тастамайды. Кейбіреу паралон салын­ған үлкендеу «наушник» тағады да, қысы бойы құлағынан тастамай, осылай жылы жүреді деп санайды. Бірақ бұл үлкен қателік. Қазіргі­дей ауа температурасының салқындаған ке­зін­де мүмкін болса бас киім киіп жүрген жөн дейді маман. Өйткені құлақ ауруы бірден бастала қоймайды екен, білінбей дами беруі мүмкін деседі. Ал суық өткенде шыңылдап ауырған құлаққа жылы не ыстық нәрсе басуға болмайды. Өйткен жағдайда өте нәзік әрі сезімтал жүйке талшықтары бүлініп, невралгия дертіне шалдығуы мүмкін. Сондықтан отоларинголог дәрігер жаңбырлы-қарлы маусымда құлақты жылы ұстайды деп «наушникке» арқа сүйеу­ге болмайтынын айтады. Тіпті бас­қа кездер­де де «наушникті» күніне 3 сағаттан артық құлақ­қа асып жүру зиян. Ол құлақтың есту қабілетіне зақым келтіреді. Үнемі жабық кеңістікте жү­ріп, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке тал­шықтары тез тозатынын да ұмытпаған жөн. Ал бұл кеңестерге құлақ аспаған жағдайда білдірмей, біртіндеп басталатын дерттің жазылуы да қиынға соқпақ. Мамандар қазір дә­рі­герге қаралуға келген науқастардың 30-40 пайызында түрлі дәрежедегі құлақ аурулары барын ескертеді. Сондықтан «наушникпен» емес, бас киіммен дос болған жөн-ау.
Айшат дурыс айтасын !!! жауабын оте керемет !!!
Рахмет көп-көп!
яяя бұндай жауапты неге жақсы жауап қылмасқа! а(nod)
+3 дауыс
Ербол бауырм кие бер ештене ете калмас 40 жаска дейін естисін. Одан әрі апарат киесін. Пойдетпа пойдет болса тақ. Пойдет болмаса тақпа.
+2 дауыс
Ол - зиянды! Медициналық тұрғыда былай қойғанда, жол -көлік оқиғасына ұшырайтын жаяу жүргіншілердің  басым бөлігінің құлағында сол сіз айтып отырған  "құдірет" болады екен.
+3 дауыс
Наушникке жасырын рак деген атау берген деп естідім. білдірместен бас рак ауруына әкелетін болғасын айтқаны да. пайдасы жоқ мүлде
0 дауыс
Нашник таққан көп аурларға шалдығасың.Құлағың естімей қалады т.б.Нашник таққан қандай ауралар пайда болатынын ғалымдар әлі анықтағн жоқ
...