+1 дауыс
36.3k көрілді
<strong>Қыз Жібек жырына шығарма</strong> тауып бересіздер ма?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қандай көркем шығарма болсын өзінің әрі
«Қыз Жібектің»                         мазмұны,   әрі   көркемдігімен бағаланады.
басылуы жайлы                        «Қыз Жібек» екі жағынан да бағалы поэма.
                                            Бұл жырдың қай кезде шығарылғаны, кім шығарғаны жайлы дерек жоқ. Ел аузында көптен бері келе жатқан және халықтың сүйіп тыңдайтын шығармасы.  
            Бірінші рет басылуы 1894 жылы. Кімнен жазып алып, кім шығарғаны мәлім емес, «Қисса Қыз Жібек» деген атпен Қазанда басылған. Жинаушысының сөзіне қарағанда сол кездегі қазақ арасында болған татарлардың бірі тәрізді. Өзі ноғаймын дейді.
            «Қыз Жібекті» екінші рет баспаға ұсынған фольклорды көп жинаушы адамдардың белгілі бірі Жүсіпбек Шайқұл Ислам (1900ж).  1894 жылдан бері Қазанда талай рет басылады. Совет үкіметі кезінде тағы да үш рет басылып шықты (1933ж, 1939ж). Ең соңғы басылуы 1957 жылы (Қазақ Ғылым академиясының тіл және әдебиет институты).
            Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов жолдастардың 1933 ж, 1939ж бастырып шығарған «Батырлар жыры» атты жинақтарына енгізген  «Қыз Жібек» - Жүсіпбек бастырған  варианты. Кейбір жеке сөздері болмаса, сол күйі, ешбір өзгеріссіз берілген. Қазіргі, 1957 жылғы бөлек кітап болып шыққаны 1894 жылғы алғашқы рет басылған  «Қисса Қыз Жібек».
            «Қыз Жібектің» алғашқы Қазанда басылған нұсқасы туралы Жүсіпбек Шайқұл Ислам төмендегіні айтады:
                              
Басында менен жайылды,
         Қисса болып бұл Жібек.
         Баспасына қарасам,
         Бәрі шала сөзінің,
         Еңіреп жылап жүр жүдеп, -
 
десе, екінші бір жерінде «Қисса қылып жазып ем» дегенді де айтады. Жүсіпбек - қазақ ауыз әдебиетіндегі ескі мұраны көп жинастырған адам. Ол еңбегін бағалаймыз. Бірақ кейде ол өзінің жинаушылығы мен авторлығының арасына шек қоймайды. Халыққа мәлім белгілі эпос, лиро-эпостар не айтыстарды жазып алып баспаға даярлағанда, өзі өлеңмен кіріспе жазатыны, кейде қара сөзбен берілетін жалғастыруды өлеңге айналдыратыны, кейде оқиғаның шешуі біткенсін, сол жөнінде қорытынды беретіндігі рас. Осылардың жиынтығында ел аузынан жазып алған әр алуан халық мұрасына ие бола кететіні бар. Оны ол жаман оймен жасайды деуден аулақпыз, өзінің жеткен жері, түсінігі сол болу керек. Қандай эпосты алсақ та, оның не қосқандығы, сөз, сөйлем құрылысы стилі жағынан айқын тұрады. Жүсіпбекте ақындық жоқ адам. Оның мардымсыз китіңінен шыққан сөздерімен төгіліп жүре беретін тайпалмалы шын толқу, терең сезімнен шыққан дарынды халық ақындарының сөздері қатар келгенде айырмалары аспан мен жердей.
            Бірақ Жүсіпбектің жоғарғы айтқанындағы бір шындық - «Қыз Жібек» әуелде менен тарап еді деуі. Ол кезде Жүсіпбек 23-ақ жаста болса, оның татар баспаларымен байланысы болмауы, бастыру әрі өз пайдасы, әрі ел пайдасы екенін ұғынбауы, сондықтан оның жазып алғандары сол қолжазба күйінде ел-елге тарап, бірнеше жылдардан кейін Қазанда басылып шығуы да мүмкін. Немесе Жүсіпбек жазып алған жыршыдан басқа да ақын-жыршылардың «Қыз Жібек» нұсқасын білушілер болды да, оны Қазанда бастырып шығарған ноғайдың өзі жазып алып бастырды деп топшылауға да болады. Әйтсе де  Ә.Диваев тәрізді бір ғалым адамдар болмаса, кез келген ноғайдың өз құлағымен тыңдап, ел аузынан өзі жазып алып бастырды деу едәуір күдік келтіреді. Сондықтан біз сол бастырушының қолына Жүсіпбектің қолжазбасы кездесіп, оның өзі жинаушы емес, «Әзір асқа ие болушы» деген пікірді қолдауға бейімбіз.
            Бірақ біздің бұл жерде тоқталмағымыз, кімнің кімнен алғандығы емес, осы 1894 жылғы басылуы мен 1900 жылғы басылуы екі версия не екі вариант деп айтуға келе ме, айтарлықтай айырмашылықтары бар ма, міне, осы мәселелер. «Қыз Жібектің» ең соңғы баспасына жазылған түсінікте поэманың екі варианты бар делінген. Бізше, Жүсіпбек бастырған «Қыз Жібек» пен 1894 ж. басылған «Қисса Қыз Жібектің» вариант дерлік айырмашылығы жоқ. Өйткені не географиялық жақтарында, не сюжет желісінде, не қатысушыларының іс-амалдарында немесе композициясында, не оқиғаны суреттеу, баяндауларында ешбір өзгешелік жоқ. Екі вариант деушілердің барлық дәлелі кейбір сөздердің түсініктері ғана. Және ең дұрысы, түп нұсқасына жақыны 1894ж басылуы деген пікірді ұсынады. Мысалы:  «Қыз Жібек» (Жүсіпбек Ш.Ислам   «Қисса Қыз Жібек» нұсқасы, 1979ж. С.Мұқанов                                          (1957ж.басылуы).  «Батырлар» атты жинаққа енгізген.)
<br>
Мына жерден керегіңді теріп алуға болады, жақсы шығарма шығатын сияқты
[Қыз Жібек жыры][1]

 Мысалы: «Осы келген Қаршыға, топтан асқан ер еді» емес, бұл жердегі суреттелген оқиғаға қарағанда, дұрысы «Табынан асқан ер еді» болуы керек. «Ойпаңды жер қыр болып», «ойнап бала шығады» деген сөйлемдердің де ішкі логикалық байланыстары жоқ. Ойпаң жер ешуақыт қыр мағынасында қолданылмайды. «Ойпаң - қырлық» бір- біріне қарама-қарсы ұғым. Бұл жердегі айтайын деген пікір кішкентай төбенің өзі де болдырған атқа бөгет, асу болды деп әсірелей суреттеу ғой.
            «Ойнап бала шығады, айдын көлдің шетіне» деген сөйлемнің сөздерін алсақ, ішкі байланыстары тым әлсіз. Бала судан шыға ма, әлде үйінен шыға ма? Үйінен шықса, бала ойнауға көл жағасына баруы керек емес пе? Онда көпшесі айтылуы керек қой. Ал «ойнап балық шығады, айдын көлдің шетіне» әрі мағынасы, әрі өмір шындығына дәл келуі, қысқасы, барлық жағынан анағұрлым орынды. «Қамқа» деген сөз бар, ал «Қамқап» деген сөз жоқ. «Қамқа» еш уақытта «қамқап» түрінде айтылмайды. Басқалары да осылар сықылды. Сондықтан 1894жылғы басылған «Қисса Қыз Жібекті» поэманың түп нұсқасына жақынырақ деп қараушылық тым үстірт, фактіге негізделмеген қате пікір. Түсінікті керек ететін кейбір архаизмдері болмаса, халық поэмалары сөз мағыналарының дәлді, анықтығы, әр образдары өмір шындығынан алынатындығымен бағалы және бұл зерттеушілерін түп нұсқасына жақындата түсетін негізгі жайттардың бірі. Бастыруда болсын, зерттеуде болсын, біздің ___________________________________
1 «Дұшпанға қылып ерлікті» деген жолы болатын, ол түсіп қалған. (Қ.Ж.)
жұртшылыққа ұсынатынымыз  осындай нұсқа болуы керек. Сөздерінің мағынасы бұзылған, сөйлемдерінде логикалық байланыс жоқ, ойды дәл айтып жеткізе алмайтын нұсқалар қосымша қатарында ғана басылып, зерттеушілер, комминтаторлар кейбір жайттарды салыстыру үшін пайдаланатын қосалқы дерек ретінде ғана басылуы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, 1939 жылғы «Қыз Жібекті» негізгі нұсқа қатарында шығарып, «Қисса Қыз Жібекті» вариант демей-ақ, тек бірінші рет басылғандығы үшін зерттеушілерге арнап ұсынған дұрыс тәрізді. Бірақ «Қыз Жібектің» соңғы баспасында ол жайтттар да және 1894 жылғы нұсқасының текстісінде кеткен сөз, сөйлемдеріндегі мағына кемшіліктері де ескерілмеген. Кейбір мағынасыз сөздердің байыбына барып, мұқияттап тексермегендіктен, сол баспасын мақтауға шейін барған.
            Осы жағдайларды ескеріп, біз бұл еңбекте келтірілетін үзінділерді 1939 жылғы баспасынан алуды мақұл таптық.
                                               «Қыз Жібек» - Қазақстандағы жазушы,    «Қыз Жібек» поэмасы        зерттеушілердің көңілін  ерте  аударған
туралы көзқарастар                    лиро-эпостың   бірі.   «Қозы Көрпеш -  
                                                     Баян сұлудан» да сахнаға бұрын шықты.
1936 жылы Москвада болған қазақ искусствосының бетке ұстап барған операсының бірі осы поэманың сюжет негізіне жазылған «Қыз Жібек»1 операсы  болды.
            1941 жылдан бері оқу құралдарында2 сөз болып келеді. Мұнан кейін «Қазақ әдебиетінің тарихы» I томына да жеке бөлім болып енгізілді. Бұл томда «Қыз Жібекке» арналған бөлімді жазған профессор М.О.Әуезов.
            «Қыз Жібек» поэмасының қай дәуірде шыққандығы жайлы дәл мәлімет жоқ. Проф. М.О.Әуезов өзінің I томға жазған мақаласында, поэмадағы ел аттары, оқиғаның болған географиялық жақтарына шолулар жасай келіп және ол елдермен шекаралас қалмақтардың да болғандарына сүйене отырып, оқиға XVII ғасырда болуы мүмкін деп топшылайды.
            Еділ, Жайық бойына қалмақтардың сол ғасырда келіп орналасуы - тарихи нәрсе. Сондықтан жоғарғы топшылау шындықтан алыс кетпейтін тәрізді. Мысалы, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасынан мұның анағұрлым кем туғандығы талассыз.
            Поэманың өз ішінде кездесетін кейбір атауларға, суреттелінетін тұрмыс жабдық, елдің салт-салтанаттарына қарағанда да, поэманың бергі заманда шығарылғанын аңғару қиын емес.
 ___________________
1Либреттосын жазған Ғ.М.Мүсірепов, музыкасы Е.Г.Брусиловскийдікі.
2 «Қыз Жібек» туралы бөлімді алғашқы рет жазған осы кітаптың авторы.
            Оқиғаның алғашқы байланысы ретінде енгізілген саудагерді кейінгі жыршылардың поэмаға қоспасы деп қарағанның өзінде, шығарманың заңды элементінің бірі саналатын, Қыз Жібектің сән-салтанатымен байланысты суреттеулердегі  «кісі бойы кровать», «күймелі арба», «кигені атлас, қырмызы» тағы басқа да осылар сықылды соңғы дәуірлерді меңзейтін жайттарды кездейсоқ нәрсе деп қарауға болмайды. Тіпті, қаһармандарының аттары: Базарбай, Жібек, Шеге, Төлеген болып келушілігі де негізсіз емес. Бұрынғы батырлық эпостарда да, басқа лиро-эпостарда да бұл тәрізді кісі аттары кездеспейді.
            Жоғарғы айтылғандарды жинақтай келгенде, поэманың тап қай кезде пайда болғанын кесіп айтуға болмаса да, бұл онша әріде шыққан поэма емес деп топшылауымызға болады.
            Тек дәуірі ғана емес, «Қыз Жібек» поэмасының  негізгі идеялық  мазмұны жөнінде де біздің зерттеушілердің араларында екі түрлі көзқарас бар. Бірінші пікір: Қыз Жібек пен Төлеген өмір сүрген рушылдық-феодалдық дәуірдің қараңғылық, мылқау күшіне аз да болса қарсылық білдіру, ескі салт, оның қолдаушылары Базарбай сықылдылар  не айтса көніп, кімді айттырса соған үйленіп, ескіліктің әдет-ғұрпын түп-түгел құптай бермей, өзінше ойлап, өз бақытын өзі іздеу, бас бостаңдығын аңсау поэманың негізгі идеясы.
            Әрине, ол кезде ондай ескілікке көнбей  бас көтерушілер аз да, әлсіз де еді. Оларға қарсы күштер: әлі іргесі мызғымай жатқан феодалдық салт-сана, кежегесі кейін тартқан кертартпалықтар болатын. Феодалдық дәуірдің қатал заңы шеңберден шығамын деушілерді салмағымен мерт етіп, салқынымен қағушы еді. Өз үстемдігін берік сақтау мүддесін өз ішінен шыққан баласынан да артық санаған қайырымсыз әкенің қатал мінезіне қайшы келіп, мерт болушылардың бірі - Төлеген. Поэманың  негізгі идеялық түйінін, әлсіз де болса, осы тәрізді жаңалықтан іздеуіміз керек те, онда кездесетін ескілік көзқарастың сарқыншақтары болса, оның себеп жағдайларын ашуымыз керек. Дәуіріне қарағанда, бас бостандығын аңсау,  өзі сүйіп қосыларлық жар іздеу жолындағы талпыныстың өзінің прогрессивтік мәні бар деген пікірді ұсынады.
            Екінші: бұл айтылғандардың көпшілігін мойындаса да, шығарманың идеялық мазмұнының түп қазығы ескілікті құптауда, әмеңгерлікті жақтауда жатыр деп, ой тезисін осыған құрады да, поэмадан осы көзқарасты дұрыстарлық дәлелдер іздейді.
            Шындығында, поэмада осы екі пікірдің екеуіне де дәлел боларлық жайттар бар. Қайсысы көп, қайсысы басым, оны безбенмен өлшеу қиын. Көркем шығарманы талдау мәселесі кейде дәлелдің көп, аздығымен де шешіле қоймауы мүмкін. Көркем шығарманы талдағанда негізгі мәселе, оның идеясын кім, қалай ұғынуымен байланысты. Кейде шығарманың идеялық нысанасы осы ғой деп бір қорытындыға оңай келе салушылық көп уақытқа шейін зерттеушілерді шатастыра береді. Біз бұл еңбекте жоғарғы екі пікірдің бірін мақтап, екіншісін даттаудан аулақпыз. Әйтсе де талас мәселеге өз көзқарасымызды айтып, оны өзімізше дәлелдеуге тырысамыз.
            Қашанда болсын, шығарманың идеялық мазмұнын ашуда естен шығаруға болмайтын бір мәселе - сол көркем шығарманың оқушыларына ететін әсері, олардың ой-сезімдерін қай бағытқа жетектеп, оқиғаға қатысушылардың қайсысын сүйіп, қайсысына қарғыс айтатындығы, қандай іс-амалды құптап, қандай іс-әрекетті жазғыратындығы болу керек. Бұл ескі мұраға да, бүгінгі көркем  шығармаларға да бірдей қолданылатын шарт.  Осы тұрғыдан қарағанда, «Қыз Жібек» поэмасы туралы жоғарғы айтылған екі түрлі  көзқарастың біз біріншісін қолдаймыз. Өйткені поэманы оқып шыққанда, оқушылардың ой-пікір, аянышты сезімі, биікке қол созып, қиынға құлаш ұрған, еңсені зілдей басқан, ескі феодалдық салт- сананың қатал заң, қалың дүлейіне душар келсе де, сүйгені үшін елінен жалғыз аттанып, арманына жете алмай кеткен Төлеген жағында екендігін және поэманың драмалық коллизиясы да бас қаһарманның Жібекті тереңнен сүюшілік сезімдерінің айналасына құрылғандығын көреміз.
            Ақ Жайыққа екінші рет аттанар жерде Төлегенге екі бірдей үлкен жағдай қас-қабат кездеседі. Біріншісі - сүйген жары Жібек, екіншісі - ата-ана, жан дегенде жалғыз інісі Сансызбай. Поэма оқиғасының қойған шарты бойынша, қаһарман біреуін ғана таңдауы керек. Екеуі де қаһарманға қымбат. Әйтсе де Төлеген біріншісін таңдайды. Қамқор ана, қауырсыны қатпаған іні, қалың ел, қадірлі құрбы қабырғасын қаншама қайыстырса да, қатал әкенің қаһарлы пәрмені оның  қасына ешкімді ергізбейтіндігіне  көзі анық жете тұрса да, сүйгеніне берген сертіне жету үшін қатері мол, қаупі көп алыс жолға жалғыз аттанады. Төлегеннің тап осы арадағы бірбеттілігі оның образын  романтикалық шекке шейін көтереді. Оның бұл тәрізді іс-әрекеті феодалдық таптың көзқарасынша, қалай жазғыруға да сиятын қылық болса да, поэмада қаһарманды ол істері үшін даттамайды, керісінше:             
Бектер мінер сұр қасқа,
          Шаба алмаса ұр басқа.
          Батырлық, байлық кімде жоқ,
          Ғашықтың жөні бір басқа! -
 
деп, қайта оны құптай түседі. Оқиға желісінде Төлегенге кездесетін бөгеттер мен қатысушылардың әр алуан күйініш-сүйініштерін суреттеу әдістері де сол бас қаһарманды оқушылардың сүюіне, аяушылығына лайықталғанға ұқсайды. Сан жылдар жарын сарқыла күткен сұлудың жақсы үміті, тойдағы Бекежанның сөзінен кейін, кенет үзіліп, қалың қайғы, жалтыры жоқ қара күнге айналуы, тірі кездестірмек болып, игі ниетпен іздеп шыққан іні ағасының сүйегінің үстінен шығуы тәрізді азалы қайғы, қаралы көріністер, оқушылардың  Төлегенді аяушылық жылы сезімдерін оятады да,  бар қарғысын, шын сүйіскен екі жастың қосылуына кесе тұрып, апатқа ұшыратқан феодалдық құрылыстың қатал заңы мен Базарбай сықылдыларға арнайды, оларға қарсы өшпенділігін де өршіте түседі.
            Біздің бірінші көзқарасты жақтауымыздың бір себебі, поэманың оқушыларына ететін осы әсеріне негізделінеді. Сонымен қатар поэманың идеялық мазмұны жайлы пікірімізді біз поэмадағы адам образы, композициямен байланысты да дәлелдеуге тырысамыз.

  [1]: http://kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7958&Itemid=66&limit=1&limitstart=0
0 дауыс
Ғабит Мүсіреповтің "Қыз жібек" либреттосының мәтіні керек еді. Көмектесе аласыздар ма? Рахмет!
0 дауыс

Қазақ халқына кеңінен танымал  көркем жырлардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз.

Жырдың  халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның  Төлеген, Сансызбай  атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.

Ешқандай  сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада  көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.

Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген – күйеу, Жібек  -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.

Біраз мезгіл болғанда Төлегеннің ел есіне түсіп, бір барып қайтуым керек дейді. Қиын жол, алыс сапардан қорыққан Жібек, Төлегенді жалғыз шығарып салады.

Еліне аман-есен оралған баласының қайтып кеткенін Базарбай қабыл көрмейді, әкесі оны жібермейтін болады. Баласына «бармайсың!» деп жарлық етуден басқа, ел жұрттың барлығына жол тартпаққа тиым салады. Төлеген жалғыз інісі Сансызбайға қайын жұртының жөн жолын айтып: «Мен кешіксем іздеп тап!» дейді.

Жібектің еліне жақын қалған жерде жігіттің алдын тосқан жай шығады. Жолын тосып өлтірмекші болған жігіттердің бастығы  — Бекежан батыр болады. Ол Төлегенді атып жығады.

Бекежан Төлегеннің Көк Жорғасын мініп Қыз Жібектің аулына келеді, Жібек сұмдықтың болғанын біледі, Қыздың ағалары Бекежанды өлтіреді.

Қыз Жібек жары өлген соң, Сансызбайдың келуін күтіп, соған жар болуды армандайды. Елге шабуыл жасаған қалмақ ханы Қореннен қашып құтылып Жағалбайлыға қарай жүріп кетеді. Жырдың негізгі, қысқаша мазмұны осындай. Жырдың халыққа танымал нұсқасы көп. Жырдың орындаушылары көп болғанымен, ерекше көркемі, ең бір толығы- Жүсіпбек Қожа Шайқұлнисламұлының  нұсқасы  болып есептеледі. Бұл пікірмен келіспеу оңай да емес.

«Орындаушы ақын өзінің кіріспе сөзінде былай дейді.

Басында менен жайылды,

Қисса  болып бұл Жібек.

Баспасына қарасам,

Бәрі шала сөзінің

Еңіреп, жылап жүр жүдеп.

Басында менен шыққанда,

Тыңдаған адам жылаған,

Сүйейін мұны бір демеп

Қисығын қайта түзейін

Аруақтарың бар болса,

Сіздер де мені жүр жебеп…

Неге екені белгісіз, «Қыз Жібек» жырының 1963 жылы жарық көрген ғылыми басылымында осы 40 жол кіріспесі негізгі текстке қатысы жоқ деген сылтаумен алып тасталған.» — дейді ғалым Дүйсенбаев өз еңбегінде. [10; 92]

«Қыз Жібек» жырының  бұл нұсқасында басталуы мен оқиғаның дамуында да өзіндік айырмашылықтар бар. Мұнда ертеден келіп жеткен көптеген дастандағыдай қалыптасып үлгірген схема немесе дайын формалар жоқ.  Керек десеңіз, жырдың кіріспесінің өзінен-ақ  алдағы жойқын жазмыш  пен трагедиялық жайдың нышаны сезілгендей тәрізденеді. Өйткені, Базарбай қарттың үш әйелінен туған тоғыз ұлдың бір обадан қалмай теп-тегіс қырылып қалуы – тосын шындық, үрейлі көрініс. Демек, болашақта жайма-шуақ, марғау тіршіліктен гөрі үрдім әрекеттерді, қауіпті мезеттерді еріксіз күткендей боласыз. Шамасы мұның бәрі автордың жеке көзқарасына байланысты болса керек.

Поэманың негізінде қазақ сияқты елдің бұрынғы әйелге берген бағасы білінеді. Сондағы әйел турасындағы әдет – заң, сол заман еркегі мен әйеліне қандай ұғым берген. Ру жігіне бөлінген тіршіліктің кезінде ру мүлкі деп саналатын әйел махаббатқа қалай қарағандағы айқын көрініс тапқан.

«Қыз Жібек» әңгімесі осы жайларға жауап бергендей болады. «Қыз Жібек» әңгімесі жалғыз ғана әйел емес, барлық елдің дүниені түсінуі мен ұғынуын тұтас көрсетеді. Әңгіме ішіндегі негізгі, басты кейіпкерлер қыз бен жігіт өз заманының бел баласы. Сол өңірде өсіп, сол көшпелі салт пен ру жігіне бөленген елдің заңын, заң ұғымын түсінгендер, бет  қылып тұтынған адамдар. Әрбір кейіпкердің түр-тұлғасы, қимыл -әрекеті, жеңіс-жеңілісі, өмірден алар-берері бірде ақиқат жағдайға бағынса, тағы бір жерде кімде-кімнің болсын өз маңайына жазылған тағдырдың сыбағасынан аса алмайтындығын аңғарамыз.

Мысалы, Базарбай алғашқыда өмірден соққы жеп, бойын ыза-ашу кернегендей көрінсе, көп ұзамай, Төлеген, кейінірек Сансызбай  дүниеге келгеннен кейін перзенттерінің қамын ойлайтын ізгі әкенің роліне ауысады. Бірақ, ол бұл қалпында үнемі қала бермейді: Төлеген екінші рет Шектіге бармақшы болған кезде Базарбай ешбір дәлелсіз баласының бұл сапарына қарсы тұрады, оң батасын беруден бас тартады.

Ақын  Төлеген көркін сипаттағанда біраз серпіліп, жас жігіттің жарқын бейнесін жасауға қажетті бояуларын түр-түрімен шебер пайдаланады. Әрине, автордың өз заманында қалыптасқан түсінік – тұжырымды қолданбасына лаж жоқ. Мысалы,

Айдың өткен нешесі

Ай қараңғы көшесі,

Падишадан кем емес,

Ер Төлеген мүшесі…

деп суреттейді  ақын. «Падишадан кем емес» деген сияқты бір ауыз сөзбен ол Төлегеннің бет көркін де, әсем мүсінін де, сән-салтанатын да беріп отыр. Өйткені, қазақ арасына мол тараған ертегі аңыздар мен қисса – хикаяларда талай-талай патшалар мен шаһзадалардың бейнелері дайын атрибуттар арқылы жасалған болатынды» — деп ғалым М.Дүйсенбаев ақынның  жырдың негізгі кейіпкері Төлегенді суреттеудегі ерекшелікке өзіндік баға береді. Бұл пікірмен келіспеу қиын. [10; 95]

Төлеген өз заманындағы қазақ арасындағы сері мырза, ерке бұлан болып өскен ер баланың жарқын үлгісі. Бұрынғы қазақ қауымының түсінігі бойынша үйлену ер жігіттің ерлігін, бойына дарыған өнерін сынайтын кез болады.

Ескі заманда батыр жігіт қызды қиын қыстау сапарда табатын болса, бері келе жас жігіт қалыңдықты  өткелдерден өтіп, қиын  жерлерден өтіп барып алуға керек болған. Мұндай әрекет бір өңірдің сері мырзасына міндет есебінде жүрген. Базарбай Төлеген ержеткенше қыз айттырмай, қалыңдықты өз таңдауымен алсын деп келген, сол себептен ол алыс жолда, тіпті қиын қияда тұрған Қыз Жібектей сұлуды іздеп шығады. Жігіттің бұл жүрісі өзіндік батырлық, тәуекел жүріс. Бейнетпен қатерге жақсы жары үшін белін буып шыққан сапар, махаббат қандай шарттың арасында туып-өсетінін әбден ұғына білген ел қиялы екі жастың сезімдерін күшейтіп, махаббатын жарастырып, қызуын ұлғайту үшін әдейі осындай жайлардан бастайды. Төлеген іздеп шыққан, ынтық болған Қыз Жібек өз заманының барлық жас әйелінің сұлу үлгісі. Жібек пішінінде қазақтың ертегіде жырлайтын сән салтанаты, қызық — рақат ортасында өсетін ерке сұлуының мінезі, салты көрінеді және сол заманда нық орнаған әмеңгерлік, жесірлік заңы да белгі береді.

Сонымен қатар жырлаушы ақын қазақ эпосының ежелден келе жатқан дәстүрін  де берік сақтайды. Мысалы, Төлегеннің қысқа  өмірін, оның туылған күнінен бастап, Қособада оққа ұшқанына дейін түгел суреттейді. Бұл эпикалық шығарманың негізгі арқауы не? Поэманың бірінші бөліміне дәнекер ретінде ұстап тұрған жеке бас еркіндігіне ұмтылу арманы дер едік. Сол себепті «Қыз Жібек» поэмасының алғашқы бөлегінде,  шығарманың өн бойында жүріп отыратын  бір сарын бар ,- ол Төлегеннің бас еркіндігіне ұмтылуы, өзіне өзі қожа болып, сүйген жарымен қосылуы.

Төлеген образы жаңа заман өкілі іспетті берілген. Оның  басы ескіліктің шырмауынан мүлдем құтылып үлгерген жоқ. Кейде өзі сол ата-баба салтының кейбір сарқыншақтарын қолдайды да. Бұл ретте оның әмеңгерлікті қабылдауын мысалға келтіруге болар еді. Жайықтан шығар алдында Төлеген сүйген жары Жібекке «Егер де мен апатқа ұшырай қалсам, сені іздеп келетін Сансызбай деген қайның бар», — деп,  күні бұрын өзінің тілегін, еркін білдіреді.

Әрине, бұл Төлегенге оңай түспейді. Оған арманы, тілегі және мұратына жету жолында қарсы күштер аз болмайды. Өзі шын жүрегімен сүйген асыл жары Жібекке қосылуы үшін Төлеген бірнеше кедергілерді жеңіп шығуға тиісті. Ең әуелі ол  Шектіге екінші сапарында қарт әкесінің рұқсатынсыз аттанады. Ал ескі ұғымда атаның теріс батасын алу үлкен кедергі. Екінші, осы сапарында Төлеген алыс жолдың азабын басынан кешіруі қажет. Үшінші, Бекежан мен оның қарақшылары да Төлгенге мықты тосқауыл. Автордың топшылауынша түптеп келгенде  Төлеген бар болғаны тек жалғыз жүрген жан ғана, себебі оны өз үй-іші де, бүкіл қоғам да қостамады. Ең ақыры Қос Оба көлі басында оққа ұшып жантапсырғалы жатқан кезінде мұңын шағып, ақтық сөзін айтарлық бірде-бір  тірі жан таба алмай, бар өкінішін аспандағы алты қазға білдіреді.

Қос обаның жанында,

Құс қонбас құла жапанда,

Жылай –жылай бір жалғыз

Дүниеден өтті, — дегейсің.

Төлегеннің мұндай халге түсуіне не себеп? Бар болғаны Базарбайдың теріс батасы ғана ма? Сондағы ақынның айтпағы ата ризалығы  мен оң тілегі болмаған жерде жақсылық күтпе, сәт іздеме, өйткені «адамның басы алланың добы» дегендейін, өз тағдырыңнан құтыла алмайсың деген  секілді теріс ұғымға тоқырайды.

Қысқасы, ақын бұл жерде ескі ғұрыпты қостап, жастардың үмітін қасақана кесіп отыр. Оның тұжырымынша әке сөзіне құлақ аспай қарсы тұрған Төлеген қалайда апатқа ұшырауға тиісті, ал сол әкенің оң батасына ие болған Сансызбай қауіп-қатерден аман-есен өтіп, мұратына жетуі қажет.

Енді Төлегенге қарама-қарсы қойылған жағымсыз бейне- Бекежан. Ол екі ғашықтың бақытына кедергі жасап, ақыры Төлегенді өлтірумен тынады. Былайша  айтқанда, ескі әдет-ғұрыптың Төлегенге шығарған қатал үкімін орындаушы да осы Бекежан. Алайда, ақын Бекежан бейнесін едәуір шебер жасап, қонымды етіп сипаттаған. Поэманың дами түсуіне, өрбуіне бұл бейненің үлкен септігі бар.

Шығарманың ұтымды бір жері — Төлеген мен Бекежанның айқасы және Төлегеннің өлімі реалистік тұрғыда берілген. Себебі, Төлеген халық жырындағы керемет батыр емес, онда жойқын күш, сиқырлы қасиет те жоқ. Демек, оның Бекежанмен шайқасы әншейіндегі көп көріністің бірі сияқты. Сонан соң Төлегеннің мінген Көк жорғасы Қобыландының Тайбурылы немесе Ер Тарғынның Тарланы да емес. Керек десеңіз, ол  Көк жорға иесіне ықылас білдіріп, сенімді дос болудан да жұрдай. Өйткені, Төлегеннің өлімінен кейін көк жорға ат суға қанып, шөлін басқан соң бірқарақшының тақымы астында «ойнақтай басып» кете барады.

«Мал опасыз» деген сол,

Төлеген мінген көк жорға ат.

Су ішіп әбден қанған соң,

Бір қарақшы астында

Ойнақтай басып жөнеді…

Тап осылайша бейнелеу ескі жырлардың қайсысында болсын тым сирек ұшырасады.

Әдетте, ер жігіттің қалап мінген аты әрі сенімді серігі, әрі ұшқыр  қанаты, кейде тұлпарға тіл бітіріп, оны иесіне ақылшы дос, қамқоршы етіп те қояды.  Бұл жырда мұндай суреттер кездестір мейлің. Сөз жоқ, бұл шығармадағы аса жарқын, ең қымбат, әрі сүйкімді, мейлінше әсем образ  — Қыз Жібек. Автор егер Төлегенді өзінің барлық ерекше сипаттары арқылы: көрік –келбеті, ақыл-парасаты, мінез –құлқы, ақ жүрек – ақылдығын айтып, шабыттана сипаттаса, Қыз Жібек те оған тең, барабар ұсынылған: ол керемет сұлу, нәзік сезім иесі, жар борышына да берік, ішкі жан дүниесі бай. Оның бер жағында сол Жібектің үздіктігін көрсету үшін ақын Төлегенге бүкіл  көшті аралатып, сол алуан сұлуларды оның көз алдынан тізбектеп өткізеді.

Қазақ эпосында қалмақ өктемдігі ертеден бері келе жатқан қосалқы тақырып. Осы сарын бірде күшейіп, елеулі орын алса, кейінірек, заман  озған сайын бәсеңдеп, азайып барып бітеді. Ал біз сөз етіп отырған кезде қалмақ – қазақ қарым-қатынасы әлі жойылып үлгермеген шақ болатын-ды. Ендеше, жырдың мазмұнына қалмақтарды енгізіп, оларды қазақ ақынының қырғынға ұшыратуында оншама ескілік жоқ. Бұл халық тілегінен туған елес болса керек.

Поэманың екінші бөлігінде ақын Жібекті жаңа рольде көрсеткенде, оның ескі әдет-ғұрыптың бірде-бір әрпін бұзбайтын мүләйім жан ретінде суреттейді. Бұл жағдай Жібектің қара басының қамы үшін ғана емес, ең алдымен елін қоршап алған қалың жау-қалмақтардан құтылудың тура жолы.

Сондай-ақ, автор Сансызбайдың портретін жасағанда тіпті өзгеше бояуларды қолданады. Егер Төлеген жас шағынан серілік құрып өзіне: «Батырлық, байлық кімде жоқ? Ғашықтың жөні бір басқа»  деген сөздерді өміріндегі ұраны деп санаса, Сансызбайдың арманы мүлдем басқада жатыр. Ол батырлықты көксейді, сондықтан Сансызбай сауыт киеді, қару-жарақ асынып, соғыс өнеріне құмартады. Мұны біз Ақ Жайыққа екінші рет жүрер алдындағы Төлегеннің інісіне айтқан сөзінен де анық аңғарамыз.

Бұл  жолы ақын жаңа геройға деген көзқарасын, оны іш тарта қостайтынын жасырмайды, көп жерде ашықтан ашық кетіп, Сансызбайдың әрбір қимыл-әрекетіне сүйсініп отырады. Автордың топшылауынша Сансызбай қатардағы кейіпкер емес, нағыз батыр, ендеше әр уақытта оның жолы болуға тиісті. Сондықтан да бір кезде Төлегенге кедергі болғанның бәрі-бәрі бірден өзгере қалады: қатал әке де оң батасын береді, ұзақ жолдың да қырсығы тимейді, Жібек те оны асыға күтеді, қалмақ ханын да жеңіп, оның қалың әскерін де оп-оңай қырып салады.

Осының бәрі неліктен? Мұндағы өзгерген бір ғана нәрсе ақынның жаңа қаһарманға деген ықыласы, көзқарасы. Демек, Сансызбай батыр оған ұнайды, сондықтан да оны мақсат мұратына жеткізу үшін автор бар жағдайды қолдан жасауға тырысады, жасайды да. Сансызбайға деген Жібектің сүйіспеншілігін ақтау, дәлелдеу ниетімен бар жақсылықты оған үйіп-төгіп бере салады да, жас батырды жер –көкке сыйғызбай мадақтайды. Сонымен Төлегендей мырзадан кейін Жібектің Сансызбайдай ер жігітке  ғашық болуында ешбір оғатттық жоқ, бәрі де заңды, бәрі де орынды дегісі келеді ақын.

Автордың ой-өрісі тар, ескілікті қолдайды деп қаншама жазғырсақ та  ол қазақ әйелдерінің халі мүшкіл екенін жасыра алмаған. Оларда ерік жоқ, «қыздың құны бес байтал» деген ұғымға бағынбасқа лаж жоқ. «Қыз Жібек» жырында жағымсыз кейіпкер екеу ғана. Бірі жоғарыда тоқталып өткен – Бекежан. Екіншісі- Қорен хан. Бұлардың екеуі де Жібектің жолында көсе –көлденең тұрып, зұлымдық жасайды, оның сүйгеніне қосылмауына себепкер болады. Алайда, бұлар мінез – құлық, іс- әрекет – жағынан біріне-бірі тіпте ұқсамайды. Мысалы, Қорен сырт жау болса, Бекежан ішкі дұшпан. Қареннің аздап болсын жағымды жағы бар: ер жүрек, ақ көңіл, икемге де келеді. Бекежан керісінше: айлалы, пасық, жауыз, қатал. Ол шынында Жібекті сүймейді де, тек сұлу қызды сырт адам Төлегенге қимайды, қызғанады. Бекежанның барлық іс-әрекеті, оның қара ниетіне бағынған, адамгершілік  қасиеттерден әуел бастан-ақ жұрдай.

Ал Қорен мен Жібектің арасындағы қарым-қатынасқа келсек, бір жағында зорлық, күш көрсету арқылы бағындыру  тұрса, екіншісінде — өз басын қорғаумен қатар, бейғам жатқан елін жау қаһарынан құтқару, Сансызбайдың араша түсуін асыға күту жатыр. Соның өзінде майталман Жібек қалмақтың ханы Қоренді күлкілі жағдайға ұшыратып, мазақ етеді. Ақырында, оны Сансызбайдың жеңуіне көмек жасайды, сол жеңіске зор үлес қосады. Жібектің асқан сұлулығына қызығып, өз сезіміне өзі ие бола алмаған Қорен хан дүниенің бәрін ұмытып, есіл-дерті бір ғана Жібек болады да, аңғалдығының үстіне аңқау, сенгіш, ақылы таяз адам болады да қалады.

Жыр қаһармандық эпостың дәстүрінде  жазылған. Сансызбай Қоренді жекпе-жек ұрыста өлтіреді. Жағалбайлы еліне ханын жоқтап   келген көп қалмақты қазақ қолы қырып жібереді. Сырлыбайдың аулын қамап жатқан жаудың быт-шыты шығарылады.

Эпостың  Сансызбай мен Жібектің қосылу тойын хабарлаумен бітуі де қаһармандық эпостың салтына сәйкес. Мұның өзі, «Қыз Жібек» жырында қаһармандық, лирикалық эпостың көркемдік принциптері аралас жұмсалғанын көрсетеді. Аракідік көне эпосқа тән керемет ғажайып күштерге сену сарыны да орын тепкен.

Мәселен, Қореннің ханның атқан оғы Сансызбай сауытының сегіз қабатын тесіп, тоғызыншы қабаттан өтпеуіне «Қырық шілтен пірілер пана болған» делінеді. Дегенмен жырда лиро-эпостың белгілері, өмір құбылыстарын нақтылы көрсету күшті. «Қыз Жібек» қазақтың тұрмыстық, әлеуметтік ақиқатын көркем жинақтап, оның аса мәнді тұстарын айта алған.

Жырдың екінші бөлегінде жау қалмақтардың келтірілуі кездейсоқ демейміз. Эпос нақтылы оқиғаның не өзін, не ізін көрсетпегенімен, сарынын ұстап қалатыны белгілі. «Қыз Жібекте» қалмақ ханы Қореннің көрінуі тарихи шындық, ол тарихтан  шет емес. Ақ Жайық пен Ақ Еділдің арасында көп замандар қалмақ билеушілері үстемдік үшін соғыстар жүргізгені барша қауымға тарихтан мәлім.

Ата қонысы Жоңғариядан ауып келіп, жергілікті халықтардың қонысы мен өрісіне сұқтанған, бейбіт елдің тыныштығын бұзған, жаулаушы ролінде жүрген қалмақ алпауыттарының «Қыз Жібекте» осылай суреттелуі эпикалық шындық. Халық қиялы мен санасы ерлердің ел ішіндегі өзара дауда жазатайым өліп кеткеніне көнгенімен, сырт жаудың халық тәуелсіздігін жойып, намысын таптауына келіспейді. Бейбіт күндерде Төлегеннің өлгенін мүмкін санайтын ел ұғымы, азаттық күресте Сансызбай секілді жас батырға асқан ерік пен күш сыйлайды.

«Қыз Жібек» жырының бас жағы күншығыс ертегілерінше басталса да қазақ өміріне өте жуық, қазақ ішінде осындай оқиға, осындай мінез бен істі туғызатын шарттың бәрі жоғарыда айтқандай анық болған. Осы  заманға дейін жігіттің қыз іздеп, қыз таңдап  шығуы әлі бар.

Бөтен жұрттың әдебиетінен келген әсер болса, ол басталуында ғана, одан кейін әңгіменің құрылысы ұлғайып өсуі, барлық адамы, адамдардың мінезі, ісі, барлығы да түгелімен нағыз қазақтың өзінікі.

Қорыта айтқанда, белгілі ғалым, зерттеуші Р.Бердібаев жырға өзінің мынадай әділ бағасын береді. «Қыз Жібек»  — қазақ халқының даналығы туғызған асыл жырлардың бірі. Мұны эпиакалық суреттеу өнерінің ең жетілген кемес нұсқасы десе де болады.

0 дауыс

"Қыз Жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі.

 

Жырды ең алғаш Зайсан уезінің (осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында Қазанда бастырған. Бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. Кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды:

 

Басында менен жайылды,

Қисса болып бұл Жібек,

Баспасына қарасам,

Бәрі шала сөзінің,

Еңіреп, жылап, жүр жүдеп,

Қисынсыз болған сөздері,

Жыламақ түгіл, күлмеймін, -

 

дейді.

 

Жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары Қазанда Хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы Әбубәкір Диваев Ташкентте бастырды. Одан кейін 1933 жылы Қызылордада, 1939 жылы Алматыда "Батырлар жыры" жинағына қоса басылды.

 

Жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. Мөлшермен айтқанда, "Қыз Жібек" әңгімесі XVII ғасырда туғанға ұқсайды. Жырда Жағалбайлы елінің қонысы Қара теңіз жағасы деп келеді. Мұнысы Каспий (Атырау) теңізі болуы керек. Сол кездегі Шектілердің қонысы Ақжайық болған. Бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. Қазақ даласы патшалық Россияға қарағанғa шейін Жағалбайлы елі Ақжайық бойын мекен еткен. Осы кезде де Жаманқала (Орскі), Магнитогорск маңында Жағалбайлы жұрты аз емес.

 

Жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың Ақжайық бойын жайлаған Шекті елін жаулап алуы. Жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. Жайық бойындағы аз ру Шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем болуы рас.

 

Жыр геройының бірі - Төлеген. Төлегеннің өмірін сипаттағанда ақын оның туған күнінен бастап, өлген күніне дейінгі ісін суреттейді. Мұнысы жырдың эпос жанрына толық ұқсайтындығын көрсетеді. Соның ішіндегі ең басты сарын Төлегеннің еркін махаббат, азаттық іздеген талабы болып отырады.

 

Жайыққа алғашқы аттанған сапарында артынан жылап келіп, "барма, қал" деп тілек еткен анасы Қамқаға Төлеген:

 

Бір сұлу алмай, шешеке-ау,

Сірә да көңілім тынар ма.

Талап қылған ісінен

Ат басын ерлер бұрар ма, -

 

деп, торықтыра жауап береді. Қыз Жібекке екінші рет жүретін жолында ол артынан жылап келген інісі Сансызбайға:

 

Батырлық, байлық кімде жоқ,

Ғашықтық жөні бір басқа, -

 

деп, батырлық пен байлықты мұрат етпей, көбіне сол асыл жар сүюді арман етеді.

 

Төлегеннің осы сипатын әсірелеп көрсету үшін ақын түрліше композициялық әдіс қолданады. Қыз Жібектің көшін қуғанда Төлегеннің ғашық жарын көруге асыққан көңілін жыршы оның атының шабуынан байқатады:

 

Жер тарпынып жануар,

Ауыздықты басады.

Алдындағы белестен

Орғытып кеп асады.

 

Бірақ ор қояндай секіріп, ұшқан құспен жарысып келе жатқан көк жорға аттың жойқын шабысы да Төлегенге текірек сияқтанып көрінеді.

 

Төлегеннің көш қуған жері - ғашық жүрегінде жанған үміттің аса бір жарқын, бақытты, зейнетті кезеңі.

 

Төлегеннің сүйіспеншілік талабына бөгет болған төрт түрлі қара күш кедергі бар. Бірінші бөгет шөлстан - алыс жол; екінші бөгет - ата-ананың теріс батасы, тағдырдың теріс қарауы; үшінші бөгет - көмексіздік, жалғыздық; төртінші бөгет - Бекежанның жауыздығы.

Жырда Қаратеңіз жағасын жайлаған Жағалбайлы елі мен Жайық бойын жайлаған Шекті елінің арасы жүз күншілік шөл жазира, құс қонбас құла дүз болып сипатталады. Сол шөлстанның ең бір жексұрын ұры қарақшы мекен еткен жері - Қособа. Төлегеннің ең рақымсыз, тілсіз жауының бірі - осы Қособа. Мұндай табиғат бөгеті Қозы мен Баянның да түбіне жетеді. Мұның үлкен жұмбағы бар.

 

Бұрынғы ғашықтардың қай-қайсысын алсақ та, олардың мақсатына жетуі жолында тұрған бөгеттің бір саласы адам жауыздығына байланысты болса, екінші бір саласы табиғат бөгетіне байланысты айтылады. Табиғат бөгетіне жататын нәрселер - аждаһа, жын, сиқыр, өзен, теңіз, алыс жол.

 

"Қыз Жібек" жырындағы Қособаның шөлі ескі әдет-ғұрыптың одақтасы, жамандықтың бейнесі болған. Сондықтан Төлегеннің ізгі ниетіне шөлстан, ұзақ жол жау болса, Бекежанға дос болып шығады. Бұл жағдай Қыз Жібек заманын тым қараңғы етіп сипаттайды. Барар жер, басар тау жоқ, жан-жағы тұйық, қапас.

 

Төлеген қоғамнан да, табиғаттан да дос таппайды. Бұл Төлегеннің жалғыздығын, көмексіздігін көрсетеді. Қособаның шөлінде ажал қойнында жатқан Төлеген өзінің алты қазға айтқан тамаша арыздасу сөзінде осы жалғыздығын зар етеді:

 

Қособаның түбінде,

Қоса кетті дегейсің,

Жылай-жылай бір жалғыз,

Дүниеден өтті дегейсің.

 

Базарбайдың теріс батасы да оған аз бөгет болмайды. Базарбайдың оң батасын алған Сансызбай мұрат-мақсатына жетсе, теріс батасын алған Төлеген мерт болады. Төлегеннің өзі де:

 

Тілімді алмай кеттің деп,

Бермеді атам батасын, -

 

дейді.

 

Теріс батаның түбі ескі салтқа, соның қуатына байланысты. Болашақ үшін атасы мен баласы күреске түскенде, жыршы "ақ бата" мен тағдырдың күшіне көбірек мән береді. Сондықтан атасынан теріс бата алған Төлеген тек феодалдық қоғам салтына ғана қарсы шығып қоймай, өзінің тағдырына да қарсы шыққан сияқты болады. Екі ғашықты тағдыр қоспайды. Қыз Жібектің Төлеген қайтарда көрген түсі, оның аты-жөнін сұратып жіберуі, Төлегеннің жеңгесіне берген жауабы, ол жауапта қалыңдығына Сансызбайдай әмеңгері барын айтуы, інісімен қоштасарда "олай-бұлай болып кетсем, Қыз Жібек сынды жеңгенді өзің алып сүйгейсің" деп, Сансызбайға өлердегі өсиетін айтуы сол тағдырдың қаттылығын жыршының күн бұрын сездірмек болғанын байқатады.

 

"Қыз Жібек" жырының композициясынан идеясын және жеке образдарының жырдағы психологиясын, тартыс мүдделерін зерттеп талдауда қатты ескеретін басты мәселе осы жырдың қоғамдық мазмұны туралы болу керек.

 

Бұл жыр феодалдық қоғамның болмысынан, шындығынан туған әңгіме болғандықтан, сол ескі құрылыстың ерекше салтын, ұғым-нанымын танытады. Сол салт, сол ұғым-нанымдарды мойындаған, соны құптаған ескішіл сана ең әуелі жыршылардың өз түсінігінен көрінеді. Романтикалық, психологиялық өзгешелігі бар "Қыз Жібек" атты ғашықтық жырда негізгі тақырып жүретін түйіні ескі салт болып шыққан. Ол қазақ тірлігінде көп заман орын алған әмеңгерлік, жесірлік, феодалдық дәуірінің салтынан туған ғашықтық жыры деп ұғыну керек. Мұны әсіресе жырдың екінші бөлімі жөнінде айтамыз. Сонда жырдың негізгі бір сарыны ескі салтқа бағынған шартты ғашықтық болып жырланады. Қазақтағы рушылдық құрылыстың мол бір айғағы, өзгеше ескілікті кертартпа жанның ескерткіші болып қалыптасады.

 

Осы межеден жыршылар ұғымы мен санасы да аспайды. "Қыз Жібектің" ескі варианттары әлі табылған жоқ. Ал, басылып, жарияланып жүрген вариантты соңғы айтушылар өздерінің таптық, қоғамдық санасын халық тарихының ілгері басқан, дамыған бағытымен қабысқан салағын көрсетпейді. Әйел образы неше алуан ауыртпалық, сор туғызған надандық салттың сынаушысы бола алмайды. Бұрынғы ескіліктің жақтаушысы ақсақалша, билерше, сол салтты құптаушы болып шығады.

 

Осы жайды "Қыз Жібек" жырының екі бөлімді тақырыбынан, әсіресе соңғы Сансызбай-Жібек оқиғасынан айқын көреміз.

 

Бірақ Төлеген мен Жібек арасын баяндауда жыр анық психологиялық лиро-эпос түрінде бастайды. Төлеген мен Жібек азат сезім, жастық, дұрыс мүдде жолында табысады. Төлеген әке атастырған қызды алмай, өздігімен жар іздеп, ғашықтықты аңсауы және жолда дәл өзіндей ерікті сүйіспеншілік өмір көксеген Жібекті табуы, таңдауы - бәрі де жыр ішінде заңды, орынды, халықтық дұрыс ұғымды бастағандай болады. Бұрын жұрт аталық ықтияры жастар тағдырын емін-еркін билеуі керек десе, белқұда, ежеқабылдар айнымас жол десе, енді мына жырдың басында өз еркімен қосылған ор талапты жастарды мақұлдағандай болып басталады. Төлеген мен Жібек арасына жарастықты махаббат, терең мағыналы тең достық бергендей болады.

 

Төлегеннің Жібекке құштар, ынтызар болуын романтикалық жыр көп көштен өткізіп, бір қыздан екінші қызды артық етіп сипаттап, соның бәрінен де Жібек артық, өзгеше дегізумен үлкен динамикалық өріске жетеді. Төлеген Жібекке жетер-жетпестен-ақ ғашық болмасқа шарасы қалмағандай болады. Артынан екеуі анық таза махаббат жоқшысы болып, көркем қосылғандай болады. Бірақ мұның бәрі жырдың алғашқы кіріспе жағы, алғашқы түйіні, бастамасы. Сол бөлімнің өзінде-ақ жаңағы махаббат жолсыздыққа, тағдыр қаталдығына ұшырауға бұйырылады.

 

Төлеген мен Жібек екеуі де басында еркін, тең болып қосылғанмен, ендігі кезеңде өздері де ескі салт-сананың тұтқындары, құптаушылары болып мойындай бастайды. Жыршының әмеңгерлік жесірлікті мадақтайтын нанымы бұл жастарды да өз ықтиярына көндіреді. Төлеген Ақжайықтан аттанарда Жібекке, кейін өзі өлсе, Сансызбайға тиюді өз аузынан қарыз етіп кетеді.

 

Кейін сол Төлеген Жағалбайлыдан аттанарда Жібекті іздеп барып алуды інісі Сансызбайға қарыз етеді. Бұл өсиеті өлерде айтқан ең соңғы тілек есепті болады. Оны орындау Жібек пен Сансызбайға ендігі тірлік мүддесі, міндет болып қалады. Бұл екеуі оны орындамаса, Төлегеннің бір өлмей, екі өлгені деп ұғынады.

 

Ал, Төлегеннің өлетіні де, жыршының санасы бойынша, айнымас тағдыр жазуындай. Оның себебі Төлегеннің әке батасынан аттап, өз еркімен кетуінде. Олай болса, жырдың алғашқы жағында Төлеген басына берген азат сезім жоқшысы болған ой, енді орынсыз, жолсыз ойға айналады. Ата батасын аттаған кім де болса оңбайды деген рушылдық, ақсақалдық наным жырдағы барлық басқа сезім, арманнан үстем болып шығады.

 

Кейін ата батасын алып барған Сансызбай ақжолтай болып кетеді. Сөйтіп, жырдағы композициялық құрылыс мүддесі, ғашықтық турасындағы түсінік-наным - бәрі де салтқа бағынған, әмеңгерлік жесірлікке қол қойған, сол жолға бағынып, талпынған тартыстарды көрсетеді.

 

"Қыз Жібек" жырын зерттеуде бұрынғы қазақ тұрмысындағы әйел күйін ерекше ескеру шарт. Ерте күндегі шаруашылық-қоғамдық жайлардан туған заң мен сана әйелді мал бергеннің сол малдай меншігі еткен. Қалыңмал төлеген қыз ердің ғана мүлкі емес, ол айттырған рудың да мүлкі деген. "Ерден кетсе де, елден кетпейді" деп, әйел басын ері өлген күнде де мал-мүліктей еріксіз етіп ұстайтын. Барлық жастың санасына сіңіріп, ойы мен ықтиярын тұсап, бағындырып жол-жоралғы жасалған. Ол жол "аға өлсе - жеңге мұра, іні өлсе - келін мұра" дейді.

 

Ерді де, әйелді де осы жолға, салтқа тапжылтпай мойындатады.

 

Рушылдық-феодалдық қоғамдағы үстем таптың көпке бұйырған санасы, заңы осы еді. Қазақ әйелі Ұлы Октябрь революциясына шейін осы заңнан қатты сорлап, нелер азап шегіп келіп еді.

 

Ал, "Қыз Жібек" жырындағы жастар санасы мен жыршылар санасы сол кертартпалық, надандық заңды жарастырып, қиыстырып, қызықтырып жырламақ болады.

 

Жолға бағынған жақсы аға Төлеген, жорашыл жар Жібек, мұрашыл іні Сансызбай болып - бәрі де үйлескен келісім көрсеткендей болады. Мұны осылай етіп жырлаушы ақындар халықтық сананың жоқшылары емес, ескілік ықпалынан, үстем тап санасынан аса алмаған, қайта соны көп жастың сана-сезіміне нығайта орнатам деген жыршылар болып шығады.

 

Біз "Қыз Жібек" жырын зерттегенде осындайлық ескілікті, ескішіл нанымды айқын көрсететін ерекшелігін ашық танып отыруымыз керек. Шебер жырланған "Қыз Жібек" жырын ескі заманда болған ескі сана мен салтты өз бойынан айқын көрсететін фольклор үлгісі деп тексеруіміз керек.

 

Төлегеннің бір жауы - Бекежан дедік. Адам жауыздығы айтылған жерде сол әлеуметтік дүниенің әділетсіздігі әшкереленеді. Төлеген мен Жібек әңгімесінде дәулет теңсіздігі бөгет болмайды. Ескі әдет, әйелдің теңсіздігі тұсау болады. Бекежан - сол ескі әдеттің иесі, күзетшісі.

 

Сүйіскен жастар жолындағы бөгеттер мен қиыншылықтар - көп жырлардың негізгі арқауы. Онсыз сюжет, оқиға жоқ. Қоғам өмірі, күрес дүниесі, жақсылық пен жауыздық қашаннан бақталас. "Қыз Жібек" жырындағы әр түрлі бөгеттер де осы тартыстың заңы мен қағидаларын терең дәлелдейді.

 

Бірақ ескі тұрмыстың әділетсіздігіне қарсы күресте Төлеген жалғыздық көргенмен, тыңдаушысының, халықтың бар ниеті арманда кеткен ғашықтар жағында болып отырады. Сол себепті Төлегеннің мерт болып, өлген жері аса қайғылы болып шығады. Төлегеннің елінен бірге шыққан алты қазбен өлерде тілдесіп, қоштасуы, ата-ана, елі-жұртына сәлем айтып, арыздасуы өте әсерлі, қалың шер болады. Ел-жұртын, ата-анасын сүйгендігінің ғана белгісі емес, сонымен қатар ғашық жарына қолы жетпей, опық жеген үміттің, арманда кеткен жүректің де зары. Ол зар Төлеген өлімін тым аянышты етеді:

 

Баратұғын жеріне

Жетпей кетті дегейсің, -

 

деп өксиді Төлеген.

 

Өлер жердегі Төлеген халін тыңдаушының есінде қатты әсерлі етіп қалдыру бар. Он болмаған сапардың өкінішті ақыры осы демек. Осындай сорға ұшыраған Төлегенге жыршы әдейі тыңдаушының жанын ашыта жырлайды:

 

Батқан күнмен қарайып,

Ah, дариға, құда деп,

Жұлдыз шыға Төлеген

Ақырет сапар жөнеді.

 

Бірақ, сонымен қатар ақын өз тарапынан айтқан толғауында:

 

Айтып-айтпай немене,

Сол секілді асылдар

Кебіні жоқ, көрі жоқ,

Ит пен құсқа жем болып,

Мұрадына жете алмай,

Арманда болып кетіпті, -

 

деп, салқын сезімді қалыс көңіл білдіреді.

 

Төлегеннің "Аспанда ұшқан алты қаз" дейтін толғауы - ел-жұртымен, өмірімен қоштасудың шерлі бір үлгісі. Қособаның көлінде алпыс қарақшы ортаға алғанда, "батар күнмен батайын, жастығымды ала жатайын" деп соғыс ашса да, Төлегенге бұрынғы ұлы батырлар қайраты берілмеген.

 

Әдейі берілмеген. Бұл халде жоғарыда айтылмаған композициялық терең түйін, анық сыр бар. Сол себепті Төлегеннің астындағы көк жорғасы да жолдасын жауға бермейтін ұлы батыр аты емес. Қайта жау қамалап келгенде, ол басын жерге салып, Төлегенді жауға ұстап береді. Сондықтан да ақын:

 

Мал опасыз деген сол,

Су ішіп әбден қанған соң,

Бір қарақшы астында,

Ойнақтай басып жөнелді, -

 

деп, көк жорға атқа да қалыстық мінез береді.

 

"Қыз Жібек" жырындағы ең басты кейіпкердің бірі - Жібек. Төлеген сияқты Жібек те өзгеше. Жібектің сипатын білу үшін Ақжайықтың түбегінен шығып, көшті бастап бара жатқан он үш қыз, бір бәйбішенің сәулетіне назар салу керек. Жыршының қызықтыра сипаттауына қарағанда, қызғалдақтай құлпырған сол қыздардың бәрі де олқы емес. Бірінің нұр сәулесі бетінде, бұралып кетіп барады, екіншісі "таң мезгілі болғанда, шолпанның туған жұлдызы, пейіштен шығып келмесе, бұл жалғанда хор қызы". Бірақ Төлегеннің аңсаған Жібегі ол емес. Келесі қыздардың сұлулыққа сай сән-салтанаты бар: үшінші көшті бастап "толған айдай толықсып, ақ сазандай бұлықсып" бара жатқан қыздың жетегінде отыз түйе бар, "мұрындығы сары жез, бұйдасын ескен жібектен", "ақ маңдайы жарқылдап, танадай көзі жалтылдап", төртінші көшті бастап бара жатқан қыздың салтанаты бұдан да асып түседі: "он қыз нөкер қасында, өзі он бес жасында: қазыналы қырық нарға, жібектен арқан тарттырған". Ал, бесінші көштегі қыз, кілең алтын кигені; "алтын шыны кеседей, екі көздің шарасы, туған айдай иілген, екі қастың арасы". Осылардың ішінен ең соңғы көшті бастап бара жатқан қыздың бақ-дәулеті тағы да үздік көрінеді. "Қара торқа кигені, қара жорға мінгені, сексен түйе қомдаған, сексені де болмаған", сол түйелерге алтынды жағдан, аспаһани кілем артқан.

 

Сипатына қарасаң:

Ақ бетінде кіршік жоқ,

Айдын көлдің қуындай.

Екі көзі жалтылдап,

Батырдың алтын туындай.

Сөйлеген сөзі мазалы,

Аб зәмзәмнің суындай,

Аузынан шыққан лебізі

Сары алтынның буындай.

 

Төлегенді көп көштен, көп сұлу қыздың қасынан өткізгенде жыршы аса шебер, психологиялық әдіс қолданады. Бір қыздан бір қыз асып түседі. Төлеген сыртынан қарап, әрқайсысын Жібек екен деп қалады. Жібек болмай шығады. Төлегеннің Жібекті көрсем деген ынтықтығы арта түседі. Ол Жібекке қызықтыру, құмарландырудың әдісі. Үдетпелі, өндірмелі әдіс, психологиялық жағынан анық динамикалы мотив болады. Және Жібектің жақсылығын жеке сипаттап айтпай, өзге нелер сұлу қыздарды көрсетіп, солардың бәрінен де Жібек басқаша деу - салыстыра суреттеудің ерекше көркем, асыл тәсілі. Жібектің сұлулық пен салтанатын мына он үш қыздың тұсында айрықша айтпай-ақ, сөз қылмай-ақ жеткізіп болады. Сол әдіс арқылы Төлеген Жібекке жетпей-ақ, көрмей-ақ ғашық болады. Болмасына шарасы жоқ демек.

 

Осы үш қыздың бәрінің салтанатын да, сұлулығын да ең соңғы екі жүз түйелі көшті бастап бара жатқан бәйбішенің салтанаты басып кетеді:

 

Аға Жүніс перідей

Көркі, раушандығы.

Қартайса да ілгері,

Әлгі қыздай салдығы,

Нұрдай болып шайқалып,

Асылдай боп егіліп,

Көшті тартып барады

Жібекті тапқан шешесі.

 

"Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш" дейді жұрт мақалы. Жыршы соны есте тұтады. Жібектей сұлу қыз туса туғандай бәйбішенің сойы осы еді демек. Сөйтіп, Жібек басқа қыздардан тек сұлулығы мен салтанаты жағынан ғана озбайды, ең қымбатты үлгілі анасымен де озады. Төлегеннің "ақылмен танып тұрған" Қыз Жібегі осы еді.

 

Төлеген көш-жөнекей Қыз Жібектің күймесіне киліккенде, қыз намыстанып жауап бермейді. Осы намысқойлықтың өзі де Жібектің өзгешелігін көрсетеді. Қыздан тауы шағылған Төлеген: "Қыз түгіл, өз елімде еркек қорыққан қайран басым, бұл жерде бекер болды" деп ызаланады. Және Жібектің "сұлулығынан мін таба алмай, кесір екенсің" деп мін тағады.

 

Бүйте берме, Жібекжан,

Кесірің жұртқа тимесін, -

 

дейді. Бұл екі асылдың намыс таластырған, бақ сынасқан ең алғашқы психологиялық айқасы, қағысуы болатын. Төлегеннің "кесірлі екенсің" деген сөзіне Жібек:

 

Ағыным судай ағады,

Халқым малдай бағады,

Жұртым қойдай қағады, -

 

деп, өзінің бір елдің еркесі екенін білдіреді. Ол бүкіл Шекті еліне жаққан қыз. Төлегеннің: "Қайдан білдің, Жібек-ау, іздеп келген Төлеген, мал беріп сені алмасын" - деген ірілігіне сай Жібекте ірілік көрсетеді:

 

Келсең кел шындап қасыма,

Шай мамығым басыңа,

Келмесең, әрмен кете бер,

Бар, дамбалым басыңа, -

 

дейді.

 

Жібектің мұнысы тек бас асаулық, паңдық емес, бұрынғы ескілікті жырларда келетін натуралық түрмен, тілмен айтылса да, бұнда өзін қымбат тұту бар. "Мен де өзіндей асылмын, танысаң кел, танымасаң не жүріс" деген. Алғашқы осы қағыс, намыс таласы Төлегеннің ынтықтығын мүлде күшейтеді. Тәкаппар қыз Төлегенге қол жеткісіз биік асқар сияқты болып көрінеді. Сөйтіп, намыс түбі махаббат болып ауысады.

 

Ұзамай-ақ асау қыздың өзі де махаббаттың тұтқыны болады. Бұрын қызды көруге Төлеген асық болса, енді Төлегенді көруге қыз асық.

 

Атқан оқтай жылысып,

Ор қояндай ығысып,

Ғашық жарын көрмекке

Шаһзада Қыз Жібек

Жалт-жұлт етіп келеді...

Бір көрмекке ынтық боп,

Төлеген мырза шонықты.

 

Осы жердегі Төлегеннің менмендік назы да шын сүйіскен көңілдерге жарасқан мінез болып суреттеледі. Оның мәнісі - өзінің қызғанышты махаббатын білдіру.

 

Жібек үй ішіндегі тірліктің шын ұйтқысы, салтқа да, ерге де опалы әйелдің сойы болып көрсетілмек. Төлеген еліне жүрерде ол жайсыз түс көріп, жарын қимай қалады. Төлегенді сегіз жылға дейін сарғайып, шыдап, опалы жесір болып күтеді. Төлегенді өлтірген соң, Бекежан той қылып, Жібекті күшпен алмақ болады. Бекежан Төлегеннің өлгенін айтыспен естірмек болып: "Кеткелі жаман жарың көп жыл болды, хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?" дегенде: "Артымда жеткіншегім жас деуші еді, қарайлап сұм дүниеге жүрген шығар" дей, жаңағы салтқа берік бағынған көңілін өзгертпейді, үмітін үзбейді.

 

Бекежанның естіртуі - Жібек басындағы ендігі трагедияның түйіні. Бұл хабар біреудің қуаныш тойын адыра талқан етіп, Жібекті қаралы күйге салады.

 

Бекежанның бұл сөзі

Мұңлы болған Жібектің

Өкпесінен ұрады,

Өксіп-өксіп жылады,

Ғашық болсаң, сондай бол,

Ah, дариға, құда деп,

Етпетінен құлады.

 

Бұл кезде бақытты, балғын өскен Жібек енді бақытсыз, қаралы жан болады. Қаралы жесір болып отырады. "Жайықтың суы ылай-ай, көр болды көзім жылай-ай" дейтін жоқтаулар сол қаралы қайғыны танытады. Бұл жоқтау Төлеген, Жібек әңгімесінің енді екінші оқиғаға ауысар алдындағы шешуіне айналады. Жібек өзге ғашықтық жырлардағыдай жар артынан өлмек емес. Қара тұтып, шыдап отырып, өзін енді кеп алатын әмеңгеріне Төлегеннің тілегін орындап, тимекші. Салттан туған жыр осы санаға Жібекті бағындырады да, енді сол жолда берік жесір етіп, үлгілі жеңге етіп шығармақ мүддесіне ауысады. Бірақ Қыз Жібектің бақытсыздығы жалғыз ғана Төлегеннің өлімімен тынған жоқ, қайғы үстіне қайғы болып жабысқан пәле Қорен қалмақтың зорлап аламын деуі болатын. Бұл пәлелер Жібек басына қат-қабатынан бекер орнап отырған жоқ. Бұлар қазақ аулында бұрын әйелдің әлеуметтік ахуалының тым ауыр, қайғылы болғанын білдіреді. Рушылдық-феодалдық қоғамның ішкі әдет-ғұрып қайшылығына келгенде, Жібек өзінің сүйгеніне қолы жетпей, соққыны бір жесе, одан жаман қинауды сыртқы қиыншылықтан көреді. Қоғамның ішкі құрылысы әйел үшін ол заманда қаншама қапас, қатал, тілсіз жау болса, сыртқы жауға келгенде де іргелі елдік көрсетпейді. Шекті елінде қалмақтарға қарсы тұрарлық күш болмайды. Сондықтан осы шарасыздық отына тағы да қазақ әйелі, қорғансыз Қыз Жібек күйетін болады. Бұл жағынан қарағанда, Жібектің Жағалбайлы елін жоқтап жылауы жалғыз ғана Сансызбайға ынтызарлық емес, Шектінің "от басына балпаң, сыртқа жалтаң" қайратсыздығын, нашарлығын біліп, шерлену болады. Қыз Жібек ескі салттың әділетсіздігіне төзбейді. Сондықтан қалмақ қоршауында қалған панасыз Жібек батыр Сансызбайды асығып күтеді. Жағалбайлы елінің аты ендігі Жібек үшін медеу, қуат дүниесі сияқты көрінеді.

 

Салтқа бойсұнған Жібек тек өз басының махаббатын қорғайтын әйел ғана емес, басына күн туғанда елінің де, өз басының ар-намысын жоқтаған әйел болып суреттеледі.

 

Осы қалмақ алып-ақ,

Құрта ма менің мысымды, -

 

деп арланады. Қореннің Сандалкөгіне мініп, жеңгесінен сәукелесін сұрап, қоштасқанда:

 

Басында Жібек атанып,

Кәпірге қатын болғаны.

Есіткен жұртқа мәлім ет,

Ақ сүтін қисын анамыз.

Разы болсын атамыз,

Ел-жұртқа дұғай сәлем де, -

 

дейді.

 

Жібектің беріктік сипаты, ерлік намысы осындай. Ішкі қайшылықтарға келгенде, Жібек сүйгенінен айрылған бақытсыз жас, қаралы ғашық, сыртқы қиыншылыққа келгенде, ол қаншама бақытсыздық көрсе де, ауырмалдыққа қайсарлық, қарсылық көрсетеді. Төлеген тұсында еркін, уайымсыз өскен Жібек Сансызбай тұсында жауынгер, ақылгөй әйел болып, қайнысына қайрат, серік болып сипатталады.

 

Жау көрмеген жас Сансызбай Қорен қалмақтың жолын тосып қалғанда, Жібек бір төбенің басына келіп, аттан түсіп, Сандалкөктің шылбырын мойнына орап, өзін Сансызбайдың жолына құрбандық айтады.

 

Жібектің жақсы сипаттарының бірі - тапқырлық, шешендік. Қоренді ол өзінің ақылдылығы, шешендігімен ұршықтай ойнатады. Сандал көкті алуға келе жатқан Қоренге Жібек: "Ай, тақсыр, неше атаңнан бері хансың?" деп сұрайды. Қорен: "Жеті атамнан бері ханмын" дейді. Сонда Жібек: "Сен хан болмай жерге кір, шын хан болсаң, қойшы-қоймаж сияқтанып осылай жүргенің өзіңе ар емес пе", - деп алдап, ілгері жібереді. Міне, осындай айлашыл, тапқыр, шешен Қыз Жібек атқа мініп алған соң: "Атаңа нәлет, хан Қорен, мұнда жоқ сенің тең-парың", - деп, бел көрсетсе, онысы әбден орынды сияқты. Қиын-қыстау күндерде Жібектен үлкен қайсар қайрат шыға алады.

 

Жібектің жаудан құтылып шығуына Сандалкөкті олжалап алуы себеп болады. Бұл олжа - жеңістің олжасы. Сандалкөк Жібектің қолына түскен соң игілікке қызмет істейді.

 

Төлегеннің мұрагері - Сансызбай. Бірақ Сансызбай — Төлегеннен басқарақ адам. Төлеген жасынан сері жігіт болса, Сансызбай сауыт киіп, садақ асынған, жаратып ат мінген батыр жігіт болып тәрбиеленеді. Төлеген Жайыққа жүретін екінші сапарында інісіне:

 

Алтын балдақ ақ семсер

Саған арнап соқтырып,

Салдырып қойдым қынапқа,

Аш беліңе ілгейсің.

Тоғыз қабат көк сауыт

Будырып кеттім кілемге,

Оны үстіңе кигейсің, -

 

дейді. Сол қоштасудың тағы бір жерінде:

 

Көк буырыл тұлпар бар,

Былтыр құнан, биыл тай,

Мінетұғын бас атың,

Қарағым, саған сайма-сай, -

 

деп, Сансызбайдың жауға мінетін атына шейін болжап береді. Сансызбай жақ тартқанда, оның жебесі:

 

Тоғыз қабат көбеден

Зырлауменен өтеді.

Бір төбеге жетеді,

Үй орнындай бір жерді

Төңкере тастап кетеді.

 

Сансызбайдың батырлық кескіні осындай. Бұл Төлегендей емес. Жыршының мұны қостайтын санасы бойынша, Сансызбай ата батасын алып аттанады. Мұның жолын болдыру шарт. Сондықтан оған ерекше артықша сипаттар беріледі. Жырда Сансызбай мен Жібек арасында да келелі махаббат бар. Солай болуға керек деп ұғындырады. Әмеңгерлікті айыпсыз ету үшін солай әңгімелеу жыршының мүддесі. Сондықтан "Қыз Жібек" жырында үш адамның махаббаты бір қосылған. Жібек Төлегенді қандай сүйсе, жыр Сансызбайды да сондай сүйгізіп, үлгілі жеңге етеді. "Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді" дейтін рушылдық салт бойынша Жібек өзінің бұрынғы қайын жұртын табады. Олай болатыны - ердің мүлкіне оның елі мұрагер. Әмеңгерлік-жесірлік жолы қазақтың бұрынғы тұрмыс ерекшелігінен осындай көп қайшылық, ерсілікті көрсететін оқиғаны туғызады.

 

"Қыз Жібек" дастанындағы ұнамсыз, қиянатшыл адам - Бекежан мен Қорен. Мұның екеуі де сүйіскен жастардың бас азаттығына ара тұрады. Бірақ мінез-құлқы, жаратылысы жағынан бұл екеуі бір-біріне ұқсамайды. Қорен - бөтен жұрттан шыққан жау, Бекежан - іштен шыққан жау. Қорен жау да болса мәмілеге тұрады, ерлерге біткен аңғалдығы мен мәрттігі бар. Бекежанда бұл жоқ. Бекежан - пасық, зұлым, қауіпті жау. Рас, Бекежан да Қыз Жібекке сыртынан ынтық. Бірақ ғашықтықпен сүйген кісі емес, тек қызығушы және бөтенге бермеймін деп, жалған, қалыс жоқтаушы, зорлықшыл. Оның үстіне, өзі ұры-қарақшы, сотқар. Жібекке сай емес. Ол өзінің мақсатына адал ерлік, шын махаббат жолымен жетпейді, арамдық, қиянат, зорлық жолымен жетпек болады. Жібек оны сүймейді, осыдан келіп, Бекежан зұлымдығы асқындай түседі. Бекежан өзімшіл бақталастыққа ауысады. Жырда Бекежанның осы мінездері шебер суреттеледі, жауыздық еткен Бекежанды Жібек:

 

Атаңа нәлет қарақшы,

Құдайым сені қарғасын,

Қатын-балаң зарласын,

Басыңа қиын іс түссе,

Қасыңа досың бармасын, -

 

деп қарғайды.

 

Бұл тек Жібектің өз басының ғана қарғысы емес, жыршының қарғысы.

 

Қорен бұлай емес, батыр адам. Сансызбайдың артынан қуып жеткенде, Қорен оған: "Менің атым хан Қорен, неден үміт қыласың", - деп, бірден күш айтады, оның үстіне келген жерден ақырып, Сансызбайды жекпе-жекке, күшпен бақ сынауға шақырады. Бұл - ердің дәстүрі. Қорен Сансызбайдан ер кезегін бұрын сұрап алады. Бірақ артынан өзі де кезек беріп, ажалға қарсы қарап тұрады. Қорен өлімге бар, ерлік жолын қорлауға жоқ. Бекежанның аярлығы мен екіжүзділігі онда жоқ. Бір өзі екі тұлпар мінген Қорен қалмақтың асқан батыры болып суреттеледі. Жыр мұның тұсында Сансызбайдың батырлығын ұлғайта суреттеу үшін жауын мықты, бағын етіп, бірталай жерге шейін оны объективтік түрде зорайтып көрсетеді.

 

Рас, оның мінезі ұрт, ожар, содырлы. Беттеген ісінен қайтпайды. Бірақ қаншама ожар болғанмен, Қорен жол білмейтін тентек емес. Қаршыға: "Айып өзіңізден, әйелге тұлпар бергенсіз, алып қашып кеткен-ді" дегенде, Қорен сөзден ұтылады. Сөзге тоқтайды. Дегенмен Қореннің де зұлымдығы азғантай емес. Ол Шекті елінің намысын қорлап, Жібекті зорлап алмақ болады. Сондықтан жыршылар оны көп жерде, шындап келгенде, топас, ақымақ адам етіп суреттейді:

 

Иә, пірім-ау, иә, пірім,

Сандалкөкті жүгіртер,

Қыз Жібек менің қатыным,

Айналайын Жібек-ау,

Ақырын шапшы, ақырын, -

 

дегені Қоренді мазақтау, кекету.

 

Жырдың негізгі кейіпкерлері осылар. "Қыз Жібек" дастанының тілі бай, композициясы тыңдаушыны қызықтырып отырарлық болып шебер құрылған. Жырдағы адамдардың мінезінен, әрекетінен көшпелі тұрмыстың шаруашылық, көп әдет-ғұрпын, түрлі нанымдарын көресіз. Бұл мотивтер жырдың сюжетіне нық байланысты болып келіп, тартыс оқиғаларын көп өрнек, кестелермен түрлендіріп отырады. Адамдар арасындағы халдер де көп салалы болып, әр алуан бейнелерді жолай кейіптей кетіп отырады.

 

Күншіл Бекежан, зорлықшыл Қорен қарсысында сүйіспеншілік жоқшысы болған Төлеген мен Жібек, Сансызбай мен Шегe, Қаршыға мен Сырлыбай, тәкаппар Базарбай мен жаны шиыр қыз жеңгесі, рулы ел, көп жұрт болып суреттеледі. Осы адамдар мүдделері, күрестері арқылы жыр өткендегі өмірдің ішкі жарасын да, сыртқы жарасын да, барлық ескілікті жинақтап көрсетеді.

 

"Қыз Жібек" дастаны қазақтың өткендегі көшпелі тұрмысының да мол айнасы сияқты. Одан көшпелі елдің шұбырып көшкен көп суреті, тігілген шатыр, жапан кезген жалғыз атты жолаушылардың суреті сияқты көп ескілікті көріністер танылады.

 

Жырда оқиғаны айтып берудің үш түрлі әдісі аралас жүреді. Олар: хикаялау, сипаттау, сөйлету. Жырдың өлең жағында хикаялау аз кездеседі. Бұлар жырдың аяғында кейбір монологтар үстінде, ақынның түсінік сөзі ретінде келеді. Хикаяларға байланысты сөздерді ақын үнемі қара сөз жағына аударып жіберген. Бұл жырдың мазмұнын қызықты етіп шығарған. Жырда сипаттау әдістері де бірсыпыра орын алады. Көштің сәулеті, Жібектің сұлулығы, оның отауға барғандағы келбеті, көк жорға аттың шабысы, Қореннің "жөнеді қалмақ, жөнеді" деген жердегі кейпі, Жібек астындағы Сандалкөктің шабысы, міне, бұлар әрі оқиғаны айту, әрі сипаттау болады. Негізінде сипаттау жағы басым. Мұндай сипаттау әдісі оқиғаны әсерлі, жанды етіп отырады. Сипаттаудың қаншалықты әсерлі болып жасалғанына бірнеше мысал келтірейік. Жібектің атының шабысын суреттегенде ақын:

 

Табан жолмен тартысып,

Ауыздықпен алысып,

Екі қолы қарысып,

Ұшқан құспен жарысып,

Маядай мойнын созады,

Тарта-тарта Жібектің

Алақаны тозады.

Томаша жерден сырғытып,

Ойлау жерден ырғытып,

Әні-міні дегенше,

Ұйтқып, заулап келеді, -

 

дейді.

 

Бұдан жалғыз Сандалкөктің шабысы ғана емес, Жібектің қуанышы да көзге қабат елестеп бара жатқан сияқты. Қореннің шабысы бұдан да гөрі тамаша, жанды болып жасалған:

 

Жөнеді қалмақ, жөнеді,

Шекбір ұрып келеді.

Көк қабыландай арсылдап,

Тебінгісі тарсылдап,

Құйысқаны сартылдап,

Сауырдан аққан ақ көбік

Омырауда былшылдап,

Шу десе қалмақ дауысы,

Түлек құстай шаңқылдап,

Кәпір қалмақ жөнеді,

Қаһарланып келеді, -

 

дегенде, қалмақтың суреті тыңдаушының көз алдына дәлме-дәл елестеп тұрады. Жырдағы сипаттаудың бір шебері Көкжорға аттың шабысынан, не болмаса Жібектің жүрісінен сол қаһарманның сыртқы кескіні де, ішкі дүниесі де бірдей көрінуінде. Жібектің отауға бара жатқан сипатын ақын былай суреттейді:

 

Жібектің жайын сұрасаң,

Асып туған анадан,

Шаһзада кісі еді,

Кісі бойы кереует

Алтын тақтың үстінен

Қояндай қарғып түседі,

Ақ маңдайы жарқылдап,

Танадай көзі жалтылдап,

Алтынды кебіс сартылдап,

Жүйрік аттай ойқастап,

Құнан қойдай бой тастап,

Қалмаймын деп ұялып,

Жан-жағына байқастап,

Кер маралдай керіліп,

Сары майдай еріліп,

Тәңірі берген екі аяқ

Бір басарға ерініп,

Үйден шықты Қыз Жібек,

Көрінген көзге дүниенің

Баршасынан жерініп.

 

Не болмаса:

 

Атқан оқтай жылысып,

Ор қояндай ығысып,

Қылаң етіп, қылт етіп,

Сылаң етіп, сылт етіп,

Мықындары былқылдап,

Тау суындай сымпылдап,

Сүмбіледей жылтылдап,

Буындары былқылдап,

Айдынды туған Қыз Жібек

Отауға қарап жөнеді.

 

Асыға басқан, жарын көруге ынтызар болған Жібек тыңдаушының дәл көз алдында кетіп бара жатқандай.

 

Бірақ ақынның қолданатын суреттеу әдісі жалғыз сипаттау емес, ол кезінде сөйлету әдісін де қолданады. Әрбір адамның өзін сөйлетеді. Сөйлету арқылы олардың ішкі дүниесін, күлкі, қуаныш-қайғысын әсерлі етіп береді. Қоштасу, естірту, жоқтау, арыздасу, қорғау, тілек бата, күш таластыру, түс көру, оның жоруы, көңіл айту, өтініш, айтыс сияқты неше алуан көңіл жайымен өлеңді көрнектер өздерінің салт жырларында келетін түр-түрімен осы сөйлету тұсында көрінеді. Бұл жырдың мазмұнын кеңейтіп, көңілге қонымды етіп шығарған. Монологтың көпшілігі қаратпа сөз қолдану арқылы беріледі:

 

Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау,

Мінезің еді өзгеше-ау!

Төлегенге барып кел,

Тілімді алса жүрмесін, -

 

дегендегі "ау, жеңеше-ау" дейтін арнау сөздер Жібектің қимастық сезімін білдіреді. Не болмаса:

 

Құдіреті күшті құдая,

Алыстан жарға ғашық қып,

Әуреге салдың басымды, -

деген жердегі құдайға жалбарыну;

Әуелеп ұшқан алты қаз,

Етің шекер, сорпаң баз.

Қонар болсаң, жануар,

Міне майдан, міне саз! –

 

дейтін қаратпалар Төлегеннің ауыр қасіретті сезімдерін сипаттайды. Мұндай өлең өрнектері көп қолданылады.

 

Артық туған көкешім,

Бұл дүниеден кетіпсің.

Ол дүниеге жетіпсің,

Мен мүсәпір ініңді

Қасіретке тастап кетіпсің, -

 

дейтін қаратпа сөз де сол жайды білдіреді. Шеге Сансызбайға көңіл айтқанда да:

 

Айналайын Сансызбай,

Көлге біткен құрағым,

Суырылып озған пырағым, —

 

деп бастайды.

 

Мұндай қаратпа арнаулар бұл жырда көбіне мұңды сезімдерді білдіреді. Кейде, қарғыс түріндегі қаратпа монологтар да ұшырайды:

 

Атаңа нәлет Бекежан,

Көрсетпе маған түсінді,

Бітіріпсің ісіңді, -

 

деп қарғайды Жібек Бекежанды. "Айналайын Шеге аға" деген сөз достықты білдірсе, "Атаңа нәлет Бекежан" дейтін сөздер дұшпанға атылған оқтай тиеді.

 

Сөйлетудің бір қысқа түрі - айтыс. Жырда айтыс төрт жерде келеді. Мұның бәрі де қара өлеңмен айтылады. Бірақ мазмұны, қызметі жағынан бұл айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Алғашқы айтыс Қаршығаның шатырдағы Жағалбайлы жігіттерімен тілдесуіне арналған. Бұл - қуанышты хабарды білдірген айтыс. Екінші жолы айтыс Төлегеннің Сырлыбайға жолыққан жерінде қолданылады. Мұнда айтыс құда түсу ниетін білдіреді. Үшінші жолы айтыс түрін Бекежан қолданып, Төлегеннің өлгенін естіртеді. Бұл - қаралы естірту. Төртінші жолы айтыс Шеге мен Жібек арасында жүреді. Бұл да қуанышты хабарды білдірген. Ақын айтыс түрінің өзімен неше алуан сыр береді.

 

Жырда ырым-жырым, түс көру сияқты сезімдерге де мән берілген. Жібек екі түс көреді. Бірі - Төлегеннің өлімін болжаса, екіншісі - Сансызбайдың қалмақтарды жеңетінін күні бұрын болжап береді.

 

Ақын табиғат суреттерін де белгілі бір сезімге, іске айғақ етіп пайдаланған. Төлеген Жібектің көшіне күн шыға ілесіп, Жібекпен Жиренбай отауында, талма-тал тұс шағында жолығады. Бұл кез әлемнің күн нұрына мейлінше бөленген жарқын кезі. Бұл бақыт қуып, өрге басып бара жатқан екі ғашық сезімдеріне де ортақ болып тұр. Ал енді, Төлеген Қособаның түбінде күн бата аттан құлап, қас қарая жан тапсырады. Бұл әлемге қараңғылық орнаған кез. Қара түн Төлегеннің арманда өлген қасіретіне ортақ болғандай.

 

Дастанның ең құнды жағының өзі оның тілінің таза, бай, көркем болып жасалуында. Сан алуан әсірелеу, көріктеу, ұқсатулардан басқа кейбір жеке-жеке сөздердің шеберлілігі де сұлу, жатық. "Ай қараңғы кешесі, айдың өткен нешесі" дейтін сөз кестесінің көркемдігі бұған дәлел бола алады. Жырда мұндай образды сөз кестесі өте көп. "Асу да асу бел дейді, аса бір соққан жел дейді" дейтін сөз шумақтары да сыртынан қарағанда әншейін ғана бір сөз ұйқасы сияқты. Дұрысында олай емес, бұл сөздер жырда үш рет қолданылған. Алғаш оны Төлегенді іздеп барған жерінде Қаршыға қолданады. Екінші жолы мұны тағы да Қаршыға Төлегенді Жиренбайдың отауына апаратын жерде айтады. Үшінші жолы Жібек Сандалкөктің үстінде тұрып жеңгесіне қоштасқан сөзінде айтады. Мұның үшеуінде де "Асу да асу бел дейді" дейтін сөздер не алыстан келген қуаныш хабар, не бақытты жолығыс, не он сапардың сырынан хабар береді. "Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау" дейтін сөздердің де белгілі мәні, орны бар. Ол не қауіп, не қимастық сезімдерін бастайды. "Басыр, басыр, басырды, аққа құлпы жасылды" дейтін сөз кестесі көп қыздың ішінде Жібектің "аққа құлпы" болып өзгеше артық туған жан екенін айту үшін тұр.

 

Ақын сипаттауға келгенде көріктеу, ұқсатулардан гөрі теңеу сөздерді молырақ қолданады. Адам келбетін көбіне теңеумен жасайды. Теңеудің жұбы ретінде алынатын сөздер ай, күн, жұлдыз, алтын, гауһар, тана (тас), хор пырақ, ақша қар, ақ тауықтың қаны, сары алтынның буы, сымға тартқан күміс, ор қоян, құнан қой, пейістен соққан самал тәрізділер. Теңеулері өте қонымды, көркем келеді:

 

Қыз Жібектің дидары

Наурыздың ақша қарындай.

Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай.

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай.

Білегінің мүсіні

Айбалтаның сабындай.

 

Бұлар айналадағы табиғат көріністерінен алынған ұғымды, жатық теңеулер. Қазақтың шаруашылық тіршілігінің негізі төрт түлік малға байланысты теңеулері де көп:

 

Халқым қойдай қағады,

Жұртым малдай бағады, -

 

дейтін теңеулер бақташылық өмірінен алынған. Қой бағу, мал күту қазақ үшін өте сүйікті, абыройлы іс болған. Сондықтан Жібек Шектілердің өзіне деген махаббатын осындай түрлі теңеулермен білдіреді.

 

Қоштасу, қимастық, көңіл айту, оң бата сияқты монологтарда ұқсату (метафора) көбірек келеді. Ондай жерде ақын теңеу қолданбайды. Алты қазға айтқан сөзінде Төлеген:

 

Қанатымда қияғым,

Табанымда тұяғым, -

 

деп келеді. Сипаттауларды теңеумен берсе, ауыр сезімдерді ақыл ұқсатулар арқылы суреттейді.

 

Көлге біткен құрағым,

Суырылып озған пырағым, -

 

дегенде де солай.

 

Көкжорға мен Сандалкөктің шабысын суреттегенде, Сансызбай мен Қореннің ұрысын, кештің сәулетін айтқанда ақын әсірелеу қолданады. Мысалы, Сансызбайдың атқан жебесі Қоренді құлатып, одан өтіп, үй орнындай бір төбені аударып тастайды. Аттар шапқанда ұшқан құсқа жетеді. Бұл жерлері батырлар жырындағы үлгілер. Соны ақын дұрыс қолдана білген. Кейде ақын кішірейту түріндегі сөздерді өте орынды қолданады:

 

Дария шалқар көліміз

Жер болып қалған суалып, -

 

дейтін сөздер Сансызбайдың суалған көңілін білдіреді.

 

Сонымен, ақын көріктеу, теңеу, ұқсату, әсірелеу сияқты көркем сөздерді қалай болса солай орынсыз қолданбайды. Әрқайсысының тиісті орнын табады. Беталды теңеу қуып, эпитет ауламайды.

 

"Қыз Жібек" жырының тілі, өлеңдігі көркем, ажарлы болып шығатын себебі осындай нақыстардан туады. Өлеңнің ұйқастары да, дыбыстық құрылысы да жатық, үндесіп келеді.

 

Асу да асу бел дейді,

Аса бір соққан жел дейді, -

 

дегендегі а-а, с-с, е-е сияқты ішкі дыбыс үндестіктері күшті. "Қыз Жібек" дастаны батырлар жырынша жеті буынды жырмен жырланған. Ұйқасы екі-үш жол аралап, еркін келіп, ерікті ұйқас болып отырады, көп жерде жырдың ұйқасы тек сыртқы жағынан ғана емес, көбіне ішкі жағында болады.

 

Жырда қоштасу, естірту, жоқтау, арыздасу сияқты өлеңдері көп: осының бәрі жырдың лирикалық қуатын күшейткен. Оқиғаның қызықтылығы мен лиризм бұл жырдың мазмұн, композициясын көркейтеді.

 

1948

Мұхтар Әуезов

0 дауыс
Қыз жібек жырына жоспар құрып беріңіздерші.
...