0 дауыс
11.9k көрілді

Осы күнге дейін тәуелсіздігін алмаған мемлекет немесе ел барма?Ол мемлекеттер қай елдің қол астында?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

қалжыңыңызба ? Көп қой ! Мысалы : Көршілес Өзбекстандағы Қарақалпақстан Автономиялық Республикасы , Ресей Федерациясының құрамындағы қаншама елдер : татар , шешен , ингуш , дағ , чукча , башқұрт және т.б , Қытай Халық Республикасының құрамындағы Шыңжаң - Уйғыр автономиясы , Тибет автономиясы , Қазақ автономиясы ..

Ал алыс шетелден Ұлыбритания құрамындағы скот , уельштіктер ,Испан корольдігінің құрамында Каталон , Басктер. Ирандағы Әзірбайжандар , Түркия Сирия және Ирак құрамындағы Күрдттердің тіпті жері жоқ .

+3 дауыс

Әрине. Тәуелсіздігін алмаған елдер біршама. Мысалы: Татарлар, Шешендер Россия мемлекетінің қарамағында.

0 дауыс
Көп қой мысалы: Шешенстан, Татарстан Ресей Федерациясына бағынады.
Шешенстан дейсің ба? Шешендер өте аз ұлт, олар егер 10 миллион болса басқаша болар еді. Шешендер  қағаз жүзінде тәуелді мемлекет болғанымен, іс жүзінде тәуелсіз ел. Шешенстанда тек шешен тілінде  сөйлеседі, оларда басқа ұлттар бас көтере алмайды. Өзінің ана тілінде сөйлейтін елдер нағыз тәуелсіз елдердің қатарына жатады.
0 дауыс
Қағаз жүзінде егемендік алғанымен, іс жүзінде тәуелді елдер де бар, әлі ресейге жалтақтап отырған. Оны білу оп-оңай, ол елдер өз ана тілдерінде емін-еркін сөйлеп, іс жүргізе  алмайды. Бұндай елдер аты тәуелсіз болғанымен заты құлдық санада. Ең қиыны сол екен.
0 дауыс
Өзбекстан астинда карақалпақистан ресей астинда дагизистан

Ұқсас сұрақтар

...