+2 дауыс
14.7k көрілді

Алма жемісінің зиян жағым мен пайдалы жағы қандай?Алма жемісін қай ел шығара бастады?Қай жылдары?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Алма мен алма шырыны адамның тісіне айтар­лықтай зиянын тигізеді. Мұндай күтпеген жаңа­лықты Лондон корольдік колледжі­нің Стоматология институ­ты­ның ортопедтері ашты.

The Daily Mail-дың хабар­лауынша, мамандар алманың адамның тісіне зияны газдалған сусындарға қарағанда, төрт есе жоғары екенін анықтаған. Адам алма жеп отырғанда жемістің қышқылы тістердің сапасын бұзып үлгереді екен. Бұл жайт 18 бен 30 жас аралығындағы 1000-нан астам адам қатысқан зерттеу барысында бел­гілі болды. Алманы сүйіп жейтін ерік­тілер арасында тіс дентинінің бұзылу қаупі 3,7 есе жоғары болып шықты. Зерттеу нәтижесінде, маринад­талған пияз бен грейпфруттың, кері­сінше, тіске зияны жоқ екені анық­талды.

Жеміс-жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме? 

Алманың құрамында А,С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. 

А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. 

В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1-ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. 

В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. 

Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. 

С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. 

Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. 

Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. 

Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. 

Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. 

Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет. 

Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. 

Алманың отаны — Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін. 

Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады. 

 

мына жаман ғой және өтірік алмада сонша көп дәрумен жоқ және алмада ешқандай пайда да зиянда жоқ,
Акмарал апай отирик айтпа
+1 дауыс

зияны жоқ, пайдасы көп. Мен алманы тісті ағарту үшін ғана жеймін

+1 дауыс

алма жемісін жумай жесең зиян ішшеке микроп түседі, алманың құрамында темір бар алма адамға пайдалы

 

+1 дауыс

Барлық жемістердің арасында адам организміне ең пайдалысы - алма.

0 дауыс
Наоборот тиске пайдалы деп естидим гоц
0 дауыс
Мен ес былгелы алманы оте катты жаксы коремын куныне кемынде 2 кг га дейын жеп коям. Казыр жасым 21 де аузымда тыстерымнын кобысы ауру екенын байкап журмын. Казырде алманы катты жаксы корем. Бырак тыстерым нашарлап кобысы курттып жулдырып тастадым. Сондыктан бул акпаратка сенемын.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
11 жауап
...