+2 дауыс
2.8k көрілді

Сіздерге қандай жыл мезгілі ұнайды және айырмашылығы пайдасы мен зияны?

6 жауап

+1 дауыс

Маған  жаз  мезгілі  ұнайды.Сабақ  бітіп  демеалысқа  шығатын  уақыт.Жазда  балдармен  балыққа  барып,шомылып  бір  сергіп  қайтасың.Жазымен  қауын-дарбызға  тойасың.Азанымен  сағат  7-де  тұрып  жүгіріп  қайтасың.Және  күн  ұзақ  болады.Әрі  ұзақ  болғанымен  қатар  қызықты  болады.Маған  жаз  мезгілі  осысымен  ұнайды.

+1 дауыс

Маған жаздың аяғы мен күздің басы ұнайды, тамыз-қыркүйек айлары. Күн ыстық емес, жеміс-көкөністердің мол кезі.

+1 дауыс
Маған мектепте жүргенде Күз ұнамайтын. Қазір ұнайды.
+1 дауыс

Маған Жаз, Күз, Қыз, Көктем мезгілдері ұнайды, қалғандары ұнамайды.

Жазда еркін демалыста қиналып жұмыс істейсің, Өзім сол мезгілде туылғанмын

Қалжыңғо............
+2 дауыс
Маған көктем мезгілі ұнайды!Тазалықтың,жаңарудың белгісі!
0 дауыс
Меніңше, төрт мезгілді бірдей жақсы көру керек! Әр мезгілдің өз қызығы бар емес пе!? Қыста қар атысып, аққала жасап, шанамен сырғанаймыз;бұл ең суық мезгіл, яғни суыққа төзу арқылы мықты болып, шыңдана түсетіндейміз. Көктемде егін егіп, хош иісті гүлдердің иісімен рахаттанып,ең жақсы мерекелерді атап өтеміз(8-Наурыз, Жаңа жыл(Наурыз),соңғы қоңырау);бұл мезгілде жаман энергиямен қош айтысатын сияқтымыз. Жазда суға шомылып, демалғанға не жетсін! Бұл мезгілде көп күлеміз, шаттанып, қуанамыз, яғни ұзақ өмір сүруімізге жағдай жасаймыз,күлкі өмірді ұзартады дейді ғой!Күз көкөністер пісіп, егін жинау науқаны басталады;күзде жапырақтар сарғайып жерге түсетіндей, біз де бойымыздағы уайым - қайғыдан арылатындаймыз.

Қазақстанда тұратындар мақтаныңдар, қуаныңдар! Біз төрт мезгілдің де қызығын көре аламыз! Ал кейбір елдер қысты қарсыз, аптап ыстықта өткізсе,кейбірлері жазды мұз бен қар ортасында өткізеді...
...