+3 дауыс
3.1k көрілді

Мен кіммін? Қайдан келдім? Қайда бара жатырмын?

Бұл сұрақтар әрбір ақыл-есі бар адамды ойландыруы тиісті болған сұрақтар.

Бұл сұрақтарға әркім көкейдегі сөздерін қосса?

4 жауап

0 дауыс

Әр адам бұл сұраққа әртүрлі жауап береді . Менің жауабым былай болмақ:

1. Мен - адаммын . Жәй адам емес осы дүниенің бір бөлшегі. Мен біреуге керекпін және мен осы дүниені өзгертуге өз үлесім бар.

2. Мен қарңғы түнектен шықтым. Ол түнектен тек анамның шашқан сәулесі арқылы шықтым . Егер ол сәулесін шашпаса мен түнектен шықпас едім, менің көзім ашылмас еді.

3. Мен жұмаққа бармақпын. Одан әрі белгісіз. Негізі менің жолым - шексіз.

Аллах разы болсын!
Сізге де разы болсын)))
0 дауыс

Сен адамсың , Әкеңнің ішінен келдің , Өлімге 

+1 дауыс

Бұл философияның басты сұрақтары ғой. Абай атамыз айтқандай "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан".

0 дауыс

1. Мен жолаушымын, яғни саяхатшы. Ал осы өмір бір аялдама. Мен бұл өмірден, аялдамада автобусқа мінгендей кетіп қаламын.  

2-3. Қазақтар адам қайтыс болғанда, "өлді" деп айтпайды, "қайтты" дейді. Яғни келген жағына қайтты деген мағынады. Барлық адам бір Алланың алдына қайтады. 

...