+3 дауыс
738 көрілді

Осы сайтта біраз қолданушылар жауап ретінде Уикипедия, Массагет сияқты сайттардан жауап көшіріп алып, сол үшін "Жақсы жауап" алып жатыр. Сол дұрыс деп ойлайсыңдар ма? 

15 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

m.virus2013  тамаша сұрақ қойған, сайтта түкке тұрғысыз сұрақтар мен құнсыз жауаптар қаптап кетті.  Тіпті жауап жазатын сұрақтар жоқ десе де болады, бар сұрақтардың түріне қарап  жауап жазуға ұяласың, бал үшін жазыла салған жауап қой деп айта ма деп. Ал енді ЖЖ қалай болса солай, сарапталмай ақ, жалғыз жауап болса да әйтеуір бал алу үшін белгілей салады, не деген сауатсыздық. Сайтқа сырттан кірген қолданушыларға масқара әсер қалдыратынымызды қалайша түсінбейміз. Соның бәрін түсінбей істесе де жақсы ғой, бір жаманы көбі сасық есеппен істейді, бал алсам болды деп есептейді. Қандай ұрпақ өсіп келе жатыр деген ой еріксіз келеді. Осының бәрін істеп жүргендер айналдырған 5-6 пысық (чатты айналып шықпайтын), бірақ олар сырт көзге бәрі көрініп тұратынын білмейтін сияқты. Сіздерден өтініш сайтты былықтырмайық достар, бұл сайтқа қанша еңбек кеткенін силайық.

+2 дауыс

Дұрыс деп ойламаймын.Бірақта көпке топырақ шашпайын,солардың ішінде менде бармын.Нақты жауап сол жерде болса сілтемемен беруге болады.Қазіргі барлық сұрақтардың жауабының көбі сол сайттардан алынған.

+1 дауыс

Егер нақты болса.Мен дұрыс деп ойлаймын,ол адам еңбектеніп табады.

Жауапты дұрыстап жаз!Ескерту ала берме!
+8 дауыс
Ондай сайттардан көшірмей-ақ жауап беретін қолданушылар бар. Ондай жауаптар берген қолданушы кінәлі емес. Сұрақ қоюшы сол жауапты іздеу сайттарынан іздеуге ерінген. Не таппаған іздеп. Ал жауап бергендер еңбектеніп іздеп, тауып береді. Қысқасы барлығы "балл алуға" келіп тіреледі.
Базар жоқ, ризамын!
+2 дауыс
Ал маған бәрібір. Бойы ең ұзын адам Келiн сериалы қанша бөлімнен тұрады т.б осы типтес сұрақтарды қойып сол қарапайым сұрақтарды Www.Google.com іздеу сайтынан таба алатын ақпаратты таба алмайтындарға жауап беру керек. Мәселе баллда емес. Сонда олар да балл алу үшін сондай сұрақ қойып ал біз ол интернеттен де табылады деп жауап бермесек не болады. Дұрысы жауап беру керек. Мүмкін адамдар бір ақпарат іздеп осы ақпаратар СЖ сайтында болса жақсы емес пе.
+1 дауыс

Қанағаттанарлық жауап беру үшін көшіремін,ал былай біліп тұрсам өз ойымдағыны айтамын!

+2 дауыс

Көп сұрақтардың жауаптары ғаламторда орысша. Кейбіріміз орысша түсінбей осы сайтқа сұрақ ретінде қояды. Ал ол сұраққа, жауапты қазақ тіліне аударып, жауап береді. Бұл үлкен еңбек деп білем. Ондай жауаптарға ЖЖ басу керек деп ойлаймын.

иа, онсыз да қазақ тілінде ақпарат аз. Сондықтан достар, мүмкіндігінше орысшадан көшіре салмай қазақша дені дұрыс аудармасын, мағынасын жазуға тырысайық!
0 дауыс

Меним ойымша арким оз ойын косип билгенин айтып ишиндегин шыгарса бул сайт оданда кызыкырак болар ед деп, албетте казирде кызыктар бар, бирак одан ари кызыкырак болса оданда кызык ))))))))))  

Өте дұрыс, жауапты бір жерден көшіріп қоя салғаннан, әркім өз пікірін айтып талқылаған әрине қызық.
+1 дауыс

Меніңше, жауапты бір жерден көшіре салғанша, әуелі түсініп оқып алып, сосын өз бетінше түсінгенін жазған дұрыс болар еді қолданушыларға. Өзі де біліп алады, жауабы да шынайы болады.

Иә, өте дұрыс.
+1 дауыс

Негізі кейде дұрыс деп ойлаймын, өйткені мен кейбір сілтеме тұрған жерлерді басқанда ол көшірілініп әкелінген сайт адресі істемей қалған кездер болды. 

+1 дауыс
сұрақ қоюшыға байланысты.
0 дауыс
Осы сұрақ мені де мазалайды, гуглдан да таба алмадым, негізі дұрыс айтасындар барлықтарын, нақты мынанікі дұрыс деп айта алмаймын, себебі оныкі де дұрыс бұныікі де дұрыс, бағана здача беріп жатқан апаның тырнағын көріп сатып алған габургеримді жегім келмей қалған, вот сол апанікі дұрыс емес, а так былай барлықтарынікі дұрыс ғой, епт шекпеуім керек  еді
0 дауыс
Маған да сол сияқты жауаптар ұнамайды, оның не керегі бар? Кей біреулер қалай жазылса, солай көшіріп жауап бере салады, өз сөзін аздап болса да қосу жоқ. Жауабы мағынасыз, бірақ ұззыыын. Ондай жауаптар гугл, википедия, массагет т/б сайттарда да бар, бұл сайттың ерекшелігі тірі адамдар жауап береді, бірақ тірі жауап емес, қайдағы бір дайын ақпаратты көшіріп жауап береді. Ондай жауаптар керек болса, сұрақтың астына жазуы керек (сілтемесі керек н/е нақты жауап керек, өз ойыңызды айтыңыз деген сияқты жазып қою керек). Көшірмей өз ойыңмен, ақылыңмен ЖЖ алғанға не жетсін?!
0 дауыс
Сұрақ қоюшыға және сұрақтың күрделілігіне байланысты!
0 дауыс
Қайтейік сұрақты қойғасын жауап береміз ОЛ сұрақ қоюшы шыныменде Білмегесін қояд дағы сол сұрақты! АЛ Кейбір қолданушылар болады бірден 5 сұрақ қатарынан қойып тастайды сұрақты басқа сайттардан алып және балл жинап алу үшін БІРАҚ оны бақылап отырған Модерлер Редакторлар жоқ!  

lobre-bank,

Akbope,

Aidos деген қолданушылар өтірік сұрақ қоюшылар қатарына кіреді! Біле жүріңіздер! осы соңғы 5 айда байқағаным!
...