0 дауыс
9.2k көрілді

Бозторғайдың ерлігi дегенге мазмұндама керек?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

«Бoзторғай» - өткен ғасырдағы таптық көзқарасты бейнелейтін өлең. Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап, арыз жүргізушілерінің кейпін көрсеткен. Бозторғай қанша шырылдап мұңын айтып әлді құстарға жүгінсе де, ешбірінен көмек көрмейді. Қайта өзіне ұрсып, зәбір көрсетеді. Сөйтіп «Бозторғай « заман байқағанға күштінікі» екенін мойындайды. Бұл өлең патша үкіметінің кезіндегі ел билеушілерін сынаған өлең болды.

Жоспар құру:
1. Тұрымтайдaн қoрлық көргeн тoрғай.
2. Бөдeненің қырғиғa жeм бoлуы.
3. Торғaйдың қaршығадан әдiлдік iздеуі.
4. Қаршығaдан қиянaт көргeн шүрeгейлер.
5. Қaздың eтін жeген лaшын.
6. Бұл зaман бaйқағанға әлдiнікі.

Бозторғай шөл, шөлейт және қиыршық тасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Оның қанатының ұзындығы 8, 5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Бозторғайлар – жыл құсы. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Қазақ тілінде мамыра жай жақсы заманды «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп атайды.

0 дауыс
бозторғайдың ерлігі туралы мазмундама керек
0 дауыс
Бозторғай деген құс бар. Жұдырықтай ғана. Әуеде бір нүктеге байланып ән салады. Бала күнімізде жұмыртқасын көп шақтық. Үлкендер: "Бозторғайдың жұмыртқасына тимеңдер, Бетің шұбар болады" деуші еді. Сонда да қайтпаймыз. Қай дөңде, қай сайда осы сұп-сұр торғайдың ұясы бар? Бүкіл ауыл баласы ағам екеумізден сұрайтын. Неге екенін білмеймін, осы бір әнші құстың ұясын белгілеп, күнде сабақтан кейін соны бір көріп кетуші едік...

Бір күні мен белгілеп, бағып жүрген бір ұяны көршінің баласы байқап қалыпты. Әлгіден қызғанып бозторғайдың 5 тал жұмыртқасын қалтама салып үйге әкелдім. Үйге кіре бергенімде үйдің кенжесі - кіші інім жүгіріп келіп бас салды. Көтердім. Қалтамдағы құстың жұмыртқасын ұмытып кетіппін. Бір кезде шешем: "Балам, қалтаңнан не ағып тұр?" - дейді. Қарасам, бармақтың басындай жұмыртқалар сынып, сап-сары май ағып тұр.

Анам ашуланғанда, тентектігімізді кешірмейтін, аямаушы еді. "Ақымды" берді.

Қайсы күні інімнің қызы шешемнің жиып жүрген бар жұмыртқасын біріне бірін соғып, жарыпты. Үсті-басы сарала-сатпақ. Анам мәз болып қарап тұр. "Жар, ұр. Бетіңе жақ" - дейді. Мен осыдан жиырма жыл бұрынғы "Бозторғайдың жұмыртқасы туралы" оқиғаны, алған "сыбағамды" айтып бердім. "Балам, немерелі болғанда білесің" - деді де қойды.

Жарас Кемелжан

Facebook-тегі парақшасынан
 

(«Бозторғайдың жұмыртқасы». Бұл жазбаның тақырыбын өзгерткен себебіміз – осында бір тылсым дүние бар секілді. Қазақ неге бозторғайды қадір тұтады? Әлде немере, шөберемен байланыстырып ырымдай ма екен? Жетім баланың шырылын неге бозторғай шырылына ұқсатады қазақ? Біз білмейтін не сыр бар мұнда? Мүмкін сіз білерсіз, пікір қосыңыз...)
0 дауыс
Бозторғай балапандарына ертелі-кеш жем тасып жүр еді. Күн сәскеге таянғанда ұясына жем әкелген бозторғай бір қатердің үстінен түсті. Ұзындығы сала құлаш қара шұбар жылан ұяға жақындап қалыпты. Балапандар аузын ашып, шыр-шыр етеді.

Бозторғай ұя мен жыланның аралығына келіп қонды.

- Мына сорлы қайтеді, ей?!Жан керек болса,былай тұр жолымнан,-деді жылан басын көтеріп.

-Сен менің балапандарымды жемексің,қалайша мен саған жол бермекпін?Жоқ,ол болмас

- Онда өзіңді жеймін

-Жей алмайсың

-Не дейсің?Бозторғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген?

- Кім естісе,ол естісін.Мен балаларымды тастап кете алмаймын,

одан да өзімнің өлгенім жақсы

- Онда кел бері,түс аузыма

- Аш аузыңды

Жылан аузын ашып,көзін жұмды.

Бозторғайға керегі осы еді,жыланды шап беріп екі аяғымен басынан мықтап бүріп , жерден іліп әкетті.Жылан торғайды орап алмақ болып ,жиырылып әлектеніп көріп еді,ештеңе шықпады.

Бозторғай шырқай көтеріліп,тү-у биіктен жыланды жайпақ тастың үстіне тастап жіберді.Содан соң жер бауырлай ұшып,оның парша-паршасы шықаннын көрді де, жөніне кетті.

Бозторғай бұл ерлікке балапандары үшін барған еді.(168сөз)
...