Экранға жақын отыру бізге зиян емес деп ойлаймыз. Шындығында теледидардан келер қауіп-қатер жеткілікті. Оны біз бағамдай бермейміз. Бір есептен бағдарламаларға қатты беріліп кетуден шығар. Сонда да адам үшін ең бастысы денсаулық. Осыны ескерген дұрыс болар. 1960 жылдардың соңына дейін шығарылған сәулелік-катодты трубкалараз мөлшерде болса да, ультракүлгін сәуле шығаратын болған. Сондықтан сол кездерде көпшілік көрермендерге экраннан 2 метр алыс отыру керектігі жиі айтылатын. Нәтижесінде үлкен қатердің астында балалар қалған.Олардың көздері алыс-жақын аралыққа бірден бейімделеді емес пе?! Және олар үлкендерге қарағанда экраннан көз алмай күні-түні отыра алады. АҚШ-тың 40 жыл бұрынғы «Радиациядан денсаулықты қорғау» туралы заңында барлық киноскоп шығарушыларды қорғасынды әйнек шығаруға шақырған болатын. Соның арқасында теледидарлар қауіпсіз болып таныла бастады. Теледидардан келер басты қауіпті аз қимылдан көретіндер бар.Солай болып шықты да. Соңғы 20 жылда балалар мен жасөспірімдердің арасындағы тұйықтық індеті (белсенділік жоқ) артып келеді. Кез келген бала 3 жас пен 6 жас аралығында 14 сағат бойы тапжылмай теледидар көретін болып шықты. Сонда олар 1 сағатқа жетер-жетпес спортпен айналысады деген сөз. Таза ауада сергіп қайтуды айтпасақ та белгілі. 2004 жылғы «Педиатр» журналыныңзерттеу қорытындысы бойынша, теледидар алдында отырып, мезгіліне 3-4 сағат жұмсайтын баланың назар аудармау (ADD) ауруына ұшырау белгісі 30%-ға артатын көрінеді. Ал 2005 жылыкүнделікті ақпараттарды сараптайтын«Нелсон» компаниясымынадай шешімге келген. Америкада теледидары күні-түні қосылып тұратын үйлер бар дейді. Бұл көрсеткіш 10 жыл бұрынғыдан 12.5%-ға артық болып шыққан. Бұл дегеніміз, қазіргіәрбір американдық 70 жасқа келгенде өзінің 8 жылын теледидар алдында өткізді дегенмен бірдей. Теледидар пайда болғаннан бастап ғалымдар оның адамдарға беретін пайдасы мен зияны туралы бір пікірге келе алмай, тартысып келеді. Сарапшылардың бір жағы теледидар пайдалы десе, екінші жағы пайдасынан зияны көп дегенді айтады. Сонымен, көгілдір экран жөнінде ғалымдардың не айтатынына құлақ салайық. Теледидардың әрбір үйдің төрінен орын алғанына ондаған жыл болды, бірақ оның адамдар үшін үлкен қатер әкелетінін ешкім айтпайды. Біз компьютер, микротолқынды пеш, электр пойыздары, күшті радиолокациялық стансалар, байланыс тораптары, қалта телефондары болмаған кезде көгілдір экранмен таныстық. Ол кезде планета жоғары вольттық желілер, ұялы телефондардың радиотрансляторлары сияқты ғаламат күші бар жүйелермен бүгінгідей оралып тасталған жоқ болатын. Қазір осының барлығы адамдардың жұмысын бір жағынан жеңілдетті, ал екінші жағынан денсаулығын құртып жатыр. Теледидарды алысырақ отырып көретін болғандықтан денсаулыққа әсер етуі компьютерге қарағанда аздау, бірақ оның алдында біз көп уақытымызды өткіземіз, сондықтан көгілдір экраннан келетін кесел көп болмақ. Электрлік магнит өрістерінің әсерінен тез шаршау, ашушаңдық, ұмытшақтық, ұйқының бұзылуы деген кеселдер шығады. «Бұлар теледидардың әсерінен болады» деп адамдар ойламайды, өйткені көгілдір экранның әсері білдіртпей бойды алады. Америкалық зертханалардың біріндегі көртышқандар ұстайтын көрші бөлмеге теледидар қойып, ғалымдар бақылауға алған. Әдетте, орта есеппен 12 баладан табатын көртышқандар теледидар пайда болғаннан кейін бір-екі баламен ғана шектелген, олардың өзі өліп қала берген. «Сұйық кристалды немесе плазмалық экраны бар теледидарлардың денсаулыққа ешқандай әсері болмайды» деген қате пікір екен. Клиникалық зерттеулердің нәтижесі бұл экрандардың адам ағзасына әсері бұрынғылардан 2 есе көп екендігін көрсетті. Электромагниттік қауіпсіздік орталығының 1996 жылғы компьютерді пайдаланушының қызметтік жағдайын зерттеу нәтижесінде, тіпті аз уақыт (1 сағат) жұмыс істеген адамда монитордың электромагниттік сәулесінің әсерінен гармоналдық жағдайы әлсірегені және ми биотоктарының біршама өзгеретіні анықталған. Қанның құрамы онкологиялық ауруға шалдыққандардың қанына ұқсайды. Әйелдердің эмоциялық жағдайына және өтіне қатты әсер етсе, еркектердің гормондары әлсіреп, потенциясы төмендейді. Теледидар да осылай әсер етеді. Көрермендердің көздері шаршап, ауырады, бас ауруы пайда болады, ұйқы бұзылады, ағзаның психофизикалық жағдайы бұзылады. Ақпарат,толығырақ: http://www.abai.kz/content/teledidar-koru-ziyan-ba , http://www.massaget.kz/bilim/bilesiz-be/1424