+2 дауыс
3.4k көрілді
Діни жағынан емес, ғылыми ғалымдар дәлелдеген пайдасы туралы ақпарат керек еді. Сайтқа сілтемесі болса да?

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүндет – мұсылмандық мiндет Өткен ғасырдың басында Еуропа елдерi санасында баланы сүндеттеуге қатысты төмендегiдей түсiнiк қалыптасты: «Бұл – мұсылмандар мен еврейлерге ғана тән дiни мiндет. Оның өзге дiн өкiлдерiне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда ғана қолданылған. Бүгiнгiдей гигиенаны сақтау мүмкiндiктерi жоғары кезде оның қажетi жоқ. Ол құмарлықты тежейдi. Балаға ауыр тиедi». Мұны «айғайлап» айтқандардың қатарында, әрине, Америка да болды. Сөйткен Америка кiшi Буш билiк құрып тұрған кезде сүндеттеудiң СПИД, ВИЧ секiлдi қатерлi кеселдердiң алдын алу үшiн маңызы зор екендiгiн өз еркiмен мойындады. Мойындау емей немене, Африка елдерiнде өршiп тұрған дерттiң алдын алу үшiн ондағы ер адамдарды сүндеттеуге өз қоржындарынан 15 млрд доллар бөлсе. Мiне, парадокс! Буш былай тұрсын, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының өзi бұл рәсiмнiң адам денсаулығы үшiн жан-жақты маңызға ие екендiгiн мойындады. Африкада жүргiзiлген зерттеу жұмыстары сүндетке отырғызу арқылы қатерлi дерттiң 60 пайызға азайғанын көрсеттi. Бұл туралы ұйымның маманы Тегест Герман 2007 жылы Женевада жасаған баяндамасында айтып едi. АҚШ-тың педиатрлық академиясы 1999 жылы сүндеттеудiң медициналық тұрғыдан пайдалы екенiн жариялап, баланы сүндетке отырғызу, отырғызбау мәселесiн ата-аналардың өз қалауларына қалдырды. Ең қызығы, қазiргi таңда АҚШ пен Еуропада баласын сүндеттегiсi келетiн ата-аналар саны күрт артып келе жатқандығы байқалады. Сүндетке отырғызудың дiни жағынан да, медицина тұрғысынан да пайдасы бар. Бойға тазалық, жан дүниеге әсемдiк бередi. Алланың қалауымен әртүрлi аурулардан сақтайды. Сүндеттеу мұсылман халқынан өзге Орталық Американың үндiстерiнде, африкалық тайпаларда, британдық ханзада отбасыларында кездеседi екен. Қазақтарда Сүндетке отырғызу – ер балалардың зәр шығару мүшесiнiң ұшындағы хирургиялық жолмен алынып тасталатын терi. «Той» сөзiнiң әр әрпiне дейiн қадiр тұтатын қазақ халқы үшiн «Сүндет тойдың» орны ерекше. Сүндетке отырғызатын баланы ата-анасы алдымен психологиялық тұрғыдан дайындайды. Сүндетке отырғызылған балаға «Сен ендi нағыз жiгiт болдың!» деп жiгерлендiредi. Сүндеттеу рәсiмiн ер жiгiтке тән төзiмдiлiкпен өткерген жас баланың бойында шынында да «Мен азаматпын!» деген мақтаныш пайда болады екен. Мұндайда шамасы келгендер ат шаптырып, балуан күрестiрiп, үлкен думан жасайды. Еврейлерде Бұл рәсiм дiнмен байланыстырылады. Олар бұл мiндеттi Құдайға жақындау, өз халқына шын берiлгендiк деп ұғады. Сүндетке отырғызудың еврейлiк тәсiлiнде ер баланың жыныс мүшесiнiң артық шығып тұрған терiсiн кескенде үрпiнi ұстап тұратын тамырды да кесiп кетедi екен. Ал, мұсылмандарда тамырына тимейдi, тек терiсiн ғана кеседi. Мамандардың пiкiрiнше, қазақта Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбайлардың туылатыны осыдан көрiнедi. Ал, еврейлiк тәсiлмен кескенде Елубай, Алпысбаймен тоқтап қалуы мүмкiн көрiнедi. Гүлдарай ЖҰМАНОВА, №1 балалар емхананасының хирург-дәрiгерi:
+4 дауыс
Сүндеттеудiң пайдасы Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлi iсiкке анағұрлым аз шалдығады. Ерi сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойнының қатерлi iсiкке шалдығу қаупi алты есеге жоғары. Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупi сүндеттелмегендерде сегiз есе жоғары. Австриялық ғалымдар СПИД-ке шалдыққан ер адамдардың басым көпшiлiгi сүндеттелмегендер екенiн дәлелдедi. Сексопатологтар да сүндеттелудiң қажеттiлiгiн мойындауда. Сүндеттеу фимоз (жыныс үрпiсiнiң жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерiнiң алдын алады.
+4 дауыс
шырағым, мынаны айтайын саған. діни жағынан еемс деп місе тұтпайтын көрінесің ғой дінді. діндегі тыйым мен рұқсат етілгендердің барлығын қазір ғылым барлығы адамзат үшін пайдалы екенін дәлелдеп жатыр. сондықтан алдымен діни тұрғыдан, сосын оның ғылымда қандай орын алатынын салыстырып отыру керек. мұсылмандар ғана сүндеттемейді, медицинада оны циркумцизия деп атайды. ер адамның жыныс мүшесінің ең ұшына зиянды бактериялар көп жиналады, ал оның ұшын кесіп тастаса бактериялар тоқтамайды.
ДҰРЫС АЙТАСЫҢ !!!! АСМА!!!!!! ДІНДІ МОЙЫНДАҒЫСЫ КЕЛМЕЙТІН, БІРАҚ МҰСЫЛМАНМЫН ДЕП АЙТУҒА ҰЯЛМАЙТЫН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЖҮРЕКТЕРІНЕ ЖАРАТУШЫМ ИМАН БЕРСІН, ИНШААЛЛАҺ !!!!
Белгісіз
+3 дауыс

мына жерде жақсы жазылған екен  http://irgetas.com/main/index.php?option=com_content&task=view&id=112&Itemid=25

+2 дауыс
Көрер көзге түрі де жақсарады ғой,сондықтан қазақтар:-"Қалай,балаңды сұлулаттың ба?"- деп сұрайды.
Ия оның рас. Еркектер бесіктен белі шықпай жатып, қарап жатпай осылай ақша табады.
+1 дауыс
[Сүндет жайлы ақпарат 15000 жыл бұрын болғандығынының дәлелдерімен][1]
[Сүндеттің пайдалы жақтары жайлы толығырақ......][2]


  [1]: http://obrezanie.info/
  [2]: http://lurkmore.ru/%D0%9E%D0%B1%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5
...