Қайың шырыны — көктем кезінде қайыңның сабағын бойлап ағатын тәтті шырын. Мұның құрамында 2 проценттей қант бар. Бір қайыңнан 60 литрге дейін шырын алып, оны сусынға жаратуға немесе 65 процент қанты бар сироп жасауға болады. Қайың шырыны (Березовица) - ежелгі сақтар заманынан бері белгілі сусын. Көктемде қарт қайындардан ағызып алып ашытылатын болған.Қазіргі уақытта тамақ өнеркәсібі шығаратын түрлері көбіне қант пен консерванттар қосылып дайындалады
Қайың шырыны — көктем кезінде қайыңның сабағын бойлап ағатын тәтті шырын. Мұның құрамында 2 проценттей қант бар. Бір қайыңнан 60 литрге дейін шырын алып, оны сусынға жаратуға немесе 65 процент қанты бар сироп жасауға болады. Қайың шырыны - ежелгі сақтар заманынан бері белгілі сусын. Көктемде қарт қайындардан ағызып алып ашытылатын болған.Қазіргі уақытта тамақ өнеркәсібі шығаратын түрлері көбіне қант пен консерванттар қосылып дайындалады.
Медициналық оқулықтардың мәліметінше, қайың шырыны құрамында емдік заттар, эфир майлары, дәрумендер мен микроэлементтер және 2% мөлшерінде жеміс қанты бар. 10-нан астам органикалық қышқылдан тұратын шырынның бір грамының тығыздығы – 1,0007-1,0046 мл-ге тең. Халықтық медицина қайың сөлін ағзаны нығайтқыш, зәр айдағыш дәрі ретінде қолданады. Сонымен бірге қышыма, теміреткі немесе безеу пайда болғанда теріге жағады. Қайың шырыны шаштың түсуін тоқтатады. Сусын өкпе, бүйрек, ревматизм ауруларына да ем бола алады. Әлемде бұл шырынды өндіру жөнінен Беларусь, Украина және Ресей елдері көш бастайды. КСРО кезінде бұл елдерде қайың сөлін өндірудің ұзақ жылдық тәжірибесі қалыптасқан.
жалпыға аян «қайың сауған»деген сөз қазыргы кеи жердегі ұрпақтың құлағына көбінесе төңкерісшіл ақын таңжарықтың әріптесі қойдым дарубай қызының сөзімен таныс.
қайыңды қалай сауады? деген сұраққа көп ағайын тоқталып өтеді. деседе білмеитін ағайын жоқ деп айтудан аулақпын.
қайың шырыны- өсіп тұрған қайың ағашының құрамында көктем кезінде сұйықтық мөлшері басқа ағашқа қарағанда мол болады. осы сұйықтықтың қуаты мен біріктіргіштік ерекшелігі күшті болып өзіне сай бір тұрлы дәмде болып келеді. азықтық, сусын ретінде ерте ерте ерте кезде ата-бабамыз ас-су ретінде қолданысын тапқырлаған. оны қазақ ішінде кеиде ағащылық қол өнерімен шұғылданушылар «әліп»мәй ретінде қолданатындарыда бар.
қайың сауу- қайыңды кертіп түбіне шелек қою, немесе ұңғыр қуысты түтік темірді қайың ағашқа қағып кіргізіп шелекке тамшылатып алу адысы арқылы сауылады.