0 дауыс
41.1k көрілді
Ер баланы сүндетке отырғызу қанша жасында және қай айда отырғызады.

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сүндетке отырудың дініміздегі орны

Сұрақ: Кейбіреулер «Сүндетке отыру бидғат болады, дінде орны жоқ» деп жатады. Сонда 1400 жылдан бері ғалымдар, әулиелер, мүжтаһидтер және бүкіл мұсылмандар, бәрі бидғат істегені ме?

Жауап: Кім екені және кімге қызмет етіп жүргені ешкімге белгісіз болған бір топ адамдар барлық нәрсеге бидғат деп жүр. Құтты дін жаңадан келгендей, діннің пайғамбары жоқ сияқты, әр мүмкіндікте дініміз бен Расулуллаһтың мұрагерлері болған Ислам ғалымдарын сынға алуға тырысады. Бұлардың бәрі қияметтің белгісі. Өйткені хадис шәрифте: «Қиямет жақындағанда жаңа пайда болғандар бұрыңғы ғалымдарды надандықпен айыптайды.» - делінген. (Ибн Асакир)

Мұсылман адам сүндетке отыруға бидғат демейді. Миссионерлердің мұндай ойдан шығарған сөздеріне мұсылмандардың сенгені өкінішті. Дүмшелер бұрындары «Кәпірдің тапқаны» деп мұсылмандарды ғылымға, техникаға жақындатқысы келмейтін еді. Ал қазір барлық нәрсеге бидғат деп, мұсылмандарды діндерінен суытқысы келеді.

Сүндетке отыру – әйгілі сүннеттердің бірі. Мұны білмейтін мұсылман жоқ. Тіпті мұсылмандықта сүндетке отырғызудың бар екенін білмейтін кәпір де жоқ. Мұсылман болмағандар да намаздың, оранудың және сүндетке отырудың Ислам дінінің негіздерінің арасында екенін біледі.

Сүндетке отыру Исламның шиарынан (белгісінен) болып саналады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Сүндетке отыру еркектер үшін сүннет.»(Табарани)

«Фытри(адамилықты көрсететін)сүннеттер бесеу: Сүндетке отыру, шапты тазалау, тырнақ қырқу, қолтық астын тазалау және мұртты қысқарту.» (Бұхари)

«Ибрахим алейһиссалам 80 жасында(сүннет әмірі келген кезде кешіктірмеу үшін)балтамен өзін сүндеттеді.» (Бұхари)

«Сүндетсіз адам 80 жасында болса да, мұсылман болған кезде сүндетке отырғызылады.» (Бәйһақи)

"Расулуллаһ мұсылман болған еркекке 80 жасында болса да сүндетке отыруын әмір ететін еді." (Табарани)

Сүннет екіге бөлінеді: Сүннәти зәуәид жәнесүннәти хүда.

Сүннәти зәуәид – Расулуллаһтың киіну, ішіп-жеу, отыру, жату және жүріс-тұрысындағы әдеттері осы сүннетке жатады.

Сүннәти хүда – Азан, қамат айту, жамағатпен намаз оқу сияқтылар. Бұлар Ислам дінінің шиары (белгісі) болып табылады. Балалардың сүндетке отыруын да осы сүннетке жатқызған. Бұл сүннетке арабшада «хытан» делінеді. Сүндетке отыру (хытан) Исламның шиары ретінде қабылданғандықтан, ақылы кірген, балиғатқа толғандарды сүндетке отырғызу керек. Иманға келген кәрі адамның сүндетке отыруы шарт емес. Мүлдем сүндетке отырмаса да болады деген мүжтәһид ғалымдар болған. Өйткені сүннетті орындау әурет жердің көрінуі үшін үзір бола алмайды деген.

"Мұсылман болған кәрі еркек және науқастар сүндеттің ауруына шыдай алмаса, сүндетке отырмайды." (Хадиқа)

Баланы сүндетке отырғызудың белгілі бір жасы жоқ. Бірақ ең жақсысы – жеті мен он екі жас арасында болғаны. Сүндетке отырмағандарда әртүрлі аурулар байқалады. Француз кітаптары бұл ауруларды Affection du Prepuce атымен басып жариялаған. Ал бұлардың бірнешесі өте қауіпті. Осы себеппен Еуропа мен Америкада христиандар денсаулықты көздеп, өздерін және балаларын сүндетке отырғызуда. Тіпті медицина жолымен жеткен нәтиже сүндетті бүгінде медициналық қажеттілік күйіне келтірген. Доктор Дубайс Рэймондтың «Сүндетті вакцина сияқты бүкіл еркектерге мәжбүрлеу керек» сөзі де осыны айғақтауда.

Сүндеттің тарихы өте ескі. Өйткені ол пайғамбарлардың әдеті еді. Пайғамбарымыз сүндетке отыруды адамилық міндеттерінен саналатын бес нәрсенің бірі ретінде білдірген.

Мұсылман мемлекеттерінде бүкіл ер балалар өрен жасына келуден бұрын той-думан ішінде сүндетке отырғызылады. Осы тұрғыдан сүндетке отыру халық арасындаСүндет той деп тараған. Тіпті сүндекте отырғызуды "мұсылман болу"мен теңестіретіндер де бар.

Жүздеген жылдардан бері мұсылмандар балаларының сүндет тойына ерекше мән беретін, мұны әдетте жанұяда бірінші абырой, қуаныш ретінде қабыл ететін еді.

Қазіргі заманда сүндет той бұрыңғыдай кең ауқымда жасалмаса да, бұл жақсы әдет барлық жерде әртүрлі түрде жалғасып келе жатыр. Алайда кейбір жерлерде бұл жақсы тойға харам араластырылғаны, дастарханға ішкілік қойылғаны байқалуда. Сүннет болған осындай істерде харам істелудің күнәсі де көбірек болады. Мұсылман жанұялар бұл істерден аулақ болу керек.

Шамасы жетпейтін адамдардың сүндет той жасауы қажет емес.

+1 дауыс
менын ойымша 4 жасында отыргызган жаксы ерте де кеш те емес
4 жасында баланы сундетке отырғызбайды. 3 немесе 5 жаста отыргызуга болады
+1 дауыс
5-6 жасында сүндетке отырғызған дұрыс деп санаймын. тек ер баланы сүндетке отрғызуға болмайтын бір ай бар, қалғандарында болады, мен сол айды ұмытып отырмын...
0 дауыс
3 жасында дұрыс, түк білмей қалады. Ал мені 2 сыныпта (7 жасымда ғой дим) отырғызған.
+1 дауыс
Мен 7 жасымда айырылдым негізі... 7 жасында отырғызған дұрыс...киелі сан болғасын...
+1 дауыс
Баланы сүндетке Жасы тақ сандарға тура келгенде отырғызады.Мысалы 3,5,7,9 сияқты.Негізі бес жасында отырғызған жақсы,себебі балалар қазір 6 жастан мектепке барады ғой.Бұрынырақта баланы 7 жасында отырғызатын еді,ол кездің балалалары мектепке 7-8 жастан баратын еді.
+1 дауыс
Меніңше 5-жаста. Бірақ біздің ауылда 3--5 жастарында сүндетке отырғызылады. Ауылым: Саудакент.
+2 дауыс
мусылмандар 5жаста отыргызад. Бырак далелин блмей турм...
В исламе нет такого:  мусылмандар 5жаста отыргызад, в любом возрасте до 7ми лет! желательно
0 дауыс
Бала дуниеге келген саттен бастап 7кун откенше отиргызады сундетке музылмандар...
0 дауыс
Сəлеметсіздер ме? Мен жақында 2-ші ұлымды босандым. Балам пішіліп туылған. Пішіліп туылу туралы ойларыңыз қалай?
0 дауыс
Менің баламда  фимоз ауруы  бар? Енді баланы піштіру керек дейди даригерлер . Менің балам жас жеті ай? Тунимен киши дəретке отира алмай киналамыз? 3 жасында болади мекен? Ато 5 7 жаска дин бимим ьюбалани катты мазасыз данади...

Ұқсас сұрақтар

...