+2 дауыс
1.6k көрілді

Тісті қалай ағартуға болады?

7 жауап

0 дауыс

Тісті зубный пастаның үстіне ас содасын қосып тісіңді күніне 2рет жу сол кезде ағарады.

көп қолданса эмальды құртатын шығар
0 дауыс
http://aikarakoz.kz/?p=1218 мұнда біраз ақпараттар бар екен.

Үйде тісті қалай ағартуға болатынын білесіз бе? Әркімнің тіс дәрігеріне барып, тісін ағартуға шамасы келе бермейді. Арнайы мамандарға тісті ағартқаннан кейін де 1-3 жыл ішінде тістің реңі өзгере бастайды. Сондықтан стоматологтар қайталама курстардан өтуді ұсынады. Бірақ, үй жағдайында да тістеріңізді ағартып алуға болады.

[Тісті қалай ағартуға болады?]

Тіс түсінің өзгеруіне не себеп болады?

Құрамында бояғыш заттар бар тағамдар (мысалы кофе, шай) қолдану;
Темекі шегу;
Жүйелі аурулар (флюороз);
Бір тістің зақымданып, тіс тамырларын емдеудегі асқынулар.

 

 

Үй жағдайында тісті тазарту:

Кәдімгі ас содасы тісті ағартатын құрал ретінде халық емінде кең таралған. Тіс жуатын щеткаңызды ас содасының ерітіндісіне батырып, тісіңізді ысқылайсыз. Тісіңіз демде әппақ болып шыға келеді. Алайда ас содасының үйкелуінен қызық иек ауырып қалады. Өйткені, ас содасы тіс эмалінің жоғарғы қабатын сыдырып алады. Егер тісіңізді ас содасымен айына бір реттен көп жусаңыз, тісіңіздің эмалін тез құртып аласыз. Тісіңіз ыстыққа да, суыққа да тез әсер алып, сезімтал болып қалады.

Тісті ағартушы тіс пасталары да ас содасы сияқты, құрамында тістің түсіне әсер ететін ферменттер мен абразивтер бар. Мұндай тіс пасталарын көп қолдануға болмайды. Өйткені, эмалдың сезімталдығы арта береді. Тіс пасталары жақсы болғанмен, күткен нәтиже болмайды.

Сутек тотығы (перекись водорода) – арзан әрі тиімді құрал. Оны қолданғанда қызыл иек ашып, бір түрлі әсерлер болуы мүмкін. Бірақ, нәтижесінде тістеріңіз маржандай әппақ болады. Нәтижеге бірнеше апта өрпей жатып-ақ қол жеткізесіз. Сутек тотығын қолданғанда ол аузыңызға түсіп кетсе, қорықпаңыз, бастысы, жұтпасаңыз болды. Сутек тотығымен тістеріңізді әдеттегідей тазартып, бір минут ішінде аузыңызды шайыңыз. Сосын түкіріп тастап, жылы сумен шайыңыз. Немесе сутек тотығына мақтаны батырып алып, тісіңізді тігінен, көлденеңінен ысқылаңыз.

Құлпынай мен қойбүлдірген (земляника): құлпынай мен басқа да жеміс-жидектердің тісті керемет ағартатынын көп адам біле бермейді. Бұл жеміс-жидектердің құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан, артынан тісіңізді құрамында фтор бар тіс пастасымен жуыңыз. Жеміс-жидектерді тісіңізге суы шыққанша тигізіп тұруыңызға немесе ысқылауыңызға болады.

Үйде дайындалған тіс пастасы. Тісті үй жағдайында ағартудың ең тиімді жолы – өзіңіз дайындаған тіс пастасы. Ас содасы, сутек тотығы, ас қасық тұз бен кішкене көлемдегі тіс пасын араластырып, әдеттегідей тісіңізді жуып жүріңіз.

Икер, біреудің жауабын ұрлама!
0 дауыс

Тісті кунде дурыс жуу керек)

0 дауыс

Мен өзім қолданып жүрген әдісімді айтайын.Шұғыл бір жерге барарда осыны қолданамын.Ас содасы мен тұзды алақаныңа салып оған біраз суланған мақтаны тигізіп ,сонымен сүрту керек.Оны тағы щеткамен  жуу керек.

0 дауыс

sonda to4no agaramane?

+3 дауыс

Жарнамалардағы "отбеливающая зубная паста" деп мақтап жүрген тіс пасталарының құрамында майда құмдар болады. Олар тістің эмалін құртады. Тісті ағарту үшін езілген борды пайдаланған жақсы нәтиже береді. Қатты алманы әбден шайнап жеу де тісті ағартады. Артынша ауызды жылы сумен шаю керек.

0 дауыс
Тісті лимон қабығымен ысқылауға болады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
7 жауап
+1 дауыс
4 жауап
+1 дауыс
5 жауап
+1 дауыс
2 жауап
...