+1 дауыс

Горчичникті (қыша қағазын) қалай пайдаланады? Оны қандай ауруларға қолданады?

30.01.2014 8.7k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қышаны мына ауруларда қолданады : -Тыныс алу жолдары мен кеңірдектің ішкі кілегей қабығы қабынғанда, өкпеге салқын тигенде, бронхитте, стенокардияда. Қышаны қай кезде қолданбайды : тері ауруларында, қызу 38 градустан жоғары көтерілгенінде, ісік ауруларында, өкпеден қан кеткенінде, терінің сезімтал-дығы кенеттен төмендеген-де, жойылғанда. Қыша басу : Ыдысқа жылы су (40-45 градустағы) құяды.Қыша қағазын жылы суға малады, одан алып теріге басады. Сырқаттың үстін жылы орамалмен немесе жамыл-ғымен жабады.10-15 минуттан соң денедегі қышаны жайлап алып тастайды.Жылы суға малынған орамалмен қыша басылған жерді сүртіп, денедегі қыша түйіршіктерін кетіреді, сосын сырқаттың үстін тағы да жылы жабады.
30.01.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы