0 дауыс
7.4k көрілді

Теледидардың зияны туралы дәрігердің пікірі қажет боп тұр? Тауып бересіз деп ме?

3 жауап

0 дауыс
Экранға жақын отыру бізге зиян емес деп ойлаймыз. Шындығында теледидардан келер қауіп-қатер жеткілікті. Оны біз бағамдай бермейміз. Бір есептен бағдарламаларға қатты беріліп кетуден шығар. Сонда да адам үшін ең бастысы денсаулық. Осыны ескерген дұрыс болар. 1960 жылдардың соңына дейін шығарылған сәулелік-катодты трубкалараз мөлшерде болса да, ультракүлгін сәуле шығаратын болған. Сондықтан сол кездерде көпшілік көрермендерге экраннан 2 метр алыс отыру керектігі жиі айтылатын. Нәтижесінде үлкен қатердің астында балалар қалған.Олардың көздері алыс-жақын аралыққа бірден бейімделеді емес пе?! Және олар үлкендерге қарағанда экраннан көз алмай күні-түні отыра алады. АҚШ-тың 40 жыл бұрынғы «Радиациядан денсаулықты қорғау» туралы заңында барлық киноскоп шығарушыларды қорғасынды әйнек шығаруға шақырған болатын. Соның арқасында теледидарлар қауіпсіз болып таныла бастады. Теледидардан келер басты қауіпті аз қимылдан көретіндер бар.Солай болып шықты да. Соңғы 20 жылда балалар мен жасөспірімдердің арасындағы тұйықтық індеті (белсенділік жоқ) артып келеді. Кез келген бала 3 жас пен 6 жас аралығында 14 сағат бойы тапжылмай теледидар көретін болып шықты. Сонда олар 1 сағатқа жетер-жетпес спортпен айналысады деген сөз. Таза ауада сергіп қайтуды айтпасақ та белгілі. 2004 жылғы «Педиатр» журналыныңзерттеу қорытындысы бойынша, теледидар алдында отырып, мезгіліне 3-4 сағат жұмсайтын баланың назар аудармау (ADD) ауруына ұшырау белгісі 30%-ға артатын көрінеді. Ал 2005 жылыкүнделікті ақпараттарды сараптайтын«Нелсон» компаниясымынадай шешімге келген. Америкада теледидары күні-түні қосылып тұратын үйлер бар дейді. Бұл көрсеткіш 10 жыл бұрынғыдан 12.5%-ға артық болып шыққан. Бұл дегеніміз, қазіргіәрбір американдық 70 жасқа келгенде өзінің 8 жылын теледидар алдында өткізді дегенмен бірдей. Теледидар пайда болғаннан бастап ғалымдар оның адамдарға беретін пайдасы мен зияны ту­ралы бір пікірге келе алмай, тар­тысып келеді. Сарапшылардың бір жағы теледидар пайдалы десе, екінші жағы пайдасынан зияны көп дегенді айтады. Сонымен, көгілдір экран жөнінде ғалымдардың не айтатынына құлақ салайық. Теледидардың әрбір үйдің төрінен орын алғанына ондаған жыл болды, бірақ оның адамдар үшін үлкен қатер әкелетінін ешкім айтпайды. Біз компьютер, мик­ро­тол­қынды пеш, электр пойызда­ры, күшті радиолокациялық стан­са­­лар, байланыс тораптары, қалта теле­фон­дары болмаған кезде кө­гілдір эк­ранмен таныстық. Ол кез­де пла­нета жоғары вольттық же­лілер, ұялы телефондардың ра­дио­тран­слятор­лары сияқты ғаламат күші бар жү­йелермен бүгінгідей оралып тас­тал­ған жоқ болатын. Қазір осының бар­­лығы адамдардың жұмысын бір жа­ғы­нан жеңілдетті, ал екінші жа­ғы­нан денсаулығын құртып жатыр. Теледидарды алысырақ оты­рып көретін болғандықтан ден­саулыққа әсер етуі компьютерге қа­рағанда аздау, бірақ оның ал­дында біз көп уақытымызды өткі­земіз, сондықтан көгілдір экран­нан келетін кесел көп болмақ. Электрлік магнит өрістерінің әсе­рінен тез шаршау, ашушаңдық, ұмытшақтық, ұйқының бұзылуы деген кеселдер шығады. «Бұлар теледидардың әсерінен болады» деп адамдар ойламайды, өйткені көгілдір экранның әсері білдіртпей бойды алады. Америкалық зертханалар­дың біріндегі көртышқандар ұстайтын көрші бөлмеге теледидар қойып, ғалымдар бақылауға алған. Әдетте, орта есеппен 12 баладан табатын көртышқандар теледидар пайда болғаннан кейін бір-екі баламен ғана шектелген, олардың өзі өліп қала берген. «Сұйық кристалды немесе плазмалық экраны бар те­ледидарлардың денсаулыққа еш­қандай әсері болмайды» деген қате пікір екен. Клиникалық зерт­теу­лердің нәтижесі бұл экрандар­дың адам ағзасына әсері бұрынғылар­дан 2 есе көп екендігін көрсетті. Электромагниттік қауіпсіздік ор­талығының 1996 жылғы ком­пью­терді пайдаланушының қызмет­тік жағдайын зерттеу нәтижесінде, тіпті аз уақыт (1 сағат) жұмыс іс­теген адамда монитордың элек­тро­магниттік сәулесінің әсері­нен гармоналдық жағдайы әлсіреге­ні және ми биотоктарының бірша­ма өзгеретіні анықталған. Қанның құ­­рамы онкологиялық ауруға шал­дық­қандардың қанына ұқсайды. Әйелдердің эмоциялық жағдайы­на және өтіне қатты әсер етсе, ер­кектердің гормондары әлсіреп, потенциясы төмендейді. Теледи­дар да осылай әсер етеді. Көрер­мен­дердің көздері шаршап, ауы­рады, бас ауруы пайда болады, ұйқы бұзылады, ағзаның пси­хофизикалық жағдайы бұзылады. Ақпарат,толығырақ: http://www.abai.kz/content/teledidar-koru-ziyan-ba , http://www.massaget.kz/bilim/bilesiz-be/1424
0 дауыс
1-шіден Теледидар денсаулыққа зиян 2-ші ден біздің жастарымыз,балаларымыз осы теледидардан тарбие алады.
0 дауыс

Теледидардың зияны барма жоқпа онысын білмедім,телеарналардын зияны бар,,

...