0 дауыс
10.8k көрілді

Каналдар мен бөгендер. Жер беті суларын қорғау

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бөген, су бөгені — арнасын бөгетпен бөгеу немесе жер бедерінің көлемді ойыстарына су толтыру арқылы құрылатын жасанды су қоймасы. Бөген өзен ағынын тиімді пайдалану (электр энергиясын өндіру, кеме қатынасы, сумен қамтамасыз ету, егін суару, балық өсіру, т.б.) мақсатында жасалады. Шағын Бөгендерді әуіт, тоған деп те атайды. Су мөлшерін реттеу мерзіміне байланысты тәуліктік, апталық, маусымдық (немесе жылдық) және көп жылдық Бөген болып жіктеледі. Дүние жүзіндегі ең ірі [Ангара|Ангарадағы Братск Бөгенінің көлемі 170 км3. Қазақстанда Ертіс өзенінде аса ірі Бұқтырма, Іледе — Қапшағай, Сырдарияда — Шардара Бөгендері бар.[1]

Бөген - Сағалық өңірінде бірте-бірте кеңи түскен өзен аңғарын теңіз суы басып кетуіне байланысты пайда болатын шығанақтар. Ашық және жабық бөгендер болып екі түрге бөлінеді. Ашық бөгендер теңіз суымен басыбайлы байланыста болса, жабың бөгендер теңіз айдынынан көшпе аралдар мен бел-белестер арқылы дараланған күйде ұшырасады.

Канал (латынша:canalis – құбыр, науа), арна –гидротехникада, су ағыны арынсыз жасанды арна. Негізінен, грунтта қазылады. [1][2]

Каналдардың түрлері

Ірі порттардың кеме жүретін жерін тереңдету үшін су астында қазылатын гидротехтикалық құрылысты да канал деп атайды. Пайдалану мақсатына қарай каналдар әр түрлі болады:

кеме қатынасы каналдары (Суэц, Панама, Волга-Дон каналдары, тағы басқа),
энергетикалық (деривациялық) каналдар,
өнеркәсіп орындарына, елді мекендерге, жайылымдарға су беру үшін қазылған жерді суландырғыш каналдар (Ертіс – Қарағанды каналы, Есіл су құбыры, тағы басқа),
ирригациялық каналдар (Арыс – Түркістан каналы, Үлкен Ферғана каналы, тағы басқа),
жиналған артық суларды ағызып жіберу және жерді құрғату үшін қазылған дренаждық каналдар, балық өтіп тұруға және ағаш ағызуға арналған каналдар, тағы басқа. Ал кешенді каналдар бір мезгілде бірнеше мақсатты су шаруашылық мәселелерін шешуге арналған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
...